Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Бүгін ақпараттық-түсіндіру штабының төрағасы Ғани Сүлейменов әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының әзірлену кезеңдері, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі қызметі және ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ заң жобасының қоғам дамуына және құқықтық негіздерді жетілдіруге ықпалы айтылды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, сала мамандары өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жалағаш жаңа Конституция 2.jpg

Тағы да оқыңыз: