Kyzylorda-news.kz. 25 маусымда өткен Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық және Қаратөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.
Құрылған сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 2155 адам енгізілген, оның ішінде Сүттіқұдық сайлау округінде 1185 адам, Қаратөбе сайлау округінде 970 адам.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1560 адам, оның ішінде Cүттіқұдық сайлау округінде 831 адам, Қаратөбе сайлау округінде 730 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 31 адам, оның ішінде Сүттіқұдық сайлау округінде - 24, Қаратөбе сайлау округінде – 7.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 7 адам ұсынылып, 1-і талапқа сәйкес еместігі бойынша, 1-і өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынды, 5-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді, оның ішінде Сүттіқұдық сайлау округі бойынша – 2, Қаратөбе сайлау округі бойынша – 3.
Дауыс беру қорытындысымен Сүттіқұдық ауылдық округінің әкімі болып Абуов Икрам Азизович сайланды.
1983 жылы туған, ұлты қазақ, Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округі аппаратының бас маманы, Сүттіқұдық ауылдық округінде тұрады. Өзі-өзін ұсынған.
- Қаратөбе сайлау округінде дауыс беру қорытындысымен ауылдық округ әкімі болып Манамбаев Женис Абаевич сайланды.
1980 жылы туған, ұлты қазақ, Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылдық округіндегі №229 мектеп директоры. Қаратөбе ауылдық округінде тұрады. Өзі-өзін ұсынған.