Kyzylorda-news.kz «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері орман шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуге аумақтық коалиция мүшелері Ақтөре Ибрагимұлы, Марат Бакуов, Жанна Сәркеева, Абай Мейрамбеков қатысты. 

Кездесу барысында сала өкілдеріне елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалардың мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғамды жаңғыртудағы рөлі және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі орны жан-жақты талқыланды.

Кездесуде сөз алған аумақтық коалиция өкілі Марат Бакуов реформаның маңызына тоқталды.

– Бүгінде Конституцияның жаңа жобасы қоғамда кеңінен талқыланып, азаматтар тарапынан түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылуда. Бұл – халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, мемлекеттік маңызы бар шешімдерге белсенді қатысуға дайын екендігін көрсетеді. Сондықтан Жаңа Конституция жобасы саяси жүйені одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Осы ретте, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тарихи сәтте сырт қалмай, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауда белсенділік танытуы қажет деп білемін, – деді Марат Бакуов.

Өз кезегінде сала өкілдері алдағы референдумға қатысатынын жеткізіп, ой-ұсыныстарымен бөлісті. Жиынды қорытындылаған коалиция мүшелері жиын қатысушыларын еліміздегі саяси өзгерістер науқанынан қапы қалмауға шақырды.

Референдум 2.jpg

Тағы да оқыңыз: