Kyzylorda-news.kz. Қожамберді ауылы халқының тұрмыстық әл-ауқатын, тыныс тіршілігін жақсарту мақсатында биылғы жылы ауылымыздағы барлық көшелердің ауыз су жүйесін жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар орталықтанған су жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Орталықтанған су жүйесінің сыртқы қоршаулары жаңаланып, су сақтайтын қойма толықтай сырланды. Ауыз су жүйесінің жүргізілуі барысында асфальттанған көшелердің бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында арнайы техникалардың(рутор) көмегімен қазылды.
Қазіргі таңда Көккесене, Б.Тойлыбек, М.Көкенов, Б.Жантілесов, Қалкөз, М.Шадиков көшелері толықтай қазылып, құбырлары жаңартылды. Орталық Шәймен көшесінде жұмыстар жүріп жатыр. Т.Құлбаев және А.Мейірбеков көшелеріне алдағы күндері құбырларды жаңарту жұмыстары жүретін болады.
Бүгінгі күні аталған жобаның құрылыс жұмыстарын “Дәнекер” ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда.