Kyzylorda-news.kz. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту-заман талабыҚұрметті әлеуметтік желі қолданушылары, оқырмандар!Баршаңызға белгілі, осыдан 20-30 жыл бұрын екінің бірі тракторист, дәнекерлеуші, диқаншы, наубайханашы яғни кәсіпті меңгерген мамандар көп болды. Яғни, керісінше цифрландыру және ақпараттық техникалық құралдармен жұмыс жасай білетін мамандар өндіріске жетпей жататын. Ал, қазіргі заман талабы мүлдем басқаша.
Осы ретте Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде де жұмыссыздық мәселесіне сай, ертеңгі күні жастардың жұмысқа тұруына оңай болуы үшін біршама өзгерістер енгізілуде. Білім беру процесінің жаңа технологияға бейімделуінен бөлек, «Жас Маман» жобасы бойынша 2023 жылы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу-техникалық база, заман талабына сәйкес қажетті құрал-жабдықтар түбегейлі жаңартылу жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша заман талабына сәйкес оқу-техникалық база құрал жабдықтармен толығымен жабдықталып отыр.
Қарапайым кәсіпті меңгерген кәсіптің иелері азайып кетті. Мұның негізгі себебі, ата-ананың талабы өз перзентін талапқа сай етіп «Заңгер, мұғалім, дәрігер болуға үгіттейді. Аталмыш мамандықтарға кадрлардың тым көптігінен жұмыссыздық мәселесі туындауда.Енді нарық сұранысына тоқталсақ, тау-кен, мұнай, газ, электроника, техника, заманауи гаджеттерді меңгерген нағыз іскер мамандар бойынша бос жұмыс орындарын табу оңайға соғады.Тек кәсіби, өз ісін жетік меңгерген мамандар қажет. Сондықтан, әрбір ата-ана мамандық таңдарда баласын «Заман сұранысына сай, ертеңгі күні сол нәпақасын тауып жей алатын мамандықтарға» үгіттегені абзал. Әрине, мұндай іскерлікке баулитын мамандықтарды кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан дәріс ала алады.Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде де жұмыссыздық мәселесіне сай, ертеңгі күні жастардың жұмысқа тұруына оңай болуы үшін біршама өзгерістер енгізілуде. Білім беру процесінің жаңа технологияға бейімделуінен бөлек, «Жас Маман» жобасы бойынша 2023 жылы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу-техникалық база, заман талабына сәйкес қажетті құрал-жабдықтар түбегейлі жаңартылу жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша заман талабына сәйкес оқу-техникалық база құрал жабдықтармен толығымен жабдықталды. Ал, «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар алдағы уақытта жеткізіліп, оқу техникалық база толығымен жабдықталатын болады.Студенттерді нағыз іскер етіп шыңдау үшін практикаға баса мән беріліп, қажеттіліктер толықтырылуда. Алдағы уақытта «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында колледжіміздің білім алушылары жүлделі орын алады деген сеніміміз мол.Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауларында «Кәсіпті меңгерген мамандар өндірісте өте тапшы екенін, осы мамандықтар аясында жастарды тереңнен оқыту қажеттілігін, бүгінгі заман талабы – кәсіпті және техниканы меңгерген мамандар болуы тиіс делінген.Белгілі бір напахамен күнелтіп отырған мемлекеттік қызметкердің жалақысынан, тәуелсіз, өз алдына жұмыс жасайтын электр жабдықтарын жөндеу мамандарының табысы жоғары. Бұл – бүгінгі күннің басты шындығы. Токарь, дәнекерлеуші, электрик, мал дәрігері сынды мамандарды іздеп тауып, жұмысымызды ұсынатын күнге жеттік.Сондықтан, өндіріс пен техникаға бейімделген мамандықтар аясында жастарды тәрбиелесек, кәсіп саласы ауданымызда едәуір дамитыны ақиқат.Сөз соңында, барша бітіруші түлектерді, келешек маман иелерін Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен білім алуға, арнайы шәкіртақы алып, студент атануға шақырамыз. Аудан айнасы саналған кәсіптік колледж Сіздерді жан-жақты маманданып шығу үшін әрқашан дәріс беруге дайын!
Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдаған Жолдауы – өркендеуге ұмтылған өміршең елдің саяси бағыт-бағдары болуы тиіс. Біз де бұл Жолдауды тағатсыздана күтіп, жақсы ниетпен қабылдадық. Бүгінгі қазақстандықтардың игілігіне қажет крийтерийлерді басты назарға алған Үндеуді іс жүзінде шындыққа айналдырсақ қоғамдағы кереағарлықтан арылатынымыз анық. Әсіресе білім мәселесіне терең тоқталып, кәсіптік білімге назар аударған ұлт Президенті сапалы кәсіби маман даярлауды негізге алыпты. Мұны аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы да қолдап, кәсіптік колледждің әлеуетіне, келешегіне сенім білдіруде. Әрине бұл біз үшін тың серпілістің жолы болмақ.
Қасым Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімін де білім саласын бірінші орынға қойды. Жұмыссыз жастар мен маргиналдардың санын азайтудың тиімді тетігі – кәсіптік білімде екенін атады. Сондай-ақ техниканы меңгерген кәсіби мамандар тапшы екенін сөз етті. Үкіметке дарынды баланың қабілетін танытатын жол картасын әзірлеуді тапсырды. Мұндай тегеурінді талапты жүзеге асыруда кәсіптік білім ордаларына артылар жауапкершілік жоғары. Жолдауда айтылған пәрменді басты қағидаға айналдырған аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы да алғашқы танысу сапарын аудандағы дара кәсіптік оқу орны «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен» бастаған болатын. Білім ордасына кіргеннен-ақ, «Бүгінгі заман талабы – сапалы азамат, сапалы кадр даярлау. Біз – бұрынғы ескі технологиямен емес, заманауи цифрлы технологияның көмегімен шәкірттерді сусындатып, жаңа бағытта жұмыс жасауымыз» керек деп нақты тапсырмалар берді. 1967 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген оқу корпусы мен жатақханасының жаңадан салынуына немесе күрделі жөндеуден өтуіне күш салу керектігін, қажетті құжаттарды топтастырып, жоба-сметасы жасалу керектігін тапсырды. Тиісінше, аудан әкімдігі тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Аудан басшысының мұндай тың идеялары мен қолдауы біз үшін оң көзқарас қана емес, жұмыс жүйесіне тың серпілістер болды деп айтуға болады. Алдағы уақытта пәрменге сай жаңа заманның жаңа технологиясын меңгерген кәсіби кадрын даярлауға күш салатын боламыз. Ол үшін жоспарлы жүйе аясында жаңа жұмыстар жасалынуда.
2016 жылдан бері колледж «Дуалды оқыту технологиясын» тек эсперимент ретінде қолданса, 2018 жылдан бері «Дуалды оқыту» жүйесіне көштік. Яғни бұған дейін шәкірттердің көп уақыты теориямен, лекциямен өтсе, бүгінде 60 пайыз практикаға мән беріледі. Студенттер оқу орнында білім ала жүріп, арнайы зертханаларда жұмыс жасайды. Бүгінде 18 түрлі мамандықтан 44 түрлі біліктілікті меңгеруге мүмкіндік бар. Мәселен, студенттер «Аспазшы», «Даяшы», «Референт-хатшы», «Жер-асты тау-кен жұмысшысы», «Жер асты қондырғыларының машинисі», «Сығымдағыш қондырғыларының машинисі», «Токарь-егеуші», «Дәнекерлеуші», «Электр газымен дәнекерлеуші», «Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер», «Автомобиль электр жабдықтарын жөндейтін электрик», «Автокөлікті жөндеу слесары», «Тігінші», «Модельер-тігінші», «Электронды есептеуіш машинасының операторы» «Техник-программист», «Тас қалаушы», «Құрылыс шебері», «Сылақшы», «Бояушы», «Қаптап-жалтыратушы», «Слесарь-сантехник», «Бухгалтер», «Машинамен сиыр сауу операторы», «Жеміс-көкөніс өсіруші», «Сатушы», «Ағаш өндірісіндегі тракторист-машинист», «Автомобиль жүргізуші», «Ветеринар» сынды біліктілікті алып, маман ретінде қалыптасады. Дуалдық оқыту жүйесіне енудің студенттер үшін тиімділігі зор. Колледж қабырғасында оқып жүріп, практикалық тұрғыда іскерлігін таныта отырып, компанияларға немесе жеке кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа қабылдануға мүмкіндік алады. Биылғы жылдың басты жаңалығы – 27 станокты «Тігін цехы» өндіріс үшін жұмысты бастап кетті. Яғни тігін мамандығында оқитын студенттерге оқытушылар сабақты цехта өткізіп, тігін тігу әдістерін іскерлік тұрғыда меңгертіп қана қоймай, кәсіпкерлік бағытта әр түрлі бұйымдарға тапсырыс қабылдап, жұмыс жасайды. Сондай-ақ 200 адамға арналған асхананың жөндеу жұмыстары толық аяқталса, аспаз мамандығындағы оқытушылар мен студенттер бірлесе кешенді астарды пісіріп, түрлі кондитерлік өнімдер шығармақ. Бұл – Дуалдық оқыту жүйесіне берілген басымдық. Мұндай идеяға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова да өз қолдауын танытып отыр. Бұдан бөлек, кәсіптік тұрғыда шыңдайтын арнайы зертханалар бар. «Трактор және автомобиль», «Автомобиль тренажер», «Пісіру жұмыстары», «Станок жұмысы», «Техникалық қызмет көрсету», «Электронды ақпараттандыру», «Автоэлектрик» сынды зертханаларда Өндірістік оқыту шеберлері студенттерді іске баулиды. Мәселен, колледжге тиесілі «СТО» яғни машина жөндеу орталығында студенттер кәсіби шыңдалып қана қоймай, қосымша қаражат табуға мүмкіндік алады. Бұл – ерте кезден жұмысқа араласудың, өз ісінің маманына айналудың тиімді бағыты.
Аудан басшысы білім ордасына табан тіреген сәтте «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» тек ауданға қажетті маман даярлаумен шектелмеуі тиіс. Күллі республиканың түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын білікті маманға айналуы тиіс», деген болатын. Мұны басшылыққа алып, алдағы уақытта педагогикалық мамандықтарға да басымдық берсек деген жоспар бар. Мәселен аудан спортының дамуында колледж оқытушыларының да еңбегі еселі. Жетістіктер де жоқ емес. Сондықтан, «Дене шынықтыру» мамандығын ашып, кәсіби оқытушы даярламақпыз. Алдағы желтоқсан айында колледж «Аккредиттеуден» өту жоспары тұр. Келешекте «Жоғары колледж» статусын иемдену үшін де жұмыс жасаймыз.
Жаңа оқу жылы – жаңа жобаларға сеп болуда. Жылдан жылға оқуға түсуге ынталылар саны артып келеді. Оның 150 – Мемлекеттік тапсырыс аясында, 85 – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы негізінде. Міне, осындай мемлекеттік қолдаулардан-ақ, келешек – кәсіпті меңгерген мамандардың қолында екенін ұғуға болады.
Олай болса, Президент Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай «Ашықтық пен жариялылық» біздің басты бағдарымыз болуы тиіс. Өз ісінің қас шеберіне айналған, сұранысқа сай маман даярлауда жұмыла жұмыс жасайық. Жаңа оқу жылы барша педагогтар үшін толағай табыстарға толы болсын!