Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған Қоғамдық Даму Бөлімі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал көмек» жобасы аясында кәсіби заңгер Нұрсултан Байменов жеке және заңды тұлғаларға тегін құқықтық кеңес берді.
Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агееттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Адал көмек» жобасы аясында Жаңақорған ауданының білім басқармасы басшының қатысуымен азаматтарды қоғамдық қабылдауы өтті. Аталған қабылдау барысында жұмысқа орналасу, баланы мектепке ауыстыру, жұмысқа орналасу мәселелері қаралып хаң аясында түсіндіріліп шешілді.Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен бүгін денсаулық сақтау саласындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.
Олардың қатарында, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аудан бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аудан бойынша департаменті, Жаңақорған аудандық қоғамдық денсаулық басқармасы, Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жаңақорған аудандық емханасының өкілдері бар.
Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері денсаулығына байланысты портал ашу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді, сондай-ақ екі азаматқа мүгедекттік топ алуына шешім шығарылып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама берілді.Айта кетейік, «Адал көмек» жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.Осы тұста, айта кетейік, бұл жобаны өткізудің негізгі мақсаты жастарға жол сілтеу, бағыт бағдар беруді ниет етті. Өйткені, қоғамның қозғаушы негізгі күші – жастар. Кіші буын неғұрлым қуатты болса, елдің іргесі берік болады.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастардың ойлау қабілеті өзгеше. Екі жастың әңгімесіне құлақ түрсек, заманауи техниканың игілігі мен кәсіп дамытудың жолдары туралы түрлі ақпараттарға қанығасыз. Олар қалай ақша табу керектігі мен өзін дамытудың түрлі тәсілдерін меңгерген. Өзгені сөз етпегенде аудандағы кәсіпкерліктің 60 пайызы отыздан аспаған жастарға тиесілі. Мұның өзі жастардың экономикадағы белсенділігін аңғартады. Мұны жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров та растады.
«Ауданда 15-30 жас аралығында 32 891 жас ресми тіркелген. Оның 18931-і оқушы, 1556-ы студент, 946-ы кәсіпкер. Жас кәсіпкерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, ынтымақтастық көрсетіп жүргенін көріп жүрміз. Олар елдік істе белсенділік танытып, жастарға бағыттанған іс-шараларды қаржылай қолдап келеді, – дейді жастар көшбасшысы Наурызбай Ерікұлы.Індет басталған шақта аудан жастарының белсенділігі айқын сезілді. Қарапайым маска тігіп таратумен қатар, медицина саласына қажетті құралдар мен аппараттармен қамтамасыз етті. «Жаңғырған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қорының құрылуының өзі халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпалын тигізді. Биыл қуаңшылық жайлаған уақытта көкке тапшылық сезілген шаруаларға қолғабыс еткен бірнеше еңбек жасағындағы әрбір жастың маңдай тері текке кеткен жоқ».
Жастардың бастамасына куә болып, қолдауын білдіріп жүрген «Қум Сахаба» мешітінің бас имамы Ержан Сейтжаппаров:
«Мән беріп қарасаңыз, соңғы уақытта жастардың өресі өскенін аңғаруға болады. Теріс қылықтан бойын алшақ ұстап, имандылыққа бет бұрған жастардың қарасы көп. Жұма намазында сапта тұрған көпшіліктің көбі отызға жетпеген. Мұндай сәтте, Жаратушының өзі жастарға жол көрсетіп жатқанына риза боласыз. Ал, жастардың аяқ алысын көрмегендер сыртынан түрлі күпірлік жасап, бос әңгіме етеді», – деді.
Белсенді жастардың көбеюі – жақсылықтың нышаны. Жуырда ғана кенттегі тазалықтың сын көтермейтінін мақалаға арқау еткенбіз. Кім білсін, өздері де осы жағдайды күнде көзбен көргендіктен болар, 1991 жылы туылған Тәуелсіздіктің төл құрдастары туған жеріне тамаша тарту жасап, елді қуантқан еді. Кент орталығындағы көпшілік шоғырланатын аймақтарға қоқыс жәшігін орнатып, кенттің тазалығына көңіл бөлуде. Міне, біздің нағыз патриоттар!
Ал, көпке жұғыспайтын, ақсаусақ жігіттер отбасының тәлімінің төмендігінен рухани мүсәпірдің күйін кешуде. Қоғамдық ортада екі әйелдің әңгімесінен мұндай масыл жастардың барын білуге болады. «Жасыл ел» жасағына еңбекке төселуге жіберудің орнына «Баламның басына күн өтеді» деп қақпайлап жүрген ата-ананың қылығына қаның қайнайды. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жастың қолын ара шағып алды деп дау туғызып жүргендер күлкіні келтіреді.Мұндай жағдайларға әбден қанық ауданның белсенді азаматы Серік Мұсабаев:
– Еңбек – ерді шыңдайды. Бір мезгіл кетпен, күрек ұстамаған қолдың берекесі болмайды. Біздің әкелеріміз осылай тәрбиеледі. Әлі күнге дейін бақша өсіріп, азын аулақ егін егіп, ұрпағымды еңбекке тәрбиелеудемін. Ержігітке тән қасиет тек еңбекпен келеді. Ал, одан басқасы кұр әурешілік, – дейді ел ағасы.
Алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.