Kyzylorda-news.kz Талап ауылдық округі әкімі аппараты және ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен ауыл әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы мерекелік шарасы болып өтті.
Жаңа жылдық балалар шыршасына ауылдың көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.

Мерекелік кеште ауылдың дамуына үлес қосып, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысқан ауыл азаматтары арнайы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, елді мекеннің дамуына елеулі үлес қосқан аналарға Ел Президентінің «Күміс алқа» наградасы салтанатты түрде табысталды.
Ауыл әкімі балаларға тәттілер мен жаңа жылдық сыйлықтар беріліп, керемет мерекелік көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, осындай мерекелік шара ауданымыздың барлық елді мекендерінде ұйымдастырылды.

