Жаңа заңда педагогтардың кәсіби біліктілігіне қарай жалақысы артады – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңа заңда педагогтардың кәсіби біліктілігіне қарай жалақысы артады

13.01.2020, 15:20

801 1

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова журналистерге брифинг ұйымдастырды.

Брифингте жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңда көзделген негізгі міндеттер мен педагогтарға берілетін айрықша мүмкіндіктер туралы айтылды.

Бұдан былай магистр дәрежесі бар мұғалімдер үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған. Сондай-ақ, білім беру ұйымына алғаш рет келген жас мұғалімге Тәлімгер бекітіліп, әрбір тәлімгерге 17 697 теңгені қаржы қаралады.

Дәптер тексергені және сынып жетекшілігі үшін де үстеме қаржы көзделіп отыр. Бұған дейін сынып жетекшілікке 4424-5309 теңге аралығында төленсе, 3533-4424 теңге аралығында дәптер тексеруге төленген болатын. Ендігі төлем екі есе артпақ.

Брифингте басқарма басшысы педагогтың кәсіби қызметіне кедергі келтірген, Заңды бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершіліктер көзделгенін атап өтті.

Кездесуде Майра Тұрғанбайқызы журналистердің сауалдарына жауап беріп, нақты түсіндірме жүргізді.

1

  • Осы жазғанымды оқып,мәселені ескере айтайын дегенім.Мен Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне əлеуметтік педагогпын.2019 жылы бірінші санатқа өттім портфолиуммен.Соған қосылған ақша 156(жүз елу алты тг) 26 жыл педагогика старым бар.Күннен күнге мүгедек балалар көбеюде.Жалпы түзеу кабинетінің нормативтері білім саласынан тыс қалған.Мектепке байланысты толықтырулар тек қана

Пікір қалдыру