Kyzylorda-news.kz Биыл аймақ басшысының қолдауымен қаладағы 20 аулаға заманауи балалардың ойын және спорт алаңдары салынуда. Оған жергілікті бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлінді. Жұмыстарды «Еңбек РГП» мердігер мекемесі жүргізуде.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарының сапалы және мерзімінде орындалуы күнделікті қадағалануда.

Бүгін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дархан Бақтияров нысандарды аралап, жұмыстың орындалу барысын көрді.
Айта кету керек, жаңа ойын алаңдарының салынуымен қатар, басқа да аумақтардағы осындай орындар қайта жаңғыртылып, тазалығы жүргізіліп отырады.

