Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауында елде жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген болатын. Бұл бағыттар жөнінде Президент VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында кеңінен тарқатқан еді. 

Қай кезде болмасын мемлекетті құрайтын халық. Сондықтан, алдымен қарапайым жұртшылықтың мұқтаждығына құлақ асу, өтініштерін орындау бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке жеделдете отырып  жаңа жоспар түзу туралы тапсырмасы көптің ойынан шыққаны даусыз. Оның ішінде көтерілген бірқатар мәселелер орынды қабылданған шешім болды.Бұл тапсырма мүлтіксіз орындалатын болса, халқымыздың әлеуеті де, хал-ахуалы да жақсара түсетіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатына елеулі ревизия жасау жөніндегі алға қойған міндеттері халықтың ұмтылысын көрсетеді. Сайып келгенде қастерлі құндылығымыз, азаттығымыздың айғағы – тәуелсіздігімізді сақтап қалу, оны баянды ету үшін жасалатын игі істер болмақшы. 

Әрбір саяси жүйе сол кездегі тарихи жағдайға сәйкес келеді. Сол үшін жағдай өзгергенде саяси жүйе де өзгереді. Біз осы күнге дейін алдымен экономика, одан кейін саясат деп келгеніміз жасырын емес. Осы модель шегіне жетті. Жолдауда айтылған өзгерістердің расында халықтың өміріне әсер етуі үшін бізге азаматтық белсенділік керек.

Айнұр ӘЛИ
 

Тағы да оқыңыз: