**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Жаңа жыл қарсаңында елімізде заңсыз шырша кескені үшін қандай жаза қарастырылғанын білесіз бе?** Тиісті сала мамандарының айтуынша, заңсыз шырша кескендер 300 мың теңгеден аса айыппұл төлеп, 30 күнге дейін қамалатын көрінеді. > _«Заңсыз ағаш кесу, ағаштар мен бұталарға залал келтіру және жою» кодексіне сәйкес, орманда заңсыз ағаш кесу кезінде ұсталған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кінәлі адамға 120 АЕК дейін (303 мың теңге) айыппұл салынады немесе 30 күнге дейін қамалады. Егер де, оталған немесе жойылған ағаш орман қорына тиесілі болса, онда айппұл көлемі 160 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейін (404 мың теңге) айыппұл салу, 160 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 күнге дейін қамау жазасы қарастырылған», – дейді сала мамандары._