Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жаңақорған ауданының ерікті жастары Ақүйік ауылдық округінің таулы демалыс аймағы мен су қоймасы маңында кең көлемді тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық акциясына 100-ге жуық белсенді жас қатысып, нәтижесінде 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.
Жаңақорғандық ерікті жастар осындай игі істері арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген көзқарасты нығайтуға үлкен үлес қосуда.

