Kyzylorda-news.kz Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп бүршік жарған ерте көктемде шыбық қадап, тал отырғызу – сансыз сауапқа кенелтетін іс. Өйткені ол егілген өскіннің күтімі болса күні ертең жапырағы саялы дараққа айналып, жазда көлеңке, қыста пана болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. Наурыз айында осындай мақсатта Жаңақорған ауданында  тал егу дәстүрі жүйелі жалғасын табуда. Бұл игі шараға аудан басшысы алдымен өзі бастап дем берді.

Көктем шығысымен кент ішін жасыл желекке айналдыруды мақсат етіп, мемлекеттік мекемелер, мешіттерді тегін жас көшеттермен қамту дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Жалпы, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты «Ордакент» тұқым бағында өрік, үйеңкі, қара ағаш, жиде, катальфа, сексеуіл, шаған, алма, туя көшеттері меншік нысанына қарамастан аудан тұрғындарына беріліп келеді. Көгалдандыру бағытында көшеттер қажет болған жағдайда орман шаруашылығы мекемесімен келісімшартқа отырып, қолма-қол не банктік аудару жолымен төлем қабылдау да қарастырылған.

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 19 наурыз – Жаңару күні болып белгіленді. Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі ұсынылды. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.

Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Арық-атыздарды тазалап, тал-дарақтар отырғызу – ежелден келе жатқан дәстүр. Осы орайда, Жаңақорғанда «Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – мемлекет дамуындағы жаңа кезең» ұранымен экологиялық акциясы өтті. Акцияға Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков, мекеме ұжымдары, аудан жастары мен аудан тұрғындары қатысты. Бұл жолы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы АҚ-ның 60 жылдығы саябағына аудандық филиал қызметкерлері, яғни электр тарату жүйесі мекемесінің барлық қызметкері жиналды. Бұл саябақты тіктеуге аудан жастарының да қолтаңбасы қалды.

Аудан басшысы алдымен жылы лебізін білдіріп, қасиетті іске сәттілік тіледі. Бұл күні жалпы аудан бойынша терек, қара тал, жеміс ағаштары, үйеңкі ағаштары сынды 2000 түп көшет егілді.

Ендігі кезекте, тақырып ауанын экологиялық тәрбиеге бұрсақ. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» демекші, аулаға ағаш отырғызудың қаншалықты сауапты амал екенін тарқатып көрейік. Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың мұсылмандар қауымын тал отырғызуға үндеген мынадай хадисі бар. «Қандайда бір мұсылман ағаш не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады». Тағы бір өсиетінде: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген. Тереңінен түсінгенге тәлімді тәмсіл жатыр.

Тақырыпқа тұздық болсын. Тарихтан ғибратты әңгіме өрбітсек.

Бірде Аббаси халифаласы Һарун Рашид бір қарт адамның кішкентай жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқан байқап қалады. Халифа оған: «Иа, ақсақал сіз қартайдыңыз. Отырғызып жатқан шыбығыңыздың жемісін көре алмайсыз. Осыны біле тұра, неге бейнетттеніп жатырсың?» – дейді. Сыр бермеген қарт: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды. Біздер жемісін жедік. Енді біз де тал отырғызайық. Жемісін кейінгілер жесін»,–деп жауап қатады. Мұндай жауапты күтпеген Һарун Рашид әлгі қартқа риза болып, қартқа бір уыз алтын береді. Сонда қарт: «Көрдің бе, балам. Бұл тал шыбықтың жемісін міне, мен де көрдім», – дейді. Қарияның сөзіне одан сайын риза болған халифа тағы алтын ұстатады. Қарт Һарунның жүзіне күлімсірей қарап: «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі мәрте жеміс береді» деген екен.

Жасыратыны жоқ, біздің елде көктем, күз айларында көгалдандыру айлығына байланысты ағаш отырғызу науқаны жүреді. Бұқара халық жаппай атсалысады. Осы орайда, бірқатар шет мемлекеттердің тәжірибесін сөз етсек. Көрші Қытай мен Тайвань елінде ағаш егу мерекесі мемлекеттік мәртебеге ие. Яғни, 12 наурыз жаппай тал отырғызу күні. Ал, алып мұхиттың ар жағындағы АҚШ-та 1872 жылдан бастау алған. Сол тұстағы АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрі, белгілі саясаткер Стерлинг Мортон ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік мәртебе берген.

Жақында «Байкен-U» ЖШС өскелең жас ұрпақтың өз туған жерін, қоршаған ортасын сақтауға деген жауапкершілігін, әлеуметтік саналылығын қалыптастыру, қоршаған ортаның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Байкенже, Билібай ауылындағы орта мектептерінде «Экология апталығы» өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар арасында сұхбаттасу, экологиялық насихаттау жұмы¬сы жүргізіліп, оқушыларға «Қоршаған орта¬ны қорғау – балалар көзімен» атты сурет салу, «Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу», «Таза ауыл» туралы эссе жазу тапсырылды. Сондай-ақ қайта өңделетін қалдықтардан (қағаз, пластик) қолдан жасалған іске пайдалы бұйымдар жасау секілді экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыс берілді. Одан бөлек, түрлі конкурстар, мектеп, тағзым алаңдарын көгалдандыру, плоггинг топ¬тық жұмыстары ұйымдастырылды. Плог¬гинг барысында ауылдық округтердің көшелерінен оқушылармен жүгіру кезін¬де айналадағы қалдықтарды жинау эколо¬гиялық акциясы өтті.

Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі №3 арнайы (мүгедектер) балабақшасының ауласына көшет ағаштары отырғызылды. Бұл жоба – экология апталығы, экологиялық қауіпсіздікті, тепе-теңдікті сақтауда экологиялық білім мен тәрбие беруге, белгілі бір аймақта қоршаған ортаны сақтауға оқушылардың өз үлесін қосуға ықпалын көтеруге, ынталандыруға және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыруға бағытталған. Негізгі мақсат – оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге, жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту.

Барлық конкурстың нәтижесі бойынша үздік жұмыстары үшін оқушылар серіктестік тарапынан марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұдан бөлек, «Харасан-2» кенішінде сенбілік ұйымдастырылып, дәл осындай насихаттау жұмыстары кеніш жұмысшылары және олардың балалары арасында да өткізілді.

Адам – табиғаттың төл перзенті. Міне, көктем де келді.Табиғаттың оянуы қардың еруімен, құстардың жылы жақтан ұшып келуімен және бәйшешектердің алғашқы гүлдеуімен жалғасады. Осы кезде қыстың аяқталғанын білдіргендей қардың астынан қыс бойы жиналған қоқыс қылаң беріп, кенттің сәнін кетіреді. Сондықтан да көктемнің алғашы айларында тазалық жұмыстары кеңінен жүргізіледі.

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген тәмсілдің астарында қаншама мән-мағына бар десеңізші. Тек, ісіміз бен сөзіміздің үйлеспей тұрғаны көңілге қаяу салады. Өткен жұма күні Қорасан ата көшесін бойлап келе жатып, шашылған қоқыстарды, желмен ұшып жүрген қызылды-жасылды пакеттерді көзім шалды. Ұяласың! Сенбі күні қайта орталыққа бет алып едім, айнала мұнтаздай тап-таза, көз сүйсінеді. Өйткені кентте кезекті сенбілік өтті. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмысына барлық мекеме қызметкерлері жұмылдырылды. Бұл – керекақ! Бірақ тазалық кент тұрғындарына емес, мемлекеттік қызметкерлерге ғана керек сынды. Осы сенбілікте көкейге осындай ой қонды. Апта сайын өткізілетін сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жанашыр қарым-қатынасын қалыптастыруға және кенттің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталып-ақ келеді. Себебі қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалық табалдырықтан басталады десек, кенттің келісті келбетінің ажарын ашатын тек сәулетті ғимараттар мен жасыл-желек жамылған гүлзарлар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығы. Шыны керек, ала жаздай қоқыспен алысып, күзде қайта ластанған кейіпке енетініміз рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ысырып тастау қисынға келмейді. Әрине олардың бұл тікелей міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге жанашырлық танытуы тиіс емес пе? Ортақ істе бөле-жарылмай, міндетті жауаптыларға ғана арқалатпай, кент тазалығына тұрғындар болып ортақтасатын кез келді. Еш болмаса үй сырты мен аула тазалығына мән берсек, мүмкін болса көшеге де көз қиығын тастап қою нағыз азаматтық іс болар еді. Бұл сөзімізді кент әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбиев те қуаттай түсті: – Кенттің тазалығын ұдайы қадағалап, тиісті жерлерге жауапты адамдарды белгілеп, тұрғындарды бір кісідей тазалықты сақтауға шақыру керек. Осындай нақты іске көшетін болсақ, ауданымыз көркейе береді. Ол үшін мекеме мамандары мен көше комитеттері бірлесе жұмыс істесе деген тілегіміз бар. Өздеріңіз де білесіздер, кент келбеті көркейіп, көшелер кеңейтіліп, орташа жөндеуден өтіп, жарықтануда. Кент тазалығы бірдің емес, көптің ортақ міндеті.

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген тәмсілдің астарында қаншама мән-мағына бар десеңізші?! Әсіресе, індет белең алған шақта тазалық сақтаудың маңызын терең түсіне түстік. Бірақ ісіміз бен сөзіміз үйлеспей тұр. Жұма күні Қорасан ата көшесін бойлап келе жатып, шашылған қоқыстарды көзім шалды. Ұяласың! Сенбі күні қайта орталыққа бет алдым. Айнала мұнтаздай тап-таза, көз сүйсінеді. Сөйтсем, кентте кезекті сенбілік өтіпті. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмысына барлық мекеме қызметкерлері жұмылдырылыпты. Күз бастала тазалық айлығы жарияланады. Бұл – керек-ақ! Бірақ тазалық кент тұрғындарына емес, мемлекеттік қызметкерге ғана керек сынды. Осы сенбілікте көкейге осындай ой қонды.

Апта сайын өткізілетін сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жанашыр қарым-қатынасын қалыптастыруға және кенттің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталып-ақ келеді. Себебі қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалық табалдырықтан басталады десек, кенттің келісті келбетінің ажарын ашатын тек сәулетті ғимараттар мен жасыл-желекке жамылған гүлзарлар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығы. Шыны керек, көктем шықса, ала жаздай қоқыспен алысып, күзде қайта ластанған кейіпке енетініміз рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ысырып тастау қисынға келмейді. Әрине олардың бұл тікелей міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге деген жанашырлық танытуы тиіс емес пе? Ортақ іске бөле-жара қарап, жауаптыларға жауапсыздық арқалатпай, түсінген адамға кент тазалығына ортақтасатын кезі келді. Еш болмаса үй сырты мен аула тазалығына мән берсек, мүмкін болса көшеге де көз тастап қою нағыз азаматтық іс болар еді. Бұл сөзімізді кент әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев те қуаттай түсті:

– Кенттің тазалығын ұдайы қадағалап, тиісті жерлерге жауапты адамдарды белгілеп, тұрғындарды бір кісідей тазалықты сақтауға шақыру керек. Осындай нақты іске көшетін болсақ, ауданымыз көркейе береді. Ол үшін мекеме мамандары мен көше комитеттері бірлесе жұмыс істесе деген тілегіміз бар. Өздеріңіз де білесіздер, кент келбеті көркейіп, көшелер кеңейтіліп, орташа жөндеуден өтіп, жарықтануда. Кент тазалығы бірдің емес, көптің ортақ міндеті. Солай бола тұра сауда нүктелері қаз-қатар орналасқан базар аумағы неше жылдан бері қоқыс қалдығынан көз ашпай келеді. Осы маңда тау болып үйіліп жатқан қоқыстар қадам сайын кезігеді, – дейді жауапты маман.

Кентте жыл сайын тазалық шарасына 64 мекемеден мыңға жуық адам қатысады. Олар кенттің кіреберісінен бастап, барлық аумақта тазалық ісін қолға алады. Сөйте тұра, кенттің тазалығы сын көтермейді.

Жыл басында Павлодар облысының Успен ауданынан шығармашылық байланыс орнату мақсатымен арнайы делегация келген-ді. Олар біздің ауданның тазалығына үркей қарады. Аудандағы тарихи орындарға бірге барғанда, «Жаңақорғанның адамдары сондай жылы, өте қонақжай. Алайда қай жерге барсақ та қоқыс шашылып жатыр» дегені санамда әлі жаңғырып жүр. Бәлкім, біз осы өмір сүріп жатқан ортамызға үйреніп кеткен болармыз. Сонда қонақтарымыз: «Бізде ұшып жүрген целлофан қалталар мен босаған бөтелкелерді көрмейсіз. Көшеге орнатылған арнайы қоқыс жәшігіне тастауды әдетке айналдырған» деген еді.

Ал, бізде керісінше қоқыс жәшігі қойылса, ізбе-із сындырып немесе өз аулаларына қойып алатындар да кездеседі. Содан болар, тазаланған аймақ келесі сенбілікке дейін қоқысқа толып, еңбекті еш ететіні. Бұған халықтың мәдениетінің әлсіздігі басты себеп екені даусыз. Күнделікті өмірде көшеге қоқыс төгу, қап-қап тұрмыстық қалдықтарды жол бойына үйіп қою белең алды. Бәлкім, тазалыққа мән берілмеуінің бір себебі, көше комитеттерінің белсенділігі төмендігінде болар. Кентте 170-тен аса көше болғанымен, 132-сі ғана ресми тіркелген. Осы көшеде 80-ге жуық көше комитеттері нақтыланса, қалғанында енді сайланбақ екен.

Сана тазармай, кент те, дала да тазармайды. Бұл сөз ұдайы айтылып жүрсе де, тұрғындар арасында тазалыққа бетбұрыс бұру байқалмайды. Күл-қоқысты ретсіз тастап, қоршаған ортаны ластау фактілері де жиі тіркеледі. Осыдан қалай арыламыз? Бұл жөнінде «Нұр-Шах» тазалық мекемесінің басшысы Нұрлан Садуақасов:

– Тұрғындар арасында «тазалықты тек тазалық мекемесінің қызметшісі жүргізеді» деген пікір қалыптасқан. Күнделікті тазалық графигімізді жер-жерге іліп, әлеуметтік желіде жария¬ласақ та көп тұрғын қоқысын көшеге беймезгіл уақытта шығарып, оны ит жыртып төгіп, жартысы желмен ұшып, келеңсіз жайтқа әкеліп соғуда. Сондықтан әрбір тұрғын өз көшесінде тазалық күнін біліп сол уақытта қоқысты шығарса, кенттің тазалығы қалыптасар еді, – дейді.

Кенттің келбеті – біздің бет-бейнеміз емес пе? Бұл жөнінде, газетіміздің әрбір нөмірінде жазылып, әлеуметтік желілерде талай мәрте қызу талқыланып жүр. Бірақ, тазалыққа мән беріп жатқанның қарасы аз. Біз кент тұрғындарының тазалыққа байланысты пікірін білдік. Саяжай аумағының тұрғыны Әлия Ибраева:

– Рас, қай көшеге барсаң да үйіліп жатқан бөтелке, баклашка қалдықтары мен ақтарылып жатқан бала жөргектерін көремін. Жел тұрса ұшып, есігіміздің алдына келеді. Кейде таңертең аулаға шығып қалсаң, малдың басы, сирағы сынды заттар шашылып жатады. Қарапайым халыққа айтар едім, жауапты мекемелерден бөлек, әрбір үй тұрғыны өздерінің ауласын таза ұстаса, айналасын жиып-теріп отырса, мұндай олқылықтар болмас еді. Мысалы, өзім үйімнің айналасын күнде жинап отырамын. Есігімнің алды тап-таза болып тұрса, маған да жақсы ғой.

Ал, Қадыр Тағаев көшесінің тұрғыны Әбусейіт Ермекбаевтың сөзінше.

– Ауданымыздың тазалығын айтуға ұяласың. Жауапты мекемелер таң атысымен қоқыстарды жинап, үйіміздің алдынан алып кетіп жатыр. Соның өзінде қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың. Тіпті, өлген ит, мысықтардың иісінен аузы-мұрнымызды жауып әрең өтеміз. Орталық көшелерге қарасам көңілім жайланып, кәдімгідей қуанып қаламын. Айнала мұнтаздай тап-таза, жарықтар жарқырап, әдемі ғимараттар көбейіп келе жатыр. Тек, орталық көше ғана. Шеткі көшелердің барлығы адам шошырлықтай кейіпте. Менің өзімнің көршім бар. Балалары әлі кішкентай. Солардың бұтынан шешкен жөргектерін көшеге лақтырады. Оны ит тартқылап, алба-жұлбасын шығарып, желбіреп жатқаны. Еш болмаса, өз үйінен шыққан қоқысқа әркім өзі егелік жасауы керек қой.

Жөн-ақ, дегенмен тағы бір тұрғын Сәуле Нұрланқызының да өз айтары бар.

– Бізде сыйлы адамдар келетін кезде ғана көшелер тазаланып, су себіліп жатады ғой. Басқа кезде қай көше болмасын қоқыстан көз ашпайды. Жол бойындағы арықтардың ішіне қарасаң небір сұмдыққа көз түседі. Адамнан ұят кеткен заман болды. Тапа-тал түсте қолындағы қоқысын лақтырып, көшені ластап кете баратындар көп. Айналасынан ұялмайды. Бәлкім көшелерге қоқыс тастайтын жәшіктерді көбірек орнатса, қарапайым жұртшылық соған үйренетін шығар, – деді.

Айта кетейік, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің негізгі бағыттары – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, пластик өнімдер мен ағаш, темір заттары болып жік-жікке бөлінеді. Керек десеңіз, тамақ қалдықтарының өзінен биогаз өндіретін мемлекеттер де бар. Мәселен, Францияда қоқысты өртейтін кешенді зауыттар қоқысты қайта өңдеу арқылы 30 пайыз аллюминий, 50 пайыз әйнек, 50 пайыз газет қағазын өндіреді екен. Ал, көршілес Қытай елінде бір ғана Шанхай қаласының өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді.

Әлемнің озық елдерінде қоқысты өртеуге қатаң тыйым салынған. Өйткені, тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы газдар бөлініп ауаны ластайды. «Таза табиғат – халық байлығы» деп жатады. Олай болса, қолда бар байлығымызды бағалап, әр адам өз ауласынан бастап тазалыққа жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр.

Тағы да оқыңыз: