Kyzylorda-news.kz. Еліміздің бас қаласы Астана күніне орай кент орталығындағы «Prime Park» орталық саябағында  «Асқақта, айбынды елдің Елордасы»  атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов барша жиналған жұртшылықты Астана қаласының 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Елорда күні – бұл астаналықтардың мерекесі ғана емес, жалпыхалықтық мейрам. Бұл – асқақ абырой мен еңселі елдіктің мерекесі. Астана қаласы – егемен еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген ең басты жетістігі мен жеңістерінің бірегейі. Еуразия кіндігіндегі Астана қазіргі таңда халықаралық іргелі жиындардың, конфессияаралық келісімдердің алаңы іспеттес. Бүгінгі таңда Астанада әлемдік мәнмаңызға ие форумдар мен саммиттер өтуде. Астана шаһары талай жанның арманына қанат бітіріп, өмірден өз орнын табуына да даңғыл жол ашып берді. Астана – келешегі жарқын, болашағы айқын қала. Бүгінде Астана көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл болып отыр. Биыл бұл мерекенің мәні де, маңызы да бұрынғыдан ерекше. Өйткені елдігіміздің еңселі ескерткішіне айналған Астанамыздың негізі қаланғанына биыл 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырды еңсерген жас Астана бұдан кейінде Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісіне айнала беретініне сеніміміз мол.Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, еліміз ғұмырлы болсы, – деп ақжарма тілегін білдірді аудан әкімі.

Аудан әкімінің ақжарма тілегінен кейін,  аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы баяндама оқып, Астананың тарихына бір шолу жасады.

– 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-сында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау үшін Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. «Біз, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері, Елбасының саяси мұрасын жадымыздан шығармай, қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз қажет. Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек. Бұл халқымызды, әсіресе, жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды. Ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын келесідей түрде есте қалдыру қажет деп санайын. Елордамыз оның атын иемденіп, Нұр-Сұлтан деп аталуы тиіс. Мұндай ұсыныс бұған дейін 2016 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай парламентарийлер қабылданған декларацияда айтылған еді», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сол күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында дептуттар Астананың атауын Нұр-Сұлтан қаласы өзгерту туралы Заң қабылдады. Ал 2019 жылғы 23 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жыл сайын елорда күні кең көлемде тойланып келді. Алайда, өкінішке қарай биыл елімізді жайлаған коронавирус індетіне байланысты барлық бұқаралық шараларға тыйым салынып отыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді.Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар ашылады.Шараларға қатысатын адам саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек, – деп тарих беттерінен сыр шертті.Сондай-ақ, Жаңақорған аудандық «Amanat» партиясының басшысы Арман Мәжитовке сөз бріліп, аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.

– Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Биыл Астананың еліміздің ордасы болып жарияланғанына - 25 жыл. Иә, бүгінде Астана қаласы еліміздің жетістіктерінің айнасы. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт өтті. Әлемдік тарих үшін бұл, әрине, көп уақыт емес. Дегенмен осы тәуелсіздікте өткен аз уақыт қазақ халқының ғасырлық арманы болатын. Сол бабалар арманына жетуіміз – біздің Ұлы жетістігіміз. Ал, ұлы жетістігіміздің асқақ жемісі елордамыз – Астана. Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасында бой түзеген әсем Астана – жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Еліміз егемендігін алып, дербес мемлекет болғаннан кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес, ең алдымен, қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті. Еліміздің ордасы Астана мәңгі асқақтай берсін, – дейді ол.

Шара барысында орталық алаңда білім бөліміне қарасты мекемелерде өз үлестерін қосып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Атап айтар болсақ, «Тау самалы» тынығу лагерьі, Диана-П, Меруерт, Бек-Шолпан, Ел-Ару, Еркежан, Жәния, Бекжан, Балбөбек жеке балабақшалары және «Алтын ғасыр» аудандық дебат клубы аудан тұрғындарына көрме ұйымдастырып фотогалерея ұйымдастырылды.Астана - еліміздің мақтанышы, ел жүрегі, әрі бойтұмары. Елорда күніне арналған думанды іс-шарада аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, іс-шараға келген тұрғындар арасында викториналық ойындар ойнатылып, түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Күннен күнге көріктене, заманауи жасампаздықпен дамып келе жатқан елорданы ән мен жырға қосқан аудан тұрғындары өнерпаздармен қосылып, ән мен биден шашу шашып, көрермен қошеметіне бөленді. 

Кешкілік ауыл тұрғындары орталық саябаққа жиналды. Олар аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткізілген «Аялаған Астана» атты  мерекелік концертті тамашалады. Жас кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ойын алаңдарында тегін ойнатты. Лагерьде демалып жатқан балаларға балмұздақ тегін таратылды.

Сонымен қатар, «Prime Park» орталық саябағында бұл күні балалардың жарқын күлкісі мен шаттыққа толы болды. Өйткені, аудандық Адырбек Сопыбеков атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен осы жерде «Менің Астанам» атты мерекелік шара өтті. Саябақ нағыз шығармашылық шеберханасына айналды. Әр жастағы балғындар Астана тақырыбына акварельмен суреттер салып жатыр. Кейбіреуі буМагия техникасы бойынша қағаздан әртүрлі бұйымдар жасауда. Сегіз жастағы Әсия Астанада ешқашан болмаса да, еліміздің жүрегі саналатын бас қаламызға деген махаббатын қағаздан жасалған жүрек бейнесімен көрсетті. Бесінші сыныпты аяқтаған София болса Бәйтеректің суретін салыпты. Балалардың салған суреттері сол жерде бірден ілініп, жиналғандардың назарына ұсынылды.

Шынында да, салынған суреттердің басым бөлігі еліміздің басты символы – Бәйтерекке арналыпты. Бір жерден ғана өзгеше суретті көріп, «бұл не екен» деп ойланып тұрсам, қасыма келген бала «бұл – менің суретім, Ханшатыр, мен оны осылай көрем» дегені. Балғындардың қыл қаламынан туған дүниелер кәсіби туындылар болмағанымен, олардың Елордамызға деген сүйіспеншіліктерінің көрінісі. Сонысымен де құнды екені даусыз. Мерекеге келген балғындар ақ қағазға алақандарының табын бояумен басып, белгі қалдырды.Дереккөзі: Облыстық "Дидар" газеті https://didar-gazeti.kz/31264-2

Астана болашақтың жарқын қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезінуде бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе? Ал мерекеге келер болсақ, Астана әр қазақтың мақтанышы. Жыл сайын шілде айында тойланатын осынау мереке барша қазақ руханиятының айнасына айналуы тиіс. Астана – ару қала, ол– азия төріндегі салтанаты жарасқан көрікті мекен және әлем елдерінің қызыға көз тігетін туристік аймағы болуға лайық. Құрметті қарақиялықтар сіздерді осынау мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Астана күні құтты болсын!

Тағы да оқыңыз: