Kyzylorda-news.kz. Адами капиталдың негізін құрайтын білім. Аудан бойынша 42 білім ордасында заманауи талапқа сай оқыту мен тәрбиелеудің барлық тетіктері қарастырылып, жаңаша білім мазмұны әрбір тәлімгер тұлғаның сапалық тұрғыдан дамуына, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз-өзін жетілдіруіне мүміндік көздерін кеңінен ашып отыр. Осындай қамқорлықтар аясында қабілет-қарымын шыңдап, бірлік пен ынтымақтан қуат алған қарашаңырақ қатарында Жайылма ауылындағы №195 орта мектебінің қатарынан озық танылып келе жатқан прогрессивті әлеуетін айрықша атауға болады.
Типтік жобада жаңадан пайдалануға берілген Жайылма мектебі 2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 22 инновациялық мектептің қатарынан танылып, гимназия статусына ие болды. Бұл жетістіктер білім ұясының тынысын тың бағытқа бұрып, педагогикалық ұжымға шынайы жауапкершілікті арқалатқаны шындық.
Білім сапасы, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі көрсеткіштерге қол жеткізу, сонымен қатар материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейімен дараланып, тек жақсы аты шығып жүрген жарқын лепті оқу ошағына ат басын бұрған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовты мектептің жалпы жағдайымен хабардар етумен қатар білім саласы бойынша аудандағы ахуалға терең баға берген аудан әкімі Ғалым Әміреев алдағы уақытта, нақтылап айтқанда, биыл және келер жылы жаңадан үш мектептің құрылысы басталатынын жеткізді. Аудан орталығындағы №169 орта мектебінің құрылысына республикалық бюджеттен 500 млн теңге қаражат бөлініп, қыркүйек айында бастандырылмақ. Ал келер жылға жоспарланған МАИ бекеті мен Жаңарық ауылындағы жаңа мектеп құрылысына алғышарттар әзірлену үстінде екен.
ІТ технологияны меңгеруде алдыңғы қатарлы талап қылып, аймаққа танылған жайылмалық өрендер көптеген жетістікке жетіп жүр. Робототехниканың мүмкіндігі оның қыр-сырын ақыл-ойдың қуатымен бағындыра білген ізденімпаз білімгерлердің бітім-болмысынан баян тауып, келешегіне кемел сенім ұялатты. Үйірме жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі, негізгі мамандығы инженер, ал он төрт жылдан бері ұстаз Ахмедов Оспан 5-11 сынып оқушылары арасында талапкерлермен робототехника, яғни бағдарламаны енгізу арқылы жаңа технологиялық құрал жасау жұмысын үзбей жалғастыруы арқасында шәкірттерінің пәнді терең игергенін, облыстық сайыста оқушылары Айбек Орынбасар және Айбек Асхатұлының І орын алғанын мақтанышпен жеткізді.
Бұл күні көптің көз алдында 6 сынып оқушылары Құлтас Сұңғат және Жолдасбек Райымбектің өздері қолдан құрастырып шығарған лего-конструктордың тұсауы кесілді. Жоба 217 элементтен тұрады екен. Жалпы, мектепте 546 элементтен тұратын 10 комплект өрендер игілігінде. Жеткіншектерді бағдарламаның тілін түзуге баулитын аталмыш пәннің заманауи маңызын басымдықта игеруге талпынғандарға мектеп басшылығы барынша қолдау танытып келеді екен.
Мектеп қабырғасында «екінші ана» ұстаздар да баланың бейімділігіне, қызығушылығына қарай сабақты тартымды етіп, ынтасын оятатындай құрылыммен өткізсе ұтымды болары сөзсіз. Қазіргі уақытта көптеген оқушы «сабақ», «сабақ оқу» сөздерін негатив сынды қабылдайды. Бұған себеп кей мұғалімдердің тапcырма орындамай келген оқушыны сыныптың көзінше «жерден алып, жерге салатындығы». «Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, шайқап сөйлесең көрсетер бір өнер». Осыдан кейін оқушы оқуға ынталану былай тұрсын, сол мұғаліммен өштесіп кетеді. Осы турасында сала мамандарын сөйлетіп көрсек
«Оқушылардың 1,5 жыл білім ордасына келмеуіне байланысты көптеген бала сабақтың ішкі жүйесінен шығып қалды. Осыған орай, балаларды ынталандыру мақсатында арнайы жұмысшыларды жасақтадық. Оның құрамына – мектеп директоры, оқу ісінің орынбасары, тәрбие ісінің орынбасары, психолог маманы кіреді. Сол мамандармен бірге қыркүйек айында 10 күндік өткізіп, оқушылардың оқуға ынтасын анықтау үшін сабақтарға қатыстық. Бір сыныпқа 2-3 реттен кіріп, тұжырым жасадық. Түрлі бақылау тесттерін алып білім деңгейін сараладық. Сонымен қатар жиналыс өткізіп, ата-аналармен де жұмыс жүргіздік. Әр оқушының қай пәнге қызығушылығы, бейімі бар соған қарай ұжымдық жұмыс істеуді қолға алдық», – деді №169 И.Илялетдинов атындағы мектептің директоры Аллаберген Ахметов.
Қай мектепте білім беру үрдісі қалай ұйымдастырылатынын ҰБТ қорытындысы бойынша білуге болады. Біздің ойымыз білім ордаларын салыстырып, салмақтау емес. Оқушының білім-ілім алуға ынта-ықыласын қалай арттыруға болады? Осы сұрақты №56 мектептің ағылшын пәні мұғалімі Эльмира Сұлтанқожақызына қойдық.
«Сапалы білім бере отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жауапты іс деп білемін. Балаға жаңа нәрсені үйрету үшін алдымен оның қызығушылығын ояту керек. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру үлгісінің түрлі стратегиясы мұғалімнің таптырмас қаруы. Күнделікті сабақта осыларды пайдалану арқылы оқушыны жалықтырмай, керісінше ынтасын арттыру керек. Әр оқушы өзіне мұғалімнің мақтау, жылы сөз айтқанын қалайды. Сондықтан әр балаға ерекше ықыласпен қарап, тапсырманы орындамаса артық сөздер айтып ұрыспай, келесіде сабақты орындап келуіне амал жасау керек. Сабақ соңында кері байланыс алу барысында, үлгерімі төмен балаларды «Жарайсың, сен бүгін тапсырманы жақсы орындадың, ертең бұдан да жоғары көрсеткішке жетесің!» деп үнемі қолдап отырамын. Әрине бұл өз кезегінде нәтижеге жеткізеді», – деп жауап берді ол.
Оқушының көзқарасы мен дүниетанымына байланысты пәндерге қызығушылығы әртүрлі болады. Алайда ұстаздың ұстанымы мен ұстыны мықты болса, бәрінен бұрын, біліктілігі жоғары, білімі кемел болса, қандай оқушыны болмасын білімге құмарлығын арттырып, сабаққа белсенді қатыстыра алады. Бұл – психологтардың пікірі.
«Қазіргі заман балаларын әлденемен қызықтыру, сабаққа ынтасын, қызығушылығын ашу оңай шаруа емес. Сондықтан мұғалімге де, ата-анаға да сабырлылық керек. Баланың оқуға деген ынтасы мен қабілетін дамыту үшін ішкі мотивацияға үңілуіміз керек. Ересек адамдарды алып қарайтын болсақ, өзімізге ұнаған нәрсені орындаймыз, сол сияқты баланың ішкі жан дүниесін түсініп, қызығушылығына қарай бағыттаумыз керек. Ішкі мотивацияны ояту ұзақ процесс. Ол көбіне ата-анаға байланысты. Іші мотивацияны ояту үшін баламен одақ құрып, таңдау еркіндігін беруіміз керек. Сонымен қатар, балаға білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажет. Баланың жеткен жетістіктерін талқылап, жақсы іс-әрекеттерін мақтап, жағымсыз әрекеттерін айтудың қажеті жоқ. Баланың алдына нақтылы мақсат қоюына көмектесіп, қол жеткізуіне бағыт-бағдар жасауымыз керек», – дейді №51 М.Қаратаев атындағы мектептің психологы Ақерке Айтжанқызы.
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында». Үйде ата-ана, мектепте ұстаз оқушының білімге құштарлығын оятып, дұрыс бағдар көрсетіп отырса, бәсекеге қабілетті жастарымыз көбейіп, ел еңсесін тіктейтіні анық. Адами капиталдың негізі білімді ұрпақта. Олай болса баланы білімнің қайнар бұлағына қалай тартамыз деген сұрақ өзекті екенін білеміз. Оқушының білім алуға мотивациясын қалыптастыру үшін қандай амал бар? Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтте өзінен үлкен сөмкені арқалап алып апайына қарай асығатын бүлдіршіндер өсе келе неге білімге құлықсызданып кетеді?
Баланы ес біліп, жұмысқа бейімделіп, білім алудың керек екендігін түйсініп, ынталандырып отыру керек. Бұл іске жауаптылықпен қараған әр ата-ана баласының болашағынан зор үміт күтеді. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала ең алдымен үйдегі ата-анадан мотивация алады. Cондықтан отбасыда ерекше қолдау, қадағалау болуы керек. Мектептен төмен баға алған жағдайда жігерін жасытатын әрекеттерге бармай, себебін анықтауға тырысып, сонымен жұмыс жасаған дұрыс. Кейбір ата-ана баланы сыйлық беру арқылы сабаққа ынтасын оятамыз деп қателесіп жатады. Бұл мүлде дұрыс емес. Яғни мұндайға үйренген жеткіншек білім үшін емес, сыйлық алу үшін ғана оқитыны түсінікті. Ал оның болашағына тигізер кері әсері өте көп.
Мектеп қабырғасында «екінші ана» ұстаздар да баланың бейімділігіне, қызығушылығына қарай сабақты тартымды етіп, ынтасын оятатындай құрылыммен өткізсе ұтымды болары сөзсіз. Қазіргі уақытта көптеген оқушы «сабақ», «сабақ оқу» сөздерін негатив сынды қабылдайды. Бұған себеп кей мұғалімдердің тапcырма орындамай келген оқушыны сыныптың көзінше «жерден алып, жерге салатындығы». «Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, шайқап сөйлесең көрсетер бір өнер». Осыдан кейін оқушы оқуға ынталану былай тұрсын, сол мұғаліммен өштесіп кетеді. Осы турасында сала мамандарын сөйлетіп көрсек.
– Оқушылардың 1,5 жыл білім ордасына келмеуіне байланысты көптеген бала сабақтың ішкі жүйесінен шығып қалды. Осыған орай, балаларды ынталандыру мақсатында арнайы жұмысшыларды жасақтадық. Оның құрамына – мектеп директоры, оқу ісінің орынбасары, тәрбие ісінің орынбасары, психолог маманы кіреді. Сол мамандармен бірге қыркүйек айында 10 күндік өткізіп, оқушылардың оқуға ынтасын анықтау үшін сабақтарға қатыстық. Бір сыныпқа 2-3 реттен кіріп, тұжырым жасадық. Түрлі бақылау тесттерін алып білім деңгейін сараладық. Сонымен қатар жиналыс өткізіп, ата-аналармен де жұмыс жүргіздік. Әр оқушының қай пәнге қызығушылығы, бейімі бар соған қарай ұжымдық жұмыс істеуді қолға алдық, – деді №169 И.Илялетдинов атындағы мектептің директоры Аллаберген Ахметов.
Қай мектепте білім беру үрдісі қалай ұйымдастырылатынын ҰБТ қорытындысы бойынша білуге болады. Біздің ойымыз білім ордаларын салыстырып, салмақтау емес. Оқушының білім-ілім алуға ынта-ықыласын қалай арттыруға болады? Осы сұрақты №56 мектептің ағылшын пәні мұғалімі Эльмира Сұлтанқожақызына қойдық.
– Сапалы білім бере отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жауапты іс деп білемін. Балаға жаңа нәрсені үйрету үшін алдымен оның қызығушылығын ояту керек. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру үлгісінің түрлі стратегиясы мұғалімнің таптырмас қаруы. Күнделікті сабақта осыларды пайдалану арқылы оқушыны жалықтырмай, керісінше ынтасын арттыру керек. Әр оқушы өзіне мұғалімнің мақтау, жылы сөз айтқанын қалайды. Сондықтан әр балаға ерекше ықыласпен қарап, тапсырманы орындамаса артық сөздер айтып ұрыспай, келесіде сабақты орындап келуіне амал жасау керек. Сабақ соңында кері байланыс алу барысында, үлгерімі төмен балаларды «Жарайсың, сен бүгін тапсырманы жақсы орындадың, ертең бұдан да жоғары көрсеткішке жетесің!» деп үнемі қолдап отырамын. Әрине бұл өз кезегінде нәтижеге жеткізеді, – деп жауап берді ол.
Оқушының көзқарасы мен дүниетанымына байланысты пәндерге қызығушылығы әртүрлі болады. Алайда ұстаздың ұстанымы мен ұстыны мықты болса, бәрінен бұрын, біліктілігі жоғары, білімі кемел болса, қандай оқушыны болмасын білімге құмарлығын арттырып, сабаққа белсенді қатыстыра алады. Бұл – психологтардың пікірі.
– Қазіргі заман балаларын әлденемен қызықтыру, сабаққа ынтасын, қызығушылығын ашу оңай шаруа емес. Сондықтан мұғалімге де, ата-анаға да сабырлылық керек. Баланың оқуға деген ынтасы мен қабілетін дамыту үшін ішкі мотивацияға үңілуіміз керек. Ересек адамдарды алып қарайтын болсақ, өзімізге ұнаған нәрсені орындаймыз, сол сияқты баланың ішкі жан дүниесін түсініп, қызығушылығына қарай бағыттаумыз керек. Ішкі мотивацияны ояту ұзақ процесс. Ол көбіне ата-анаға байланысты. Іші мотивацияны ояту үшін баламен одақ құрып, таңдау еркіндігін беруіміз керек. Сонымен қатар, балаға білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қажет. Баланың жеткен жетістіктерін талқылап, жақсы іс-әрекеттерін мақтап, жағымсыз әрекеттерін айтудың қажеті жоқ. Баланың алдына нақтылы мақсат қоюына көмектесіп, қол жеткізуіне бағыт-бағдар жасауымыз керек, – дейді №51 М.Қаратаев атындағы мектептің психологы Ақерке Айтжанқызы.
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында». Үйде ата-ана, мектепте ұстаз оқушының білімге құштарлығын оятып, дұрыс бағдар көрсетіп отырса, бәсекеге қабілетті жастарымыз көбейіп, ел еңсесін тіктейтіні анық.
