Kyzylorda-news.kz. Қаңтар айының 5-күні, сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті , З.Байзақов көшесі №42 үй тұрғыны, 61 жастағы азамат Якубов Данияр Курбанович белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Үстінде көк түсті күрте, басында қара қалпақ, сұр түсті шалбар, аяғында қара түсті аяқ киім киген.

«Осы белгісіз бағытқа шығып кеткен азаматты іздеп табу мақсатында Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерінен топ құрылып жедел іздестіру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша қандайда бір мәлімет болған жағдайда, Жаңақорған ауданының полиция бөліміне төмендегі мекен-жай бойынша Жаңақорған кенті, С.Қожанов көшесі # 46, 8/72435/ 24-1-55, 24-1-58 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген аудандық полиция бөлімінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: