Kyzylorda-news.kz. «Qosyl Qyzylorda Jastar» орталығында «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шара жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тұсау салуды өселең ұрпақтан бастап, қолға алуға бағытталған. Шараның жас толқынға әсері зор. Өйткені, жастар жас шыбық тәрізді, қалай исең солай өседі.

Жастардың бойында елжандылық, отаншылдық, адалдық қасиеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызымен Syr Jastary орталығы директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы, орталық қызметкерлері және жастар қатысты. Басқосуда сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік феномен ретінде қарасытыру, сыбайлас жемқорлықтың тарихи түп-тамырлары мен күрделену жолы, сыбайлас жемқорлықпен қазіргі таңда күресу мен алдын алу жолдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірмелер жасады.

«Жастардың білімді, салауатты, рухты болуы маңызды. Сонда ғана олар алдынан шыққан кедергілерді жеңе алады. Бойында сыбайлас жемқорлыққа мәдениет қалыптасады. Біз үшін ешқашан ерте де, кеш те емес. Жастардың бойында жат әдетке қатысты иммунитетті осы кезден бастап қалыптастырғанымыз жөн. Сонда ғана осы толқынның бойында осындай қоғамның жегі құрты болмайды. Әлбетте, әрбір шараның бір берері бар», – деді Жанар Жалғасбайқызы.

Мамандар қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді. Бүгінгі жастың көзқарасы қалыптасқан, арман-мақсаты айқын. Сондықтан, талантты жастардың тау биікті еңсеріп, жарқын болашаққа басқан әрбір қадамы мемлекет мүддесімен тығыз байланыста болары анық. 

Тағы да оқыңыз: