Kyzylorda-news.kz.  Жаңақорған ауданында техникалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Өйткені,  ауданда өндіріс орындары мен шағын зауыттар өте көп. Сондықтан, мектеп бітірушілер түлектер осы салаға бейім келеді. Бұл жағдайда аудандық аграрлы-техникалық колледж жастарға мол мүмкіндік беруде. Бұл жөнінде колледж директорының міндетір атқарушы Дәулетхан Тұрсынхожаев жауап берді.

 2005 жылға дейін студенттер 6 мамандық бойынша білім алса, қазіргі таңда олардың саны 19-ға толықты. Оқу кабинеттері мен зертхана, шеберханалар саны артып, практикамен қатар теориялық жүйе де қатар жүруде. 4зертхана, 6 шеберхана бар. Оның ішінде, «Токарьлық ісі және металл өңдеу» мамандығы бойынша «Станок жұмыстары» шеберханасы, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша , «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» шеберханасы бар. Сол секілді, «Тігін», «Пісіру жұмыстары», «Тамақ дайындау», «Техникалық қызмет көрсету» шеберханасы да сабақ жүзінде жүзеге асуда.

«Бізде «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән кабинеті мен зертханасы, «Электротехника», «Таукен механика», «Электронды ақпараттандыру» зертханасы, экономика негіздері кабинеті, өзін-өзі тану, 2 компьютер, 27 оқу кабинеті болса, 14 оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған, 2014 жылы колледждің әкімшілік ғимараты іске қосылып пайдаланылуға берілді. 2021-2022 оқу жылында колледж толықтай күрделі жөндеуден өтіп жылу қазандығы қатты отыннан (көмір) сұйық отынға (табиғи газ) ауысты. Колледж 200 орындық АКТ залы, 160 орындық асхана, 100 орындық жатақханамен қамтылған», – деді Дәулетхан Мадиярханұлы.

Жалпы алғанда колледжде 19 мамандық, 24 біліктілік бар. Яғни, 19 мамандықты игерген студенттер 24 түрлі салаға бейім деген сөз. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану сынды мамандықтар бар. Сол секілді дәнекерлеу ісі, есеп және аудит, есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), жеміскөкөніс шаруашылығы мен маркетинг (салалар бойынша), тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша маан атануға болады. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, эектр жабдықтары, токарлық іс, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, ветеринария және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану мамандығы бар.

Қазір қандай мамандар сұранысқа ие?

Жалпы Жаңақорғанда техникалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Өйткені, біздің ауданда өндіріс орындары мен шағын зауыттар өте көп. Сондықтан, мектеп бітірушілер түлектер осы салаға бейім келеді. Бұл жағдайда аудандық аграрлы-техникалық колледж жастарға мол мүмкіндік беруде. Бұл жөнінде колледж директорының міндетір атқарушы Дәулетхан Тұрсынхожаев жауап берді.

2005 жылға дейін студенттер 6 мамандық бойынша білім алса, қазіргі таңда олардың саны 19-ға толықты. Оқу кабинеттері мен зертхана, шеберханалар саны артып, практикамен қатар теориялық жүйе де қатар жүруде. 4зертхана, 6 шеберхана бар. Оның ішінде, «Токарьлық ісі және металл өңдеу» мамандығы бойынша «Станок жұмыстары» шеберханасы, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша , «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» шеберханасы бар. Сол секілді, «Тігін», «Пісіру жұмыстары», «Тамақ дайындау», «Техникалық қызмет көрсету» шеберханасы да сабақ жүзінде жүзеге асуда.

– Бізде «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән кабинеті мен зертханасы, «Электротехника», «Таукен механика», «Электронды ақпараттандыру» зертханасы, экономика негіздері кабинеті, өзін-өзі тану, 2 компьютер, 27 оқу кабинеті болса, 14 оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған, 2014 жылы колледждің әкімшілік ғимараты іске қосылып пайдаланылуға берілді. 2021-2022 оқу жылында колледж толықтай күрделі жөндеуден өтіп жылу қазандығы қатты отыннан (көмір) сұйық отынға (табиғи газ) ауысты. Колледж 200 орындық АКТ залы, 160 орындық асхана, 100 орындық жатақханамен қамтылған, – деді Дәулетхан Мадиярханұлы.

Жалпы алғанда колледжде 19 мамандық, 24 біліктілік бар. Яғни, 19 мамандықты игерген студенттер 24 түрлі салаға бейім деген сөз. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану сынды мамандықтар бар. Сол секілді дәнекерлеу ісі, есеп және аудит, есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), жеміскөкөніс шаруашылығы мен маркетинг (салалар бойынша), тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша маан атануға болады. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, эектр жабдықтары, токарлық іс, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, ветеринария және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану мамандығы бар.

Расында, жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан - тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіп, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.

Бүгінде қажетті мамандықтар – энергетик, құрылысшы, геолог, радиотехник, инженер, агроном және т.б. Расында, қарапайым кәсіпті меңгерген кәсіптің иелері азайып кетті. Мұның негізгі себебі, ата-ананың талабы өз перзентін талапқа сай етіп «заңгер, мұғалім, дәрігер» болуға үгіттейді. Аталмыш мамандықтарға кадрлардың тым көптігінен жұмыссыздық мәселесі туындауда. Сондықтан, әрбір ата-ана мамандық таңдарда баласын «Заман сұранысына сай, ертеңгі күні сол нәпақасын тауып жей алатын мамандықтарға» баулығаны абзал.

Осы тұста, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Осы бағыттағы аудандық аграрлы – техникалық колледждің жұмысы ерен. Әсіресе, құрылысшы мамандығы үлкен сұранысқа ие. Бұл аудан экономикасын көтеруге едәуір дем берері хақ. Көк аспанмен таласқан зәулім сарайлардың кірпішін қалап, жол салып, көпірмен жалғап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға үлес қосып жүрген құрылыс саласының мамандарын нағыз еңбек адамы деп атауға болады. Біздің елімізде бұл мамандыққа сұраныс өте көп. Алайда, осы мамандықты игеріп жатқан жандар өте аз. Біздің ауданымыздағы кәсіптік колледже «құрылысшы шебері» мамандарын даярлап, елдің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Бұл бағытта колледж базасына жаңа технологиялар алынып, жаңа жүйе аясында жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. Студенттердің құрылыс саласына қызығушылығын арттырып, білікітілігін шыңдау мақсатында облыстық, республикалық түрлі іс-шаралардан әкірттеріміз жүлделі орындарды иемденіп, аудан атын асқақтатуда. Наурыз айында өзіміздің білім ошағында облыстық «WORLDSRILLS» колледж ішілік жарысына құрылысшы мамандығын дайындап жа¬тырмыз. Колледж директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Тұрсынқожаев, арнайы пән оқытушысы Е.Беркімбаев осында оқып жатқан шәкірттерге білім нәрін сапалы тәжірибесін бөлісуде. Яғни, кәсіби колледж – кәсіптік білімді ғана емес, заманауи мамандықтарды меңгерту жолына да еніп келеді.

Қазақ ойшылдары айтқандай, «Білім¬дінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп». Расында, білімі бар адамды жарқын да жарық болашақ күтеді. Ал жарқын болашақ иесі – бүгінгі жаста.  Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» деп, қазіргі заманда техника мамандықтарын меңгерудің қажеттілігін нақты айтып өтті. Олай болса, ертеңін ойлар бүгінгі жас түлек мамандық таңдарда қателеспеуі қажет. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мамандық – әрбір адамның болашағы. Жаңақорған кәсіптік кол¬леджінде «Құрылыс» мамандығы бойынша 25 студент білім алуда. Сондай білімді оқушыларымыздың бірі Ерасыл Серікұлы, Алмат Бектөре, Тұрар Дүйсенбек, Нұрдәулет Мәтеннің мамандықтарына деген ерекше қызығушылықтарын да айта кеткен жөн болар.

Білім берудің қазіргі заманғы негізгі мақсаты кең іргелі, білімді меңгерген, ынталы, бүгінгі оқушы, ертеңгі бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білікті маман даярлау. Осы орайда, колледждің жоғары деңгейдегі материалдық-тех¬никалық базасының қамтылуы арқасында колледж директоры Жомарт Шәуеновтың басшылығымен колледждің құрылыс бөлімінің студенттері түрлі олемпиадалаға қатысып жүр. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Бүгінде ірі жобалардың қолға алынып, сәулеті жарасқан еңселі ғимараттардың бой көтеруі – еліміздегі құрылысшылардың ерен еңбегі деп білемін. Олай болса, қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамай тер төгетін құрылысшылар қашан да құрметке лайық. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында бәсекеге қабілетті білікті маман дайындауда колледж студенттеріне заман көшінен қалып қоймай егеменді еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуларына оқытушылар қауымы да өз үлестерін қосуда.

Тағы да оқыңыз: