Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 1-мамырдағы мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4 750,6 млн теңгені (100,5%) құраса, оның ішінде мал шаруашылығы 4732,4 млн-ды, егін шаруашылығы 6,6 млн теңгені құрады. Бұл дегеніміз межеленген жүйе, енді егінжайдың ахуалын анықтап, әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелесек.

Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 460-ы егінмен айналысады. Оның ішінде 234 шаруашылық күріш өсіріп отыр. Күріштің көлемі белгілі болды, биыл мал азықтары мен бақша дақылдарына басымдық берілуде. Сондықтан күріштен бұрын әртараптандыру бағытындағы атқарылатын жұмыстардан бастасақ.Ол үшін аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаевпен байланысып, мән-жайды бағамдадық.

– Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық- түліктермен өзін-өзі қамтитын болады. Бүгінгі таңға шаруашылық жетекшілерінің демеуімен 295 гектарға жуық егістік алқаптары шеңгел, жусандардан тазартылып, қоршалануда. Бұл жұмыстар мамыр айының аяғына дейін жалғасатын болады.

Қазіргі таңда дайындалған жерлерге 260 гектар картоп, бақша, көкөніс дақылдары егілуде, 31 гектары картоп, 95 гектар көкөніс, 134 гектар бақша бар. Талап ауылдық округінде тамшылатып суару әдісімен, «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 5 гектар қызанақ, жаңбырлатқыш суару технологиясымен, Қожакент ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығында 30 гектар алқапқа жүгері, жоңышқа дақылдарды егілді.

– Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау қалай жүзеге асуда?

– 2023 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 4462 тонна, оның ішінде 4226 тоннасы азотты,  236 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар болса, қажетті гербицидтердің көлемі 3113 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар
тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 4465 тоннасы және 2846 кг/л гербицид сатып алынды. Яғни, жоба 82 пайызға орындалды.

– Техника және жанар- жағар майдың мәселесі қалай шешілуде?

– Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1 422 тонна дизель отыны бөлінді. «Жібек Жолы LTD и К»ЖШС – 524 тонна, «Жаңақорған ОiI» ЖШС – 898 тонна. Қазіргі таңда аудан бойынша 87 шаруашылық құрылымы бойынша 609 тоннаға арзандатылған дизель отыны алынуда. Көктемгі дала жұмыстарына 207 трактор, 38 соқа, 28 дән сепкіш, 21 автомашина, 52 трактор тіркемесі толығымен қатыстырылды. Енді күріш бағытына бір сәт тоқталсақ. Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік графигіне сәйкес бүгінгі таңда межеленген 8346 гектар күріштің 7428 гектары егіліп, 7151 гектар суға бастырылған.

– Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 35 насос қондырғылары бар. Ауданда әртараптандыру бағытындағы күздік бидай, мақсары, жоңышқа, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру көлемдері өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Мал азықтық дақылдарының егіс көлемдерін су үнемдеу технологиясын қолдану жүзеге асырылуда. Жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа, жүгері, мақсары дақылдарының егіс көлемдері суарылуда, – деді бас аграном.

Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы саласын дамытуға баса көңіл бөліп отыр. Әсіресе, серіктестіктерді дамыту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды биыл тапсырған болатын. Оған 1 триллион теңге бөлінсе, бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын
қамтуы тиістігі де айтылды. Сондықтан, егін көлемін көбейтіп, мал шаруасын ширату маңызды мәселе. Биылғы егістік көлемі мен меже айқын болды. Енді тек аяқ су мәселесі мазаны қашырмаса болды. Мақсат – өнім көлемін көбейту. Бұл нарық бағасын тұрақтандыратын ең басты құрал. Қалғанын уақыт көрсете жатады, ең бастысы диқандар еңбегі еш кетпесе екен.Аталған шаруақожалықтың ішінде 201 шаруашылық күріш өсіруге маманданған.

– 2023 жылға аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі индикативтік жоспар бойынша 36246 гектарға межеленіп, өткен жылмен салыстырғанда1447 гектарға артық жер игеріледі, – дейді Дәурен Абибуллаев.

Барлық дәнді дақылдар 13075 гектарды құраса, оның ішінде 9500 гектары күріш, 2400 гектары бидай, 125 гектар арпа, 500 гектар тары, 1050 гектар дәндік жүгері егу жоспарда бар. Сонымен қоса, 4326 гектар мақсары, 20 гектар күнбағыс, 605 гектар картоп, 1720 гектар бақша, 1000 гектар көкөніс, 4000 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 11500 гектар ескі жоңышқа күтімге алынады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 2300 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 388 гектар жаңа жоңышқа (оның ішінде 80 га жаздық бидаймен, 100 га мақсарымен бүркемеленген), 100 гектар мақсары және 110 гектар жаздық бидай егіліп отыр. Сонымен қатар, күздік бидай дақылының 157 га тырмаланып, 67 га үстеп қоректендірілді.Бөлім басшысының айтуынша, осы жылдың егісі үшін өткен жылы 2300 гектар күздік бидай егіліп, 128 пайызға артық орындалған. Бүгінгі таңда себілген күздік бидайдың шығысы жақсы деп бағалануда.

– Бүгінгі таңда тұқымның сапасы көңілдегідей. Өткен жылы құйылған 2375 тонна тұқымның 1560 тоннасы тексеруден өткізіліп, оның 1054 тоннасы себу дәрежесіне жеткізілген. Аудан бойынша биылғы көктемгі егіске құйылған 2375 тонна күріш тұқымының 856 тоннасы Лидер, 38 тоннасы Фаворит, 15 тоннасы Айкерім, 10 тоннасы Анаид, 1504 тоннасы Маржан сорттары, – дейді сала басшысы.

Сондай-ақ, қазір қолда бар 29,3 тонна жоңышқа, 7,4 тонна мақсары тұқымдары тексеріліп, 21,1 тонна (72 пайызы) жоңышқа мен 7,4 тонна (100 пайызы) мақсары тұқымы себу дәрежесіне жеткізілген.

Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылдың егісіне қажетті барлық минералдық тыңайтқыштың көлемі 3700 тоннаны құрап отыр. Оның 3365 тоннасы азотты тыңайтқыштар болса, қалған 335 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 1880 тоннасы (51 пайыз) алынған. Сонымен қоса, арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің көлемі 1940 л/кг. Бүгінгі таңда 15 келі гербецидттер сатып алынды.

– Суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталсақ, 2018 жылға аудан бойынша орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз етуі үшін Сырдария өзенінен 650 млн. текше метр су алу межеленіп, оның 100 млн. текше метрі экологиялық ахуалды жақсартуға, көлдерді толықтыру, шабындықтар мен жайылымдықтарды суландыру мақсатына жұмсалады. Қазір барлық магистралды каналдар су алуға дайын, – дейді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, жанармай және техникаға тоқталса, аудан бойынша көктемгі егін және дала жұмыстарына 2285 тонна жанармай бөлініп отыр. Оның 800 тоннасы наурыз айында, 800 тоннасы сәуір айында, қалған 685 тоннасы мамыр айында пайдалануға беріледі. Арзандатылған дизель отынын таратушы-операторы болып «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС-гі белгіленді. Қазіргі таңда аудан орталығына 1000 тонна жанармай бар. Оның әр литрі 142 теңгеден босатылуда.Ауылшаруашылығы техникаларының көбі жұмыс жасауға дайын тұр. Мәселен, 201 трактордың 89 пайызы, 82 соқаның 87 пайызы, 45 дәнсепкіштің 93 пайызы және 101 трактор тіркемесінің 95 пайызы сақадай сай. Ал, қалғандарына жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: