Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданы Prime park-те № 1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен "Күн сәулесі кітапта" жобасы аясында "Кім жылдам табады" атты викториналық ойын ұйымдастырылды. Атаулы шараның мақсаты, оқушылардың дүние танымын, білімге қызығушылығын және ойлау ойды жүйелеу қабілетін дамыту. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу. 

Кітап – білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қатар адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады. Кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, озық тәжірибелерді анықтау, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру. Сондай-ақ, кітап адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы екенін ұғындыра отыра, кітап оқуды дамыту.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік бе-лестеріне жетелейтін тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады. 

Осы мақсатта, ұйымдастырылған шара «Жақсы көңіл күй-жанға қуат» тренингінен басталып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.Әдеби кеш жалғасы «Алаш ардақтыларын ұлықтау, «Үш бәйтерек, бес арыс» тақырыбында өрбіді. Ең есте қалғаны, атаулы мектеп театры «Алжир» оқиғасын керемет суреттеді. Атаулы шараға жиналған жандарға ерекше әсер етіп, көңіл толқытты. Атаулы семинардың мақсаты – кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, озық тәжірибелерді анықтау, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру. Сондай-ақ, кітап адамзат баласының баға жатпес асыл қазынасы екенін ұғындыра отырып, кітап оқуды дамытуды назарға алыпты.

Мемлекет басшысы. «Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі», деді. Ал, Хакім Абай: «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге», деп кітап оқудың маңызын мензейді. Иа, кітапхана – ғылым мен білімді, көркем ой құндылықтарын, өткен тарихты ұрпақтан-ұрпаққа жеткі¬зетін киелі шаңырақ. Кітап үйі ықылым заманнан – парасат ордасы, ел мәдениеті мен әдебиетінің ошағы саналады. Өйткені, ұлттың барлық асыл мұрасын сақтаушы, ұлттық құндылықтарды болашаққа бәз қалпында жеткізуші осы мекен. Демек, рухани жаңғыру дәл осы киелі шаңырақтан бастау алары сөзсіз. Атаулы семинар маңызын кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады», деген сөзін кітапхана қызметкерлері жастарға оқып беріп, бір рухтандырып қойды.

Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алғандығын да тілге тиек етті.

Осы тұста, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын Жол картасын дамыту бағдарламасында мектеп кітапханаларын қажетті көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесін тапсырған болатын. Әдетте ақын-жазушылар бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, жастар кітап оқымайды деп жастарды босқа кінәлау әдетке айналғаны жасырын емес. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы мәселені дәл байқап, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолын ұсынғанынан да көпшілікті құлақдар етті кітапхана қызметкерлері.

Сонымен қатар, «Оқулық» орталығының жетекшісі Ғани Бекетайұлы алдағы бес жылға жоспарланған жобада жастарды қызықтыратын төрт бағыт белгіленіп, сол тақырыптар аясында көркем әдебиеттерді шығарып, оны еліміздегі мектеп кітапханаларына таратуды көздеп отырғанын алға тартты. Осы ретте белгіленген төрт тақырып жайында айта кетсек. Бірінші бағытта мойындалған қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының кітаптарын қайта басу көзделсе, екінші бағытта әлем әдебиеті классиктерінің кітаптарын қазақ тілінде сөйлетіп, мектеп жасындағы балаларға қызықты шығармаларды ұсыну қарастырылыпты. Үшінші бағытта қазіргі заманғы талантты жазушылардың шығармаларын кітап қылып шығару қарастырылған. Ал төртінші бағытты ғылыми-танымдық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару жоспарланыпты. Осы бағдарлама іске асқан жағдайда еліміздегі мектеп кітапханаларының қоры жыл сайын 20 пайызға жаңарып отырады екен. Тағы да айта кететін жайт, жоғарыда атап өткен бағыттар бойынша таңдалынып алған туындыларды білікті мамандардан құралған арнайы комиссия сұрыптап, талдағаннан кейін кітап болып басылып шығатынын айта кетуіміз керек.

Жалпы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы сәтті іске асатын болса, еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып, ел арасына кең тарайтыны анық. Бұдан кейін ел арасындағы «жастар кітап оқымайды» деген әңгімеге нүкте қойылатыны анық. «Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы уақытта кітап оқуға құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін маңызды бастама болып тұр.

Орталық коммуникация қызметінде өткен басқосуда «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев бұл жоба аясында мектеп кітапханаларының қорын толықтырудан бөлек, кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту ісіне де айрықша көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті.

– Қазіргі таңда мектеп кітапханаларында оқушылардың кітап оқуына қолайлы оқу залдары жоқ. Алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтыратын боламыз. Бүгінде жаңадан салынған мектептердің өзінде оқу орны қарастырылмаған. Бұл кемшілікті тез арада жоятын боламыз. Оқу залдары безендіріліп, қажетті компьютерлік жабдықтармен жабдықталатын болады. Бұдан басқа мектеп кітапханаларында жұмыс істейтін кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыруды да көздеп отырмыз. Бірінші кезекте оларды аттестациядан өткізіп, айлық жалақысын көтеру қарастырылуда. Бұдан кейін еліміздегі жоғары оқу орындары дайындайтын кітапханашы мамандығының статусын көтеріп, «педагог – кітапханашы» деген мәртебе берілетін болады, – деді Ғани Бейсембаев.

Осылайша, ҚР Білім және ғылым министрлігі көптен бері қоғам назарынан тыс қалған мектептегі кітапханалардың жағдайын жақсартуды алғаш рет қолға алып отыр. Бұл өз кезегінде елімізде ұлтжанды, патриот жастардың санын арттыра түсетін маңызды шара деп есептейтіндерін әрі ел болашағы үшін жасалып жатқан тың жоба екені анық.

Іс-шара соңында келген қонақтар семинардан алған әсерлерін бөлісіп, жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында қолданатындары айтып, алғыстарын білдірді. Сондай-ақ,  шараға келген кітапханашылар мен көрермен қауым арқылы кері байланыс білдіріп, алдағы уақытта бүгінгі семинардан алынған әдіс – тәсілдер мен мәліметтерді өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, тарқасты.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларға салт-дәстүр, әдет- ғұрыпқа байланысты викториналық сұрақтар қойды. Шара соңында жеңімпаздарға алғыс хатпен және сыйлықпен марапаттады.

Тағы да оқыңыз: