Kyzylorda-news.kz Жаңақорған кентінде тұрғындардың көптен күткен игілікті іс – көшелерді асфальттау жұмыстары жүйеленіп, бірқатар аумаққа жаңа жол төселді.

Тегіс те сапалы жолдар елдің еңсесін көтеріп, халықтың көңіл-күйіне серпін береді.

Биыл аудан орталығындағы жалпы құны 807,3 млн теңгеге 4 көшеге күрделі жөндеу жүргізілді. Атап айтсақ, Т. Құлымбетов,

Т.Әбенов, П.Өрғараев, Б.Ысқақов көшесінің (Әлімкөлден Ы.Алтынсарин көшесіне дейінгі) жолы жаңартылды.

Сондай-ақ, Қ.Жарқынбекұлы көшесіне орташа деңгейде жөндеуге 112,5 млн.теңге қаражатқа жұмысы аяқталды.

Биыл жыл аяғына дейін Б. Байкенжеев көшесі абаттандырылады. Сондай-ақ, Қорасан Ата көшесінің де заманауи келбеті жаңармақ.

Жаңақорғандықтар үшін бұл – кенттің көркі арттыратын қуанышты жаңалық. «Жолы түзелген елдің – тұрмысы түзеледі» демекші, бүгінгі атқарылған іс – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі. Бұл оң өзгерістер ең алдымен Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың елге деген қамқорлығы мен аудан әкімі Мажит Самитовтың әр істі тиянақты орындап, халықшыл ниетінің жарқын жемісі.

Айта кету керек, биылғы жылы 17 елді мекендегі жалпы ұзындығы 55,7 шақырымды құрайтын 36 көшені жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен 3.8 млрд теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аудандық маңыздағы 192 шақырым жолдың қанағаттанарлық деңгейі 96,4 пайыз болса, жөндеу жұмыстары аяқталған соң көрсеткіш 98,4 пайызға жоғарылайтын болады.

Тағы да оқыңыз: