Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданынан  шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарын «Интернет қашан келеді, ұялы байланыс қашан қосылады?» деген сауал ерекше мазалап жүргені қашшан. Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Интернет арқылы банктік және әлеуметтік және т.б қызмет түрлерін алу, туристік сапарлар үшін билет алып, қонақ үйді брондауға мүмкіндік мол, сервистік қызмет көрсетудің бірегей платформасына айналды. Бәрінен бұрын, бизнесті дамытудың ұтымды тетігіне айналды. Бірақ осы шексіз мүмкіндікті пайдаланып отырмыз ба? Бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын. Шалғай ауылдардан бөлек, Жаңақорған кентіндегі: Ипподром, МАИ бекеті, Саяжай аумағында интернет жылдамдығы төмен. Бұған не кедергі?Бүгінгі күнді интернетсіз елестету қиын. Бұған коронавирус індеті әлемді жайлап, барлық сала интернетке байланған уақытта көзіміз анығырақ жетті. Енді елдімекендерде мәселенің түйіні шешілер күн жақын.

Соғыс жылдары телефон байланысы мен теміржол желісі стратегиялық маңызды нысан болды. Бейбіт өмірде бұл екі саланың маңызы төмен деген жоқ. Енді бұл қатарға интернет қосылды. Расында интернеті жоқ ел – өркениет көшінен қалған ел. Дәл осы көрсеткіш бойынша мақтана алмаймыз. Бұл жөнінде талай реет жазылды, айтылды. Жауапты сала мамандарын шақырып, жиналыс өткізілді. Содан бері өзгеріс бар ма? Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Бейсенбеков Жасұлан Асанұлынан сұрадық.

«Қазір әлемде ақылды қалалар құрылуда. Олардың толыққанды жұмыс істеуінде, яғни сервистік қызмет түрлерін сапалы көрсетуде 4G қуаты жетпейді. Сол себепті Қытай, АҚШ сымсыз интертен тарататын 5G-ді сынақтан өткізуде. Жылдамдығы өте жоғары 5G-ге сұраныс артты. Жоғары жылдамдықты интернетке біздің аудан да сұраныс жоғары. Әсіресе шалғайдағы елді мекен тұрғындары ұсыныс-талаптарын жиі айтады. Осыған байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов «NurOtan» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес отырысына «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ басшыларын шақырып, аудан тұрғындары үйлеріне интернет желісімен толық қамту мақсатында шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Содан бері провайдерлер тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілді. Алғашқы жұмыстар сәуір айында Қандөз ауылдық округінен бастау алды. Бүгінде Қандөз ауылдық округінде «Транстелеком» АҚ тарапынан 26 үйге интернет тартылды. Егер әлі де тұрғындар тарапынан өтініштер түсетін болса, тұрғындар үйлеріне интернет тарту жүргізіле беретін болады. Оған қосымша Еңбек ауылында да жұмыстар басталып кетті. Одан кейін Машбек ауылдық округіне бет бұрады. Негізгі жұмыстар әуелі Машбек Нәлібаев ауылында басталған болатын. Машбек Нәлібаев ауылында мачталық антеннаны ауылдың биік ғимараты мектептің үстіне орналастырды. Дегенмен ауылда талдың көптігі толқынның таралуына кері әсер етіп, тұрғындар үйлеріне сымды технология бойынша интернет тартуға тура келіп отыр. Қажетті жабдықтардың келуімен Машбек Нәлібаев ауылындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Бұл жерде негізгі мердігер «Транстелеком» АҚ , ал осы жұмыстарды атқарып жатқан қосалқы мердігер яғни инвестор, өзіміздің ауданның азаматы жеке кәсіпкер Садыбеков Марлен. Осы азамат сияқты ауданның қаржылық мүмкіншілігі бар азаматтарды тұрғын үйлерге интернет тартуға инвестор болуға шақырамыз. Бұл өз кезегінде өз ауданымызға жасаған еңбек, сонымен қатар инвестор қаржы сала отырып, уақыт өте келе пайда алады. Яғни, тиісті провайдермен келісімшартқа отырып, тартылған интернет іске қосылған сәттен пайданың бір бөлігін иеленеді».

– Байқауымша, сіз «Транс¬телеком» АҚ жұмысын айтып отырсыз. Ал, «АКМ-INET» ЖШС жайлы не айтааласыз?

– Бұл «Қазақтелеком» АҚ қосалқы мердігер компаниясы. Оларда екі апта бұрын жұмысын бастады. Барлық қажетті құрылғыларын әкеліп қойды. Қазіргі таңда тек «Қазақтелеком» АҚ тарапынан толқынмен жұмыс істеуге рұқсат берілуі тиіс. Тиісті сала мамандары мен күнделікті хабарласып, қадағалап отырмыз. Алдағы аптаның ішінде құжаттары реттеліп, жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз. Негізі, аудан бойынша жыл соңына дейін тұрғындардың үйлеріне интернет тартып бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.

– Сөзіңіз аузыңызда шалғай жатқан ауылдардан бөлек, осы кенттің өзінде интернет қолжетімсіз. Мысалы, МАИ бекеті, Саяжай сынды аймақтарда интернет жоқтың қасы. Бұған недейсіз?

– Рас, ол мөлтек аудандардағы тұрғын үйлер интернет желісімен толық қамтылмай отыр. Жоғарыда атап өткендей, «АКМ-INET» ЖШС құжаттары реттелісімен, тұрғындарға интернет тартуды «Май бекеті» мөлтек ауданынан бастайды. Ары қарай кезектілігімен Ипподром және Саяжай мөлтек аудандарында тиісінше жұмыстар жүргізіледі.

– Интернет түгілі, ұялы телефон қондырғысы жоқ ауылдар да бар. Айталық, Көктөбе ауылдық округі. Ол жақтағы ағайын-туыспен сөйлесу бір ақырет…

– Иә, мобильді байланыс желісі болғанымен, интернет жылдамдығы төмен елді мекендер де баршылық. Мәселен, Байкенже, Билібай, Екпінді, Кейден, Қожамберді, Сүттіқұдық, Сунақата, Май бекеті, Саяжай, Ипподром мөлтекаудандары. Бұл елді мекендер жаңа мачталық-антенна құрылғысын қоюды немесе антенна жылдамдығын арттыруды қажет етеді. Бұл байланыс сапасы нашар елді мекендер бойынша «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитетінің өңіралық байланыс инспекциясына» шағымдар түсіріліп, инспекция тарапынан Қыркеңсе ауылдық округінің байланыс сапасы тексеріліп, тиісті провайдерге инспекция тарапынан айыппұл салынып, байланыс сапасын реттеуге 3 ай мерзім берді. Сол сияқты сәуір айында инспекция тарапынан Май бекеті, Ипподром, Саяжай мөлтекаудандарының мобильді байланыс сапасы тексерілді және тексеру қорытындысымен провайдерлерге инспекция тиісті шаралар қолданатын болады.

Сонымен қатар, жақында аудан әкімінің шақыртуымен Кссел-дің АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Ерлан Тұрсынхожаев арнайы келіп, аудан елді мекендерін аралады. Актив байланысы бойынша мәселесі бар елді мекендерді өз көзімен көріп, тиісті шараларды қабылдауға уәде етті.

– Тағы қандай өзгерістер бар?

– Әлбетте, көңіл қуантарлық жаңалықтар аз емес. Тұрғындардың үйіне интернет желісін тиісті жұмыстар бастау алып, өз нәтижесін көрсетіп жатса, мобильді интернет бойыншабиылғы жылы Көктөбе, Аққұм, Жаңарық, Манап ауылдық округтерінде актив телеоператорының 3G құрылғысы ,ал Бесарық, Шалхия, Талап, Келінтөбе ауылдық округтерінде билайн телеоператорының 4G құрылғысы іске қосылды.Актив телеоператорының 3G құрылғысы іске қосылған ауылдарда байланыс әлі тұрақты емес, яғни байланыс бірқалыпқа түскенше2-3 айдай уақытқа созылады. Ары қарай бәрі өз қалпына еніп, тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды. Тұрғындардың тарапынан мобильді байланыс сапасына кері әсер етіп оырған іс әрекеттер бар. Ол тұрғындардың үйлеріне байланыс күшейткіш репиторлардың қойылуы.Мәселен, Қаратөбе ауылында «Beeline» байланыс операторының базалық станциясы орналасқан. Оны пайдаланатын тұрғындар ұялы байланыс сигналын күшейту мақсатында ретранслятор орнатқан. Бұл құрылғы жеке тұрғындар тарапынан дербес орнатылғанымен байланыс сигналын блоктауға, қашықтан оқитын оқушылардың толықтай мәлімет ала алмауына және жедел қызмет түрлерін (101, 102, 103, 104) шақыруда едәуір қиындықтар туындатады. Біздің тұрғындардан аталған ретрансляторларды үйлеріне қоймауға шақырамыз. 20-30 шақты үйге қойылған ретранслятор бүкіл ауылдың мобильді байланыс сапасына кері әсерін тигізеді.

Әлеуметтік сарапшылар интернетті азық-түлік секілді адамның ең қажетті ресурсына айналғанын дәлелдеді. Цифрлық сауаттылығы жоғары елдер коронавирустан шығыны аз болуда деген дерек те бар. Расында Корея, Сингапур, Тайланд елі кең жолақты интернетті қауіпті індетпен күрес жолында өз кәдесіне жаратып, озық техниканың айтарлықтай қауқарын көруде.Аудандағы бірнеше ауыл тұрғын интернеттің игілігін көре алмай отырғанын аудан басшысы жақсы біледі. Әкім ауыл тұрғындарымен кездесуге барғанында «Транстелеком» АҚ Аққұм, Қосүйеңкі, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Қожакент, Қандөз, Қаратөбе елді мекеніне ұялы байланыс желісі арқылы 4G, 3G интернет желісінің жылдамдығын арттыратынын айтты. Бұған бірнеше айдан кейін қол жеткізіп, 2023 жылы аудан толық интернетпен қамтылады. 

Әрине, тіршіліктің жаңа моделін жүзеге асыру үшін интернет сапалы болуы керек-ақ. Экономика мен әлеуметтік саланы цифрландыру бір сәтте жүзеге аспайтыны түсінікті-ақ. Дегенмен мемлекеттік қызмет түрлерін аудан орталығын жағаламай-ақ, қажетті анықтаманы үй жағдайында жасау бүгінгі күннің басты міндеті. Әйтсе де, ауылда интернеттің сапалы жүргізілмеуінен ауылдағы ағайын орталыққа келуге мәжбүр. Соның бірі – Түгіскен ауылының тұрғыны Перизат Қантөреқызы: «Ауылда қашан интернет сапасы жақсарады? Балаларымның жәрдемақысын алу үшін анықтамаларды алуға орталыққа келемін. Ауылда көп жағдайда желі жоғалып кетеді», – дейді.

Әсіресе, интернет желісі шешілмеген, аудан орталығынан шалғайда жатқан қос ауылдың тұрғындары үшін өте өзекті. Бұл жөнінде коронавирустың алғашқы толқынында тәтпіштеп айтқан болатынбыз. Наурыз айында «Тұрғын саны 250-ден асқан 880 ауылға интернет тартылады» деген Үкіметтің жарғысы шыққан болатын. Бірақ біздің ауданда ешбір ауыл сол тізімге енген жоқ. Себебі неде? Интернет тапшылығы бар Қосүйеңкідегі жұмыс барысы жайында ауыл әкімі Жанай Жанпейісов Activ пен Beeline байланыс компания өкілдеріне «жылдамдықты арттыру» жөнінде өтініш жазып, мамандарын шақыртып, сөйлескенін айтты. Дегенмен бұл да мардымды іске ұласар емес.

– Ауылда Асtiv желісі ұстағанымен WhatsApp қолданудың қиындығы көп. Жолдаған видео, аудио хабарлар ашпайды, тек мәтін жазуға мүмкіндік бар. WiFi ауыл әкімгершілігі, мектеп пен медициналық пунктке қойылған. Қазақтелеком осы жылдың соңына дейін өтініш берген тұрғындардың үйіне WiFi қондырғысын құрамыз дейді, – деді.

Тау жағалай орналасқан ауылда 988 тұрғын бар. Мұнда дәл қазір интернет Е – ғана ұстап, кейде ол да жоғалып кетеді. Ал студент жастар аудан орталығындағы туыстарын жағалап сабақ алуда. Сымсыз байланыс орнатқан тұрғындар арасында көбі интернет жылдамдығы аздығынан құрылғыны қайта өткізіпті. Осы іспетті мәселелерді айтқан ауылдағы ағайын интернет байланысын жақсартып, 4G жиілігін қолдануды сұрап отыр.

Шалғайдағы Көктөбе ауылында 624 тұрғын тұрса да Үкіметтің айтқан игілігін көру мұң болып тұр. Мұны ауыл әкімі Боран Абуов та растап отыр.

– Наурыз айында интернет тарелкелерін құратын болып, байланыс торабының мамандары келіп, іс басталғанымен орта жолда іс тоқтап қалды. Бұған құрылғының Алматы қаласынан келетініндігін себеп етіп отыр. Үкіметтің пәрменінен кейін 880 елдің тізіміне енеміз деген үміт те бар еді. Содан кейін бұл іс әлі қозғайсыз қалып келеді, – деп ашығын айтты.

Көптеген ауыл тұрғындары тек Белайн байланысын ғана тұтына алады екен. Қалған операторлар қызметі қарастырылмаған. WhatsApp-та видио мен сурет мүлде ашылмайтын аймақтар бар. Кенттің МАИ бекеті, Саяжай аумағында интернет нашарлығы тұрғындарды алаңдата бастады. Жазбаша жауапты мекеме басшыларына шағым түсіп те жүр. Біздің ауданда қашан сапалы интернет қосылады? Бұл жөнінде «Қазақтелеком» АҚ Жаңақорған аудандық филиалының директоры Зейнулла Өрғараевтан сұрадық.

– Қос ауылдың тұрғындары интернет игілігін қажетіне жарата алмай отырғанын жақсы білеміз. Осы мәселені түбегейлі шешу жолы қаралуда. Ауылдың географиялық жағдайы ескеріліп, ауыл аймағын бедерлеп, соған орай интернет желісін таратуды мақсат етудеміз, – деді директор.

Интернет жылдамдығы бәсең аумақта интернетті дамыту үшін арнайы 2020 жылдың соңына дейін талшықты оптикалық және LTE-4G желісін жүргізу жоспарда бар. Бұл кезең-кезеңмен жүргізілмек. Жоба аясында жыл соңында дейін 26 ауылдық округтің тұрғыны емін-еркін 4G-нің игілігін көрмек. Бүгінге дейін, тау беткейдегі 9 ауылға интернет желісі тартылды. Тарқатып айтсақ, Жайылма, Шалқия, Байкенже, Құттықожа, Манап, Талап, Қыраш, Қосүйенкі мен Кеңес ауылының мектептері, медициналық бекет пен ауыл әкімдігінің ғимаратына талшықты оптика орнатылды. Кенттегі 6 мектепке талшықты оптика құрылғысы орнатылуда. Атап айтсақ, №125,163, 51, 169, 56 және №3 мектеп интернаты жоғары жылдамдықтағы интернет желісі жеткізілді.

Жыл басынан бері, 350 тұрғын үйге WiFi құрылған. Алдағы уақытта WiFi құрғызу бойынша кент тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру үшін 150 арнайы құрылғыларға тапсырыс берілген.

Тағы да оқыңыз: