Kyzylorda-news.kz Білім беру ұйымдарындағы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы – басты міндеттердің бірі. 

Негізгі мақсат – жаңа оқу жылын мектептердің толық дайындықпен бастап, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысын пысықтау мақсатында аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан аудандық білім бөлімінің басшысымен бірге бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, олардың жаңа оқу жылына дайындығын зерделеді.

Аралау барысында жөндеу жұмыстарының сапасы, ғимараттардың техникалық жағдайы, инженерлік инфрақұрылым, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар қаралды.

Аудан әкімі жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар мектептердің оқу жылын толық дайындықпен бастап, оқу процесіне кедергі келтірмеуін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Басты назар – әрбір мектепте оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Мектептердің жай-күйін тексерді 2.jpg

Тағы да оқыңыз: