Kyzylorda-news.kz Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңа конституция - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.

Спикер ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD философия докторы Эльмира Тойлыбекова Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндама жасады. 

Кездесу барысында сала мамандары жаңа Конституция жобасын талқылап, енгізілетін өзгерістерге қолдау білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси жаңғырулардың қорытынды кезеңі – жаңа Конституция жобасының маңызы кеңінен талқыланды.

Тағы да оқыңыз: