Kyzylorda-news.kz Бүгінгі жексенбі Жаңақорған ауданының Ақүйік ауылдық округінде тұратын тұрғындар үшін жауапты әрі айрықша күн.

Себебі ауыл жұрты 4 жыл мерзімге сайланатын жаңа ауыл әкімін таңдап, өз Конституциялық құқығы шеңберінде маңызды қадам жасайды.

Бүгінгі күні Ақүйікте 1394 сайлаушы тіркелген. Мұнда әрбір тұрғын дауыс беру арқылы ауыл өмірін жақсартуға үлес қосуды азаматтық парыз деп санайды.

Әрбір сайлау науқанына ерекше белсенділікпен келетін ауыл ақсақалдары, бірліктің үлгісін көрсететін көше тұрғындары және жас сайлаушылар жексенбілік демалыста дауыс беру учаскелеріне келіп, таңдау жасауда.

Округ бойынша 3 кандидат тіркеліп, сайлау бюллетеніне енгізілген. Олардың 3-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсті. Кандидаттардың орташа жасы – 44.

Таңғы 7.00-де ашылған учаскелерде тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін дауыс беруге мүмкіндігі бар. Егер де сайлау учаскесіне келе алмайтын сайлаушылар жазбаша өтініші негізінде тасымалданатын жәшік арқылы үйден дауыс бере алады. Ол үшін өтінішті түскі сағат 12.00-ге дейін учаскеге жолдауы керек. Учаскеге келген өтініштерге сәйкес, 8 азамат үйден дауыс берді.

Жаңақорған ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтуде 1.jpgЖаңақорған ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтуде 2.jpgЖаңақорған ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтуде.jpg

Тағы да оқыңыз: