Kyzylorda-news.kz Отбасы орталығында өңірлік коалиция өкілдерінің қатысуымен кәсіпкер арулармен кездесу өтті.Онда коалиция мүшелерімен Ата Заң жобасындағы нормаларлың кәсіпкерлік саласына ықпалы жан-жақты талқыланды.
Кездесуді "Анаға тағзым" орталығы директорының Креативті индустрия және отбасы жөніндегі орынбасары Жасұлан Алдабергенов жүргізді.
Жиын барысында өңірлік коалиция мүшесі Майра Боранбаева Қазақстандағы конституциялық дамудың тарихи кезеңдері туралы баяндама жасап, елдегі құқықтық жүйенің қалыптасуындағы негізгі бағыттарды жеткізді.
Сондай-ақ өңірлік коалиция мүшесі Динара Ибадуллаева конституциялық реформалардың құқықтық негіздері мен олардың қоғамдағы маңызы туралы жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.
Жиын соңында өңірлік коалиция өкілдері қатысушыларды 15 наурыз күні референдумға қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.
