Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында сексеуіл орманы алқабы жыл сайын ұлғайып келеді. Тұқымы күзде себілетін дала өсімдігін егу желтоқсанның ортасына дейін тоқтамайды. Шөл даланың шырайын кіргізіп тұрған сексеуілдің бұдан басқа да ерекшелігі көп.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында "Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ-і күзге уақыттағы тұқымбаққа кезекті сексеуіл көшеттерін егу жұмыстарын 20 га жерге жүргізді.

«Сексеуіл – шөл далаға төзімді өсімдіктер санатына жатады. Ал теңіз табанының тұзы мен құмын тұсаудың экологиялық тиімді және қауіпсіз жолы – сексеуіл тұқымын егу. Сексеуілдің тиімділігінің бірі көп баптауды, сондай-ақ суды көп мөлшерде қажет етпейді. Өңіріміздің экологиялық мәселесін оңалту да үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз», – дейді мекеме қызметкерлері.

Жалпы, елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймаққа йналдырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары аясында алдағы 5 жылда 467,7 гектар жерге 1,1 млн-нан астам жергілікті климатқа бейімділген ағаш көшеттерін отырғызу жоспарда тұр екен.
 

315885707_1346342956121183_7215299133079046100_n.jpg

Тағы да оқыңыз: