Kyzylorda-news.kz.  Жаңақорған ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жолында тұрақты жүйе қалыптастырып, сан салаға серпін ала келді. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге басымдық беріліп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда, газ, ауыз су, жол және жарық жүйесін жаңғыртуда іргелі істермен көрінді. Жаңақорған кентінің келісті келбеті мен ауылдардың ажарлана түсуі көңіл қуантады. Биыл да атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Жаңақорған – бірқатар сала бойынша Сыр өңіріндегі көші ілгері ауданның бірі. Ауылшаруашылығы, өндіріс пен өнеркәсіп, инвестиция көлемі бойынша озық.

Ең алдымен ауданның географиялық биографиясына тоқтала кетсек, Жаңақорған ауданы – Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан аудан. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған.

Ауданның жері Қаратау бөктерінен басталатын төбешікті жазық. Жаңақорған ауданында әйгілі емдік-шипалық қоры «Теріскен» көлінің табиғи қара балшығы мен минералды суы сүйек буын және нерв жүйелері ауруларын, сондай-ақ ішкі ағзалар ауруларын емдейтін емдік қасиеті жоғары, құрамы жөнінен Железноводскінің Смерновский суымен сәйкес минералды су болып табылатын Жаңақорған санаториясы бар. 

Ерте заманда Сыр өңірінің бүкіл қазақ елінің басты қалалары болған Сығанақ, Өзгент, Баршынкент шаһарлары және Хорасан ата, Ақтас мешіті мен Айқожа әулие кесенелері осы ауданның жерінде.

Климаты – континенттік: қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Ауданның негізгі шаруашылық саласы – егін және мал шаруашылығы. Сонымен бірге, Шалқия кен орнында қорғасын, мырыш және әртүрлі фракцияда қиыршық тастар өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді.
Жалпы Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары. Оны биылғы аудан бюджетінің жалпы кірістерінен байқауға болады. Атап өту керек, 2023 жылдың 1-мамырына аудан бюджетінің жалпы кірістері 110,7 пайызға орындалды (болжам 4 305 331,9 мың теңге болған, бюджет кірісіне нақты түскені 4 764 787,9 мың теңге), аудан бюджетіне артық түскені 459 456,0 мың теңге (2022 жылдың 1-мамырына жалпы кірістер 105,6 пайыз, 355 125,3 мың теңге артық түсім болған). 

2023 жылдың 1-мамырына аудан бюджетінің өз кірістері 145,7 пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер 392 121,10 мың теңгеге артық түсіммен, яғни 139 пайызға орындалды (есепті жылға жоспар 1 004 341,0 мың теңге, орындалуы 1 396 462,1 мың теңге). 
Салыққа жатпайтын түсімдер 33 121,1 мың теңге артық түсіммен, 3 902,7 пайызға орындалды (есепті айға жоспар 871,0 мың теңге, орындалуы 33 992,1 мың теңге).
Капиталды сатудан түсетін түсімдер 34 213,8 мың теңге  артық түсім болды (есепті айға жоспар 0,0 мың теңге, орындалуы 34 213,8 мың теңге).

Кенттер мен ауылдық округтердің есепті айдағы өз кірістерін артығымен орындап келеді (есепті айдың болжамы 42 871,0 мың теңге болса , бюджет кірісіне нақты түскені – 146 628,6 мың теңге). 

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру биыл 34 952 млн теңгені құраған. Ал, өңдеу өнеркәсібі бойынша қаңтар-сәуір айларында 22 417,0 млн теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 85,2 пайызға орындалған.

Ауданның негізгі капиталы ауылшаруашылығы саласы екені анық. Былтыр егіс көлемі мен өнімі жоғары нәтиже көрсетті. Оның ішінде әртараптандыру бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әр отбасы өзін-өзі картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуіүшін қосымша жер дайындау жөнінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 196 гектар егін егілді. Бұл жоба әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда өз көмегін тигізді. Биылғы жылы да өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Аудандағы бірнеше шаруашылық құрылымдары су үнемдегіш технологияларды қолданып 30 гектардан астам жерге егін екті. Биылғы меже 37 781 гектарға егiс егу болса, тағы да әртараптандыру бағытына басымдық береміз. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен өзін-өзі қамтитын болады.

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы әлеуеті жоғары бағыттардың бірі. Биыл Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 750,6 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды көрсетіп отыр.

Ауданда бөлшек сауда көлемі 2 243,4 млн теңгеге жетті. Бұл былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда 108,6 пайызды құрайды. 
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9 888,0 млн теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе артып отыр.  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 134,0 млн теңге болып, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 17 273 шаршы метр болып, тиісті кезеңімен салыстарғанда 103,5 %-ды құрап отыр.
Қазіргі уақытта спорт саласындағы өзекті мәселелердің бірі – аудандарда спорт инфрақұрылымын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар көп. Соның бірі аудандағы Машбек Нәлібаев ауылдық округіндегі 120 адамға арналған спорттық кешеннің құрылысы. Нысан 2023 жылдың шілде айында қабылдау жоспарланып отыр.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде Халықты жұмыспен қамту орталығына 3263 хабарласса (оның ішінде жастар саны – 1398), жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 2135 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 65,4 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны – 2497, осыдан келіп бүгінгі күнгі мамыр айына ресми жұмыссыздар саны 2798 құрап отыр. (2022 жылдан 2023 жылға жалғастырушы жұмыссыздар санын қоса алғанда).
Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындарына 276 адам, оның ішінде 134 жастар, әлеуметтік жұмыс орындарына 64 адам, жастар практикасына 17 адам орналасты. 2022 жылдан 2023 жылға 205 адам өз жұмысын жалғастыруда.

Бүгінде қоғамдық жұмыс орындарына 1166, 37 адам мемлекеттік грант ұтып алды, «Алғашқы жұмыс орындарына» 17 адам жұмысқа орналасса, 2022 жылдан 2023 жылға 32 адам өз жұмысын жалғастыруда. «Ұрпақтар келісім шартына» 1 адам тіркелді. 2022 жылдан 2023 жылға 5 адам жалғастырды.

Айта кету керек, «Бастау –бизнес» жобасымен 488 адам оқуға жолданды.-Күміс жас жобасына 69 адам қатысты. Жылпы биылғы жылы 3175 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
Осыдан жоспарланған 3175 жаңа жұмыс орнынан 1598 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 50,3 пайызға орындалды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 264 немесе 18 пайызды құрады. 
Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу жоспарланып, бүгінгі таңға екі жәрмеңке өтті. Онда 30 жұмыс беруші 98 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 11 азаматқа жолдама берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері республикалық бюджеттен 39744,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған 55 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңда 27 жұмыс берушіге 64 адам жолданды. Оның ішінде 24 әйелдер адам бар. Жастар саны – 27. Игерілген қаржы сомасы 9645,0 мың теңгені құрады. Ал жастар практикасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 490590,0 мың теңге қаралып, осыған 395 адам жолдау жоспарланған. Қазіргі таңға 13 мекемеге 17 адам жолданды. Оған 10 әйел жіберіліп, 90000,0 мың теңге игерілген. Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға 797 адамға республикалық бюджеттен 959916,0 мың теңге қаралған. Осыдан бүгінгі таңға 1166 адам жолданды. Әйелдер саны – 806, жастар саны – 478, мүмкіндігі шектеулі адамдардар саны – 40. 28 адам мерзімінен бұрын аяқтап, осыдан 17 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 92529,0 мың теңге қаралып, осыдан 17 адам жолданды. Оның ішінде 10 адам нәзік жандылар. Ұрпақтар сабақтастығын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен ағымдағы жылға 1863,0 мың теңге қаралған. Осыған 3 адам жіберу жоспарланған болатын. Қазіргі таңға 1 адам жұмысқа жіберілді. 2022 жылдан 2023 жылға 5 адам жалғастыруда. Күміс жас жобасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен ағымдағы жылға 36515,0 мың теңге қаралған. Осыған 42 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 69 адам жіберілді.

Ауданда соңғы 5 жылда кәсіпкерлік саласында серпін өте көп. Шағын кәсіпкерліктің көкжиегі кең.
2023 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6605 болып, өткен жылмен салыстырғанда 18,5 процентке артқан. Ондағы белсенді субъектілер саны 6349 бірлік немесе 96,1 процент. Аудан бойынша 2022 жылы барлық қаржы көздерінен 131 жобаға 1 миллиард 578,4 миллион теңге несие алынса, 396,5 миллион теңгенің 361 жобасына мемлекеттік гранттар жеңіп алынды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекеттік гранттар беруге байланысты 360 жоба 395,5 миллион теңгені құрайтын грантты жеңіп алды.

2023 жылы тағы 3 мектептің (Жаңақорған кентіндегі 600 орындық, Жаңарықта 300 орындық, Байкенжеде 150 орындық) құрылысы басталса, Жаңақорған кенті МАИ бекетіндегі мектеп құрылысы да аяқталатын болады. Осы мектеп құрылыстары аяқталған соң аудандағы проблемалық мәселе толық шешімін табады.Өткен жылдың соңында Жаңақорған кентіндегі 2 мектеп пен Бірлік елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Халықтың рухани азық алуына бар мүмкіндік жасау – міндетіміз. Республикалық, облыстық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Өзгент, Жайылма ауылдарында 150 орындық клуб құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың I-ші жартысында оларды да пайдалануға берілетін болады. Тағы 3 елді мекенде (Екпінді, Кеңес, Көктөбе) клуб салуға жоба жасалды.Спорт саласында аудан спортшылары үздік нәтижелер көрсетуде. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қожамберді ауылында жеке инвестор спорт кешені құрылысын салып бітірсе, Ақжол елді мекенінде ҚР Ұлттық Қорынан берілетін қаражаты есебінен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар 3елді мекенге (Шалқия кенті, Жаманбай батыр және Өзгент ауылдық округтері) спорт кешенін салуға жобалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мемлекет басшысының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты ауданда ауқымды жобалар жүзеге асты. «Азимут-М» ЖШС-і аудан орталығынан жоба құны 790 млн теңгені құрайтын демалыс паркін салды. Паркте, аттракциондар, субұрқақтар, спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдары орналасады.Аудандық бюджет есебінен жаңадан тренажер құрылғылары орнатылған 10 шағын спорт алаңы пайдалануға берілді.

Жаңақорған кентіне «Самара-Шымкент» автомобиль жолынан кіретін арка жаңғыртудан өтсе, Жаңақорған кентіне Сырдария өзені жағынан кіретін жолға жаңадан арка орнатылды. Хорасан ата көшесіндегі аудандық мешіт алдындағы аумақ абаттандырылып, үлкен сағат қойылса, Хорасан ата мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысына айналма жол салынды. Хорасан ата мен А.Иманов көшелеріндегі шағын аркаларды жаңа орнаменттермен өрнектеп, түрлі-түсті жарық шамдар қойылды.
 

Тағы да оқыңыз: