Kyzylorda-news.kz. 25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға беріліп, елді қуанышқа бөлеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті Жаңа Қазақстанды құру идеясы аясында ауқымды шаралар атқарылуда. 

«Барша жерлестерімді қайта оралған ұлттық мерекеміз - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Араға 13 жыл салып, Президентіміздің Жарлығымен Республика күні Ұлттық мереке болып халықпен қайта қауышты. Бұл тарихи мәні жоғары, идеологиялық салмағы ерек айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азамат үшін маңызды», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Аймақ басшысының тікелей бастамасымен және демеушілердің қолдауымен Балалар жылына орай Қызылорда облысында 80 ойын алаңының 10 ойын алаңы Жаңақорған ауданында салынуда. Онан бөлек, Жаңақорған кентінде көркейту - абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының тумасы, белгілі меценат М.Ысқақовтың қаржылай демеушілігімен кент орталығынан жаңа демалыс саябағы ашылып, пайдалануға берілді. 

Аудан орталығында алыстан көз тартып, «мен мұндалап» тұрған алып құмсағат бой көтеріп, Республика күніне орай Жастар аллеясы ашылды. 

спорт.jpg

Тағы да оқыңыз: