Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданында агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – жаңа құс фабрикасының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде «Абдулла» шаруа қожалығы ОО «Союз Пром Птица» мекемесімен бірлесіп, жылына 5,5 мың тонна құс етін өндіретін заманауи құс фабрикасын салуда.

Жаңақорғанда құс фабрикасы ашылады1.jpg

Жобаның жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде инвестор тарапынан 1,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жоба толық іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда құс фабрикасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға аяқталған. Нысанды 2026 жылдың шілде - тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгін аталған нысанның құрылыс барысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы ұйымдастырылған пресс-тур аясында танысып, жобаның жүзеге асу барысын көрді.

Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері жол бойындағы қызмет көрсету кешенінің жұмысымен танысты. 

Жаңақорған ауданында көлік-логистика және сервистік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – Caspian Services Asia ЖШС-нің Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізінің бойындағы «В» санатты жол бойындағы қызмет көрсету кешені.

БАҚ өкілдері жол бойындағы қызмет көрсету кешенінің жұмысымен танысты1.jpg

Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды. Нысан 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

Жоба аясында заманауи талаптарға сай: қонақ үй, қоғамдық тамақтандыру орны, жанар-жағар май бекеті, монша, жолаушыларға қызмет көрсету (автовокзал) бекеті салынған.

Бұл кешен халықаралық маңызы бар автокөлік жолымен қатынайтын жолаушылар мен жүргізушілерге сапалы қызмет көрсетіп, жол бойындағы сервистік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

БАҚ өкілдері жол бойындағы қызмет көрсету кешенінің жұмысымен танысты.jpg

Жаңақорған ауданында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласында табысты жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Саяжай мөлтек ауданында орналасқан жеке кәсіпкер Наурыз Айымбетовтің жылыжай шаруашылығы.

Кәсіпкер 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3,9 млн теңге көлемінде қаржы алып, кәсібін өз үйінің ауласынан бастаған.

Жобаның нәтижелі жүзеге асуының арқасында 2025 жылы аудан әкімдігі тарапынан «Саяжай» мөлтек ауданынан 1 гектар жер телімі берілген.

2026 жылы кәсібін кеңейту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген 9,8 млн теңге несие алып, жылыжай жұмысын жаңа деңгейге көтерген.

Жаңақорғанда «Ауыл аманаты» аясында жылыжай шаруашылығы дамуда1.jpg

Қазіргі таңда жылыжайда: қияр, қызанақ, болгар бұрышы өсірілуде.

Өндірілген өнімдер аудан аумағындағы сауда орындарына тұрақты түрде жеткізіліп, тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуде.

Өнімге деген сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жылыжай аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бүгін аталған нысанның жұмысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы танысып, мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесіне куә болды.

Жаңақорғанда «Ауыл аманаты» аясында жылыжай шаруашылығы дамуда.jpg

Жаңақорған ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Еңбек, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық және Екпінді елді мекендеріне жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгін аталған жобаның жүзеге асырылу барысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы танысты.

Жаңақорғанда 5 елді мекенге жоғары қысымды газ құбыры тартылуда1.jpg

Жобаның жалпы құны 250,584 млн теңгені құрайды. 2026 жылға республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – Сырэнергогазстрой. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың 20 сәуірінде басталды.

Бүгінгі таңда 4,4 шақырым газ құбыры тартылды, 5 дана газ тарату пункті жеткізіліп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жалпы 7,7 шақырым жоғары қысымды газ құбыры жүргізіліп, 5 дана ГРПШ орналастырылады.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 50 пайызға орындалған. Нысанды 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Аталған жобаның жүзеге асуы нәтижесінде 5 елді мекендегі 6251 тұрғын табиғи газдың игілігін көріп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Жаңақорғанда 5 елді мекенге жоғары қысымды газ құбыры тартылуда.jpg

Тағы да оқыңыз: