Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандағы баспана бағасының шарықтауы үйдің орналасқан жеріне байланысты. Мәселен, Орталық, Ипподром, МАИ бекеті, Саяжайдан үй аламын десеңіз қалтаңызда кемі 15-18 миллион теңге болуы керек. Бұл аумақтағы баспаналар өзге көшелерде тұрғызылған үйлерге қарағанда едәуір қымбат. Мәселен теңгеміз құлдырап, доллар күн сайын құбылып тұрған қоғамда сіз екіүш бөлмелі времянканы 5-6 миллион теңгеге тапсаңыз қуаныңыз. 

Ал үлкен үйлер 30 миллион теңгенің үстінде. Былтырғы жылы ауданда екі қабатты үйдің 70 миллион теңгеге бағаланып, сатылғандығын естігенбіз. Ал биыл тамыз айында 85 миллион теңгеге сатылатын үйді жарнамадан көргенде біздегі баға мегополис қала саналатын Алматы, Шымкент, Астанадан да қымбат екен ғой деген ойға келдік. Сол жарнаманың астында жазылған пікірлерді оқысаңыз тіпті жағаңызды ұстайсыз. Шыны керек, мұндай бағадағы үйлер аудан орталығында бар деп ойламаппыз.

Осы жерде аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге берген брифингте:

«Салық базасын кеңейтуде аймақтық орналасу коэффициентін белгілеп алу керек. Қазір елді мекендердің инфрақұрылымы жетіліп, жолдар асфальтанды, газ барды, ауыз су тартылуда, мектептер мен балабақша бой көтерді. Спорт кешендері пайдалануға берілуде. Бұл аймақтық орналасу коэффициентін анықтауды тездету керектігін көрсетіп отыр. Осыны қолға алмай мүлік салығын арттыру қиын», – дегені ойға келді.

Қазір тұрғын үйдің бағасы шарықтап тұрған Ипподром, МАИ бекеті аумағында инфрақұрылым жетілді. Яғни жолдар асфальтанып, әлеуметтік маңызды нысандар бой көтеруде.Ал, бағасы 12-13 миллион теңге көлеміндегі үйді Саяжай мен №110 мектептің айналасынан табуға болады. Қаржыңыз одан аздау болса Алтыкрант, Шипажай маңы, Жаңауыл, Қорғантоғайдан іздегеніңіз жөн. Бұл аумақтарда үйдің бағасы көңілге қонымды, яғни, қолжетімді деуге болады. Бұл сөзімізді үй іздеп аяғынан тозған Жақсыбек Алмасұлы да құптайды.

«Жаңақорған кентінен үй алу соншалықты қиын деп ойламаппын. Мен «Отбасы» банкі арқылы алқашқы жарнасын төлеп, үй алғым келді. Құжатты рәсімдеп болғаннан кейін, бір ай көлемінде алатын үйдің құжатын апаруым керек екен. Содан үй іздедім. Сатылады деген баспанаға барамын, алайда бағасы қалтаға сай келмейді. Біткен үй алайын десем, 15 миллион теңгеден жоғары, одан төменін қарасам, қосымша қаражат шығару керек. Сөйтіп, шарадай басым шақшадай болып, бір ай дегенде бір үйге тоқталдым. Көңілімнен шықты дей алмаймын, банк оң шешім танытып тұрғаннан кейін, «алып қалайын» деп шештім. Жұрттың барлығы үдере қоныстанып жатқан МАИ бекетінен 9 миллионға 5 бөлмелі үй алдым. Бірақ, айналасы қоршалмаған, газы мен суы кірмепті. Әлі қыруар ақша керек. Бұйыртқаны осы болды»! – дейді бізбен тілдескен кент тұрғыны.

Ел арасында «20 миллионның үйін кім ала береді дейсің, әлі де үмітіміз бар, баға түсетін шығар» деп әліптің артын бағып отырғандар бар. Бірақ, қымбатшылық заманда үй арзандайды деген бекершілік секілді.
Үй нарығында әлеуметтік желілер жарнама қызметін мойнына алды. Facebook-те 17 мыңға жуық оқырманы бар «Жаңақорған жарнамада» күніне бірнеше тұрғын үйдің сатылымға шыққанын оқып жүрміз. Ал, әріптесіміз Әбдісамат Әбдіш жарнама мәтінін жазуға маманданып, сауданы қыздыра түсті. Instagram, ВКонтакте де жарнамалық аккаунттар бар. Олардың ішінде, «OLX Жаңақорған» бәсі биік. Парақшаны жүргізетіннің бірі – Елжас Оңғарды сөзге тарттық.

«Шынымды айтсам, сауда-саттыққа бағытталған менің парақшамда күніне 5-6 материалдық затты жарнамалаймын. Әсіресе, тұрғын үйге байланысты жазбаның астына пікірлер көптеп беріледі. Осыдан-ақ үйге қызығушылар саны көп екенін білесіз. Үй қаншалықты қымбат болса да, сұраныстың төмендегенін көрген жоқпын», – дейді блогер.

Осы тұста, әлеуметтік желілерде эстрада жұлдызы мен қалталы азаматтар Түркияға қоныс аударып жатқанын көріп жүретініміз рас. Тіпті жаңақорғандықтардың арасында да шетелден тұрғын үй алғандары бар. Неге? Өйткені онда баспана бізге қарағанда арзан. Бұл туралы түркиялық группаласым Айбуке Дағлармен хабарласып, білдім.

«Расында, Түркиядан үй алып жатқан қазақстандықтар өте көп. Әсіресе, соңғы 2-3 жылдың ішінде қоныстанғандардың саны артты. Бізде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына қарағанда әлдеқайда арзан. Мен Қазақстанға барып, пәтер жалдағанымда таң қалдым. Бір күнге 15 мың теңге сұрады. Не деген сұмдық? Ол ақшаға біз Анталиядан бір айға пәтер жалдаймыз. Мысалы, бізде қаланың ортасынан люкс кешендерде екі бөлмелі пәтерді 16 миллион теңгеге алуға болады. Ал, Нұр-Сұлтанның ортасынан 2 бөлмелі пәтерді 40-50 миллион теңгеге қол жеткізсеңіз жақсы. Бізде көп қабатты тұрғын үйлердегі екі бөлмелі пәтерді 8-11 миллион теңгеге аласыз. Мақтанғаным емес, бізде үй сатып алуда қиындық жоқ. Тек 3 пайыз мүлік салығы, 3 пайыз риэлтор қызметі үшін ақы төлейсіз», – дейді Адине қаласының тұрғыны.

Айбукенің сөзіне қарап, Түркияның бағасы біздің Жаңақорғанның бағасынан әлде-қайда арзан екенін топшаладық. Неге десеңіз, біздегі «Саяжайда» салынған көпқабатты үйдің бағасын естісеңіз, құлап қалуыңыз мүмкін. Мәселен, 1 бөлмелі үй алғыңыз келсе 11 миллионнан жоғары ақшаңыз болуы керек. Бұл бағада Түркияда 2-3 бөлмелі пәтерді алуға болады екен. Біздің бай-манаптардың Еуропа елдерінен жылжымайтын мүлік сатып алуға құмарлығы, онда бізбен салыстырғанда арзан болып тұрғанынан болар?!

Жә, шетелді қойып, өзімізге оралсақ, баспаналы болудың қандай тетіктері бар. Ең дұрысы, «Баспана-хит» және т.б бағдарлама арқылы талай азамат пәтер кілтін қолына алды. Біздің ауданда бұл бағдарламаны кәдеге жаратып жатқандар бар. Бұл жөнінде «Отбасы» банкінің аудандағы өкілі Жазира Жапардан білдік.

«Екі жыл бұрын 10-15 миллион теңгеге жақсы үйді алуға болатын. Доллардың қымбаттауына байланысты қымбатшылық сезілуде. Әсіресе, құры¬лыс материалы шарықтап кетті. Қазір нарықтағы үйдің бағасы 20-25 миллион теңгеге бағаланады. Оны қарапайым халықтың қалтасы көтермейді.Көбіне «10 милион теңгенің үйің алғым келеді. 10 пайызын төлеп, қалғанын несиеге рәсімдесек» деп жиі хабарласады. Жаңақорған ауданы тұрғындарына тиімдісі «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Оған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес отбасылар қатыса алады.Дегенмен, биыл өзгерістер орын алды. Кім бірінші үйдің кезегіне тұрады. Яғни, «Отбасы» банкіне электронды түрде өтінім береді. Содан кейін тізім арқылы бағдарламаға қатыса алады. Бұл бағдарламада 2 пайызбен 10 миллионның көлемінде несие береді. Алғаш 10 пайыз жарнасын төлейді. 2019 жылы 20 отбасы, 2020 жылы 25 отбасы жеңілдікпен баспанаға қол жеткізді», – дейді маман.

Тұрғын үй бағасының күрт өсуіне «зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін баспана алуға болады» деген жаңалық себеп болды. Алайда қордағы қаржыны алудың өзіндік шарттары бар. Алдын ала есептеулер бойынша, мысалы 20 жастағы салымшының қорында 1 млн 710 мың теңге болса ғана мақсатты тұрғыда жарата алады. Сондай-ақ 25 жас – 2 млн 90 мың, 30 жас – 2 млн 500 мың, 35 жас үшін – 2 млн 961 мың теңге, 40 жас үшін – 3 млн 437 мың теңге, 45 жас үшін – 3 млн 947 мың теңге, 50 жас үшін – 4 млн 495 мың теңге, 55 жас үшін – 5 млн 084 мың теңге, 59 және одан үлкен жас үшін – 5 млн 586 мың теңге.

Егер қаржыңыз жеткілікті деңгейде болса, онда қаржыны БЖЗҚ-нан «Отбасы банкіне» аударып, тұрғын үй алу немесе жөндеуді қаржыландырады. БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталығының аудандағы басшысы Ермек Оспановпен тілдесіп көрдік.

«2021 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатынын естіген жұрт бізге көптеп келіп жатыр. Көпшілігі, баспана алуға немесе үйін күрделі жөндеуден өткізуге жұмсамақ ниетте. Біздің ауданда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компаниялардың қызметкерлерінің ғана қаражаты шекті мөлшерден асып, пайдалануды сұрады. Көбіне бізге келіп жатқан халықтың қордағы қаржысы 300 мың мен 1 миллион теңгені ғана құрайды. Бұл дегеніміз, біздің ауданда зейнатақсындағы қаржыны үй алуға бағыттаған адамдар жоқ», – дейді сала маманы.

Баспана бағасының қымбаттауына құрылыс материалының қымбаттауы да ықпал етті. Қазір құрылыс материалдарының бағасы ай сайын емес, күн сайын құбылуда. Бұл сөзімізді құрылыс базарының иесі Бақыт Өскенбаев растады.

«Қазір үй салу оңай болмай тұр. Біз алып сатармыз ғой. Қажетті жабдықтарды сырттан алдырамыз. Мысалы, бір апта бұрын цементті 1500 теңгеден алдырсақ, бүгін 1650 теңгеден тапсырыс бердік. Барлық құрылыс заттарының бағасын екі жыл бұрынғымен салыстырғанда 30 пайыз қымбаттады», – дейді кәсіпкер.

Қымбатшылық! Қымбатшылық! Барлық салада қымбатшылық дендеп барады. Оның қиындығын қарапайым халық көреді.

Өз басым, екі ай іздеп, талғамы мен талабыма келетін баспана таптым. Бірақ банктен алған кредитті қайтару міндеті тұр. Бұл – барлық қазақстандықтың басындағы өткір мәселе. Енді қайтеміз, банктің жәрдемінсіз үй алу қиын...


Қандай бағдарламалар қолжетімді?

Осындай жағдайдан кейін мемлекет тұрғындарға «Отбасы банк» АҚ арқылы «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7- 20-25» және «Ұмай» мемлекеттік бағдарламасы аясында үй кезегіне тұрып, баспаналы болуға жол ашты. Бағдарлама бойынша несие мерзімі – 25 жылға дейін. Баспаналы болу үшін жергілікті атқарушы органдарында пәтер кезегіне тұратындар мен соған қам жасайтындар бар. Алайда мемлекеттік баспана кезегіне кез келген азаматтың тұра алмайтынын бірі білсе, енді бірі білмейді. Бағдарламада мемлекеттік баспананы алатындар санаты да айқын көрсетілген. Ешбір санатқа жатпайтындар сонда не істемек? Мұны тұрғын үй секторы мамандары жоғарыдағы категорияға жатпайтын отбасылар мен жергілікті атқарушы органдарында жер, баспана кезегінде тұрғандар үшін үйлі болудың ең тиімді жолы «Отбасы банкінде» депозит ашу керек екенін алға тартады.

Кезегің келіп, керекті қаражатты жинаған күннің өзінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана алу мүмкіндігіне қол жеткізген жанға 10 миллион теңге беріледі. Алайда нарықта тұрғын үй құнының өскені бәрімізге белгілі.

Аудандағы ахуал

Биыл тұрғын үй бағасының шарықтап кетуі көңіл-күйді түсіргені рас. Бағасы мен үйдің сапасы сәйкес келмейтінін жарнама егесіне айтсаңыз өзіңіз сөз естіп қаласыз. Негізі бағасы көңілге қонымды 15-18 миллион теңге көлеміндегі үйді іздесеңіз Саяжай мен №110 мектептің айналасынан табуға болады. Қаржыңыз одан аздау болса Алтыкрант, Шипажай маңы, Жаңауыл, Қорғантоғайдан іздегеніңіз жөн. Бұл аумақтарда үйдің бағасы қолжетімді, сәйкесінше сапасы да сол бағаға сай келеді. Бұл сөзімізді үй іздеп аяғынан тозған кент тұрғыны Әсет Жомартұлы да құптайды.

«Жаңақорған кентінен үй алу соншалықты қиын деп ойламаппын. Мен «Отбасы» банкі арқылы алқашқы жарнасын төлеп, үй алғым келді. Құжатты рәсімдеп болғаннан кейін, бір ай көлемінде алатын үйдің құжатын апаруым керек екен. Содан үй іздедім. Сатылады деген баспанаға барамын, алайда бағасы қалтаға сай келмейді. Дайын, жағдайы жасалған үй алайын десем, 15 миллион теңгеден жоғары. Бағасы көңілге қонымды баспаналарды қарасам, қосымша қаражат тағы керек. Сөйтіп, шарадай басым шақшадай болып, бір ай дегенде бір үйге әзер тоқталдым. Көңілімнен шықты дей алмаймын, банк оң шешім танытып тұрғаннан кейін, «алып қалайын» деген ой болды. Жұрттың барлығы үдере қоныстанып жатқан МАИ бекетінен 9 миллионға 4 бөлмелі үй алдым. Айналасы қоршалмаған, газы мен суы кірмеген. Қыруар қаржыны қажет ететіні көрініп-ақ тұр. Бұйырғаны осы болар!» – дейді жас отбасының егесі.

Ел арасында «25-30 миллионның үйін кім ала береді дейсің, әлі де болса баға түсетін шығар» деп әліптің артын бағып отырғандар жетерлік. Бірақ, қымбатшылық заманда үй арзандайды деген бекершілік. Оған себеп көп. Мәселен Facebook-те 18 мыңға жуық оқырманы бар «Жаңақорған жарнама» парақшасына күніне 10 жарнама жарияланса, соның 4-5-еуі тұрғын үйге қатысты. Оған қоса «OLX Жаңақорған» парақшасы да жарыса үйдің сатылымын оқырмандарына жеткізіп, нарықтағы бағадан хабардар етіп отырады.

Тіпті, әлеуметтік желілерде эстрада жұлдыздары мен қалталы азаматтардың Түркияға қоныс аударып жатқанын көріп те, оқып та жүрміз. Олардың қатарында жаңақорғандықтар да бар. Себеп неге? Өйткені түрік ағайындар қоныс тепкен мекенде баспана бағасы бізге қарағанда едәуір арзан. Үй сатып алу жағынан да еш қиындық жоқ. Тек 3 пайыз мүлік салығы, 3 пайыз риэлтор қызметі үшін ақы төлейсіз болды.Осыдан-ақ Түркия мемлекетінде баспана бағасы біздің Жаңақорғанның бағасынан әлдеқайда арзан екенін топшыладық. Мәселен Саяжайда салынған көпқабатты үйден 1 бөлмелі пәтер алғыңыз келсе 11 миллионнан жоғары ақшаңыз болуы керек. Ал бұл бағаға Түркиядан сіз 2-3 бөлмелі пәтерді ала аласыз.

Баспаналы болудың тың тетігі

Жә, шетелді қойып, өзімізге оралсақ, баспаналы болудың қандай тетіктері бар. Ең дұрысы, «Баспана-хит» және тағы басқа бағдарлама арқылы талай азамат пәтер кілтін қолына алуда. Біздің ауданда да бұл бағдарламаны кәдеге жаратып жатқандар бар. Бұл жөнінде «Отбасы» банкінің аудандағы өкілі Жазира Жапардан білдік.

«Екі жыл бұрын 10-15 миллион теңгеге жақсы үйді алуға болатын. Доллардың қымбаттауына байланысты қымбатшылық сезілуде. Әсіресе, құрылыс материалы шарықтап кетті. Қазір нарықтағы үйдің бағасы 20-25 миллион теңгеге бағаланады. Оны қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Бізге көбіне 10 пайызын төлеп, қалғанын несиеге рәсімдеу мақсатында 10 миллион теңгенің үйін алуға ниетті жандар хабарласады. Жаңақорған ауданы тұрғындарына тиімдісі «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Оған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес отбасылар қатыса алады. Дегенмен, биыл өзгерістер орын алды. Кім бірінші үйдің кезегіне тұрады, сол кісі «Отбасы» банкіне электронды түрде өтінім беріп, бағдарламаға қатыса алады. Бұл бағдарламада 2 пайызбен 10 миллион көлемінде несие береді. Алғаш 10 пайыз жарнасын төлейді. 2019 жылы 20 отбасы, 2020 жылы 25 отбасы, 2021 жылы 30-ға жуық жанұя жеңілдікпен баспанаға қол жеткізді», – дейді маман.

Баспана бағасының өсуіне құрылыс материалының қымбаттауы да ықпал етті. Қазір құрылыс материалдарының бағасы ай сайын емес, күн сайын құбылуда. Бұл сөзімізді құрылыс базарының иелері де жоққа шығармады.

«Қазір үй салу оңай болмай тұр. Біз алып сатармыз ғой. Қажетті жабдықтарды сырттан алдырамыз. Мысалы, бір апта бұрын цементті 1800-2000 теңгеден алдырсақ, бүгін 2000-2500 теңгеден сатылуда. Барлық құрылыс заттарының бағасы былтырғымен салыстырғанда 45- 55 пайызға қымбаттаған», – деп уәждерін жеткізді.

Иә, біздің нарықта қазір ағаш, қаңылтыр, шифр, кірпіштің құны былтырғы бағамен салыстыруға келмейді. Сол секілді пластикалық терезе де 1,5 есеге қымбаттады. Мәселен, былтыр 50 000 тұратын терезелер қазір 75-85 мың теңгеден кем емес. Ұсталар да шикізат сырттан келетін болған соң, баға ырыққа көнбейтінін алға тартады. Шыны керек, біздің ауданға құрылыс тауарлары өзге өңірлер мен Ресейден келеді. Осы екі арада делдалдар, алыпсатарлардың жүретіні заңдылық. Сондықтан, нарыққа тосқауыл болмай тұр. Бағаны нарық реттейді дейді, оны да уақыт көрсетеді. Бұл алқымнан алған қымбатшылық барлық салада дендеп барады. Еліміз күн санап, қарыштап дамып жатқан заманда бұл цифрлар тағы өзгере түсуі бек мүмкін.

Тағы да оқыңыз: