Kyzylorda-news.kz Қалалық электр тарату тораптарының қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен енгізілетін өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, оның қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
Кездесуге айтыскер ақын, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрмат Мансұр мен қалалық электр тарату тораптары басқармасының басшысы Нұрбол Әбдіқалықов қатысып, тақырып аясында мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар ұсыныстарын білдірді. Мұндай кездесулер қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық белсенділікті күшейтуге ықпал етеді.

