Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жаңақорған ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтіп, аудан халқын толғандырған бірқатар мәселелер шешімін тапты. Қабылдауға облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жангелді Шайымбетов, еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы Айжан Бұхарбаева, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Абылай Самыратов қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарына сала мамандары тарапынан денсаулық сақтау, жалпы әлеуметтік салаға қатысты, оның ішінде зейнеткерлік, зейнетақы төлемдері, мүгедектікке шығару, жұмыспен қамту, жалғыз басты аналарға, көпбалалы аналарға берілетін әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар және несиеге байланысты қиындықтар мен құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша заңдылығына қарай кеңестер мен ақпараттар берілді.

Жауапты мекеме басшылары алдағы уақытта осындай көшпелі қоғамдық қабылдаулар жүйелі түрде жалғасын табатынын, сондай-ақ қоғам, халық, тұрғындар тарапынан түскен талап-өтініш, сұранымдар мен ұсыныстар бойынша жұмыстар атқарылып, бақылауда болатынын жеткізді.

1668765099_oo-2.jpg
 

Тағы да оқыңыз: