Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі Ғ.Мұратбаев және Қ.Бөдеев көшелерінде жаңадан салынып жатқан балалар ойын алаңдарының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аталған жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Арнұр» жеке кәсіпкері жүргізуде. Қазіргі таңда ойын алаңдарының аумағын абаттандырып, газон төсеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың айналасын көріктендірумен қатар, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Аудан әкімі құрылыс барысын бақылап, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес орындалуын тапсырды.

Сырдария ойын алаңдары 2.jpg

Тағы да оқыңыз: