Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, туындаған мәселелерді шешудің жолдарын түсіндіруді және қарастыруды тапсырған болатын. Осы ретте, Жаңақорған аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов және Жаңақорған ауданының мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков ауданымыздың тау беткейіндегі Манап, Талап, Жаманбай батыр ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Әрбір кездесуден соң аудан басшысы ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Талап ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдірейімов елді мекенге газ жүйесін жүргізу жөнінде сұрақ қойды.

«Биыл Бірлік және Қыраш ауылдық округіне газ жүйесін жүргізу жұмыстарын толық аяқтап, жыл соңына дейін екі елді мекен көгілдір отынның игілігін көретін болады. 2023 жылы Шалқия, Құттықожа мен Төменарыққа газ тарту жұмыстарын жүйелейміз. Оның ішінде Төменарық аймағындағы Екпінді, Сунақата, Сүттіқұдық, Қожамберді, Жайылма ауылдық округтер мен Кейденнің де мәселесі шешіледі. Одан кейінгі жылы Сыр мен тау беткейіндегі елді мекендерге газ құбыры тартылады. Оның да жолын қарастырудамыз. Бұйырса 2025 жылға дейін оның да шаруасы шешіліп қалады. Егер жоспарымыз орындалса, 3-4 жылдан кейін ауданға толықтай газ келеді», – деді аудан әкімі.

Манап елді мекенінде өткен жеке қабылдауға "Толағай Р" жеке балабақшасының меңгерушісі Назира Өтебаева 50 орындық балабақша ғимаратын №160 орта мектеп жанындағы интернат ғимаратына сатып алуды ұсынды. Аталған ұсыныс бойынша аудан әкімі бірінші көне мектеп интернатқа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жасалынатын жоба сметалық құжат жобасының құнын анықтау қажет екендігін, ал егер кәсіпкер ұсынып отырған ғимарат бағасы тиімдірек болса сатып алуға болатынын жеткізді.

315394283_3298891183692555_1839938341036524611_n.jpg

Тағы да оқыңыз: