Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында 13–30 шілде аралығында өтіп жатқан республикалық «Жаңа жол» акциясы аясында сотталған азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделенді және кездесіп отырған мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, әлеуметтік бейімделу, ресми жұмыспен қамтылудың маңыздылығы, мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, олардың қоғамға бейімделуіне қатысты ұсыныстар айтылды.
