Жаңақорған ауданындағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімі баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров Kyzylorda-news.kz тілшісіне хабарлады.

«Қазіргі таңда су деңгейі түсті. Түркістан облысы Бабайқорған ауылындағы мәселе біздің ауданға түк қатысы жоқ. Таудан аққан қарғын су тоқтады, арнайы өзекке түсіп ағып жатыр. Елді мекендерге зақым келген жоқ», - деді ол.

Тағы да оқыңыз: