Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ұйымдастыруымен «Жаңа толқын жобалары» жастар саясатын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы болып өтті. 

Оған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студент жастары қатысты. 

Байқаудың мақсаты облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен жобаларды қолдау, жастарды ізденуге және бос уақыттарын өткізудің тиімді, әрі белсенді формаларын тарту мен ынталандыру, өңірде іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның және азаматтардың өздерінің күшін біріктіру болып табылады.

Байқауға 15 қатысушы жобаларын ұсынды. Жобалар бойынша презентациялары тыңдалды. «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Айбек Дайрабай, Жастар ресурстық орталығы КММ бөлім басшысы Алмат Смайылов, қалалық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының маманы Медет Жорабек әділ қазылық етіп, жоба жеңімпаздарын анықтады.

Байқауда жастарға қажет әлеуметтік жобаларға ерекше басымдық берілді. Байқаудың нәтижесі бойынша «Болашақ» университетінің студенті “IT еріктілік. Цифрлы Қазақстан барлығы үшін!” жобасымен Нұрдәулет Дайырбек бірінші орын, №8 П.Д. Осипенко атындағы орта мектеп оқушысы “Онлайн тілдер мектебі” жобасымен Аружан Әбдіржан екінші орын, Жалағаш ауданы, жобаның ең жас қатысушысы Ш.Ермағамбетов атындағы №264 орта мектеп оқушысы Мнаж Эльдар “Сыр балығын қолдан ұрықтандыру” жобасымен үшінші орын алып, бағалы сыйлықтармен марапатқа ие болды.

Тағы да оқыңыз: