Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы аудандық Жастар ресурстық орталығы аудан әкімдігінің қолдауымен«Жастар керуені» атты кереметтей жобаны қолға алған еді. Ауыл-аймақты аралап, ынжырғасы түскен ауыл жастарының еңсесін көтеруді мақсат тұтқан топ діттегеніне жетті. Игі шара биыл жалғасын тауып, орталық жастары маусым айынан бері біршама елді мекенге сапар шегіп қайтты. Бүгін соның бірқатарына тоқталмақпыз.
Ақсуат ауылындағы ауыз толтырып айтар шарадан соң керуен көшіМайлыбас ауылдық округіне аялдады.Ең әуелі«Tulga bol» жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жәрмеңке өтті.
Онда аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары жеке қабылдау өткізді. Яғни, түрлі сала мамандары ауыл тұрғындарына кеңестер беріп, қойылған сауалдар жауабын да берді.
Сондай-ақ көлік-техникалық колледжінің мамандары биылғы бітіруші түлектерге білім ошағындағы қажетті мамандықтар мен жеңілдіктерді ұсынды.
Ауыл жастарының басын қосқан шараконцерттік бағдарламағаұласып, өнерпаздар ән шырқап, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңындакеруен регламентіне сайалау басындағы жастардың кездесуі өтті. Еркін форматта ашық диалог жүргізіліп, танымал ақындар жыр-ғазалдарынан өлең оқылды. Бұдан бөлекалау басына жиналғандар ұсыныс-пікірлермен қатар ауылдағы шешімін таппай жүрген мәселелерді ортаға салды.
Арықбалықтағы ауқымды шара
Араға көп уақыт салмай «Жастар керуені» Арықбалық ауылдық округіне де жетті.
Әдеттегідей жастарға ақыл-кеңес беру жәрмеңкесімен басталған ауқымды шара түрлі сайыстарға жалғасты.Дәлірек айтсақ, ауыл спортшылары арасында үстел теннисінен тартысты турнир өтті. Бірі-бірінен озған арықбалықтықтар тән саулығын сақтайтынын дәлелдеп, аталған сайыста белсенділік танытты.
Бұл уақытта ауылдың жасанды газон алаңында кіші футболданжарыс өтіп жатты. Батыр баба ауылын мекендеген ағайын мұнда да спорттың қай түрінен болмасын осал еместігін танытты.
Мұнан соң көпті күткенкеліндер сайысы да жетті. Қазақы салт-дәстүрді жаңғыртып, қарапайым ауыл келіндерінің өмірі мен өнерін дәріптейтін бұл сайыстың басты мақсаты – келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын, салт-дәстүрді ұстануын, отбасы құндылықтарын насихаттау болып табылады.
Сайысқа әдептен озбай, инабат пен ибалылықты қатар алып жүрген жас келіндер қатысып, түрлі кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салып, тіпті ошаққа астын қыздырып, ұлттық қазанжаппай пісірді.
Одан кейін алакеуім уақытта ауыл тұрғындарын орталық алаңға жинаған гала концерт басталып, онда сайыс жеңімпаздарына марапаттар мен түрлі номинациялар табысталды.
Артынша арықбалықтықтар алау басына жиналып, сүбелі сөздер сөйлеп, тұрғындардың өзекті мәселелеріне тұшымды жауаптар берілді. Осылайша батыр баба ауылындағы кеш те мәресіне жетті.
Ауыл кеші көңілді
Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып жатқан жобасы ат басын Қарашеңгел ауылдық округіне тіреді.
Мұнда да ауыл тұрғындары өз ара спорттық сайыстарда сынға түсті. Нақтырақ айтсақ, елді мекенде Т.Ақжігітов, Жалаңтөс батыр, Ә.Тілеубаев, Қ.Пірімов, Т.Елеусізов көшелерінің тұрғындары және оқушылар құрамалары арасындаволейболдан жарыс өтті.
Сонымен қатар үстел теннисінен турнир және «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» атты ауыл сәніне айналған келіндер сайысы да өтуден шет қалмады.
Одан бөлек, «Құмар ойын құрдымы» атты жасөспірімдермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жалпы елімізде бір ғана жылда құмар ойын құшағында миллиондаған жастар кеткен. Олардың көбі кеселді ойынның кесірінен өмір жібін үзген. Дөңгелек үстелде мамандар ауыл жастарына мұндай жолдан алшақ жүру керектігін айтты.
Мұнан соң Жалаңтөс батыр ауылындағы кеш көңілді концертке жалғасып, жоба аясында таңнан кешке дейін өткен сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Оған қоса аудан және ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп, ауыл халқына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Әлеуметтендіру әлек салдырмайды
Аудан жастарының уақытын тиімді пайдаланумен қатар әлеуметтендіру және жастар саясатын жүргізуді мақсат тұтқан «Жастар керуені» Аранды ауылдық округіне бағыт алды.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» бағдарламалары және NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру ісінде маңызды рөл атқарып келеді. Мұндай бағдарламалармен хабардар етіп, жастарға жан-жақты бағыт-бағдар беріп келеді. Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі А.Алпамыс «Болашақ» бағдарламасы бойынша кеңес берді.
Бұдан бөлек жастар архитектуралық ескерткіш Орақ батыр мұнарасымен танысты. Сондай-ақ жаугершілік заманда елін қорғаған хас батыр туралы толық тарихи мағлұматтар алды.
Онан соң әдеттегідей ауыл тұрғындары арасында түрлі сайыстар өтіп, өнерпаздар кешкі концерт қойып, кейін алау басында құйқылжыта күй ойнап, әуеле әндетті.
Жастар жайы жақсаруда
Керуеннің шырайлы шарасы Бозкөл ауылдық округінде төрткүл дүниеге елімізді танытқан, егемендігіміздің нышаны, жас қаламыз, бас қаламыз – Астанамыздың 25 жылдығымен тұспа-тұс өтті.
Ауылға аяқ басысымен аудан жастары мен орталық мамандары халық аузында Қара дүкен аталып кеткен Жәлен ата мұражайымен танысты.Әулие, бақсы, ұста, қолөнер шебер 1904-1983 жылдар аралығында өмір сүрген Жәлен Ерімбетұлына жер-жерден дерті дендеген жандар келіп, құлан таза айығып кеткен.Жастар осы сынды ауылдың тарихи, көрікті жерлерінде шолып шықты.
Онан соң кезек мамандар кеңесіне келіп, ауыл тұрғындары және жастары көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Ол үшін аудандық жастар денсаулық орталығы, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары жеке қабылдау өткізді.
Одан кейін кеш Елорда күнімен қатар өткен, ауыл жастарының басын қосқан шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жастардың өнерін тамашалады.
Жастармен еркін форматта ашық диалог жүргізіліп, ән айтып, өлең оқып, ұсыныстар мен ауылдағы шешімін таппай жүрген мәселелерді ортаға салды. АуданәкіміаппаратыныңбасшысыРинад Тілеп арнайыұсыныс-тілектердіназарғаалып, алдағыуақыттажұмысжоспарынақосылатындығынайтты.
Ақжоналықтар дән риза
Аудан жастарының елді мекендерді аралап, жастарды қолдау мақсат еткен «Жастар керуені» жуырда Ақжона ауылдық округінде болды.
Қарғатамырлықазақтыңәрбірініңтүптамырыауылменсабақтасады. Туғантопырақтыңбірсүйемжерініңауылазаматынаыстықболатыны да сондықтан. Пейілікең, көңілідархан, қойнауықұтқа толы, береке-базары үзілмеген Ақжоналықтар ауызбіршілік һәм белсенділік танытып, ауылда өткен әрбір шараға етене араласты.
Ауыл орталығынан орын алған ауқымды шарада кәсібін дөңгелетемін деген жасқа аудандықкәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары, ал егін егіп, жергілікті жердің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосамын деуші жастарға ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары сынды бөлім мамандары ақыл-кеңестерін беріп, олардың әрбірінің қойған сауалының айқын шешімін тауып беруге үлестерін қосты.
Шара ауылдағы ат құлағында ойнап өскен жігіттердің өзге де спорт түрлерінен сынға түсуіне жалғасып, ондағылар тартысты ойындар көрсетті.
Онан соң ымырыт жабыла ауыл аспаны түрлі-түсті жарық шамдарға боялып, гала концертке ұласты. Мұнан кейін ауыл жастары алау басына жиналып, еркін сұхбат құрды.
«Жастар керуенінің» біздің ауылға аялдағанын көп күттік десек болады. Себебі кең көлемді шарада бәрі қамтылған. Білікті мамандар кеңесі, спорттық сайыстар, көңілді кеш пен ең бастысы әрі қызықтысы алау басындағы сүбелі сұхбат. Осындай игі бастаманы көтеріп жатқан атқамінер азаматтарға, ағаларға алғысымыз шексіз. Бұйырса, жоба әлі де жалғасын табады деген үміттеміз», – дейді Арман есімді ауыл тұрғыны.
