maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz.  Жергілікті кәсіпкерлердің атсалысуымен қаламыздың сәулеттік келбетіне көрік берген ғимараттар, кешендер, қала халқының жайлы тұрмыс кешуіне барынша ыңғайлы жағдай жасалған сауда орталықтары бой көтеруде.

Соның бірі, бүгін Қызылорда қаласында С. Жүнісов көшесі бойынан «Дәстүр» шағын маркеті өз жұмысын бастады.

Бұл нысанның ашылу салтанатына арнайы қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев пен еңбек ардагері Сәпен Аңсатов халық игілігіне пайдалануға берілген нысанның тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып, сапалы қызмет етуін тіледі.

Кәсіп иесі Бейбарыс Аманғалиев жаңа нысанда 32 адамды тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтығалы отыр. Екі қабаттан тұратын жаңа ғимараттың жалпы аумағы 1300 шаршы метрді құрайды және 20 автокөлікке арналған тұрағы қарастырылған. Сауда нысанының сөресінде 54 млн. теңгені құрайтын 3000-ға жуық тауар түрі бар. Сондай-ақ, "Дәстүр" атауымен белгілі 20-ға жуық сүт өнімдері мен 15 түрлі нан өнімдерін ұсынады. Сауда нүктесінде келушілерге 2 касса қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, «Дәстүр» сауда нысаны 2018 жылдан бастап бөлшек саудамен айналысып келеді және халыққа өзінің сапалы сүт өнімдерімен танымал.

399401781_3473003652966368_4855263394892519077_n.jpg

 

398204509_3473003542966379_341256528947770646_n.jpg

397301916_3473003509633049_1124285990720895453_n.jpg

Тағы да оқыңыз: