Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.

Аталған жиынға комиссия мүшелері мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы "Аудандық полиция қызметімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар" және "Есірткі қылмыстарының алдын - алу шаралары туралы" сондай ақ, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Тәңірберген Амитұлы Амитов «Аудан көлемінде нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелділерді емдеу бағытында атқарылған шаралар туралы» хабарламасы тыңдалды.

Күн тәртібіндегі меселелер жан - жақты талқыланып, тиісті мекеме басшылары мен кент ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: