Kyzylorda-news.kz Тәуелсіздік жолында күрескен қаһарман жерлесіміз Батыржан Шалғынбаевтың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Қызылорда облыстық архивімен бірлесе отырып «Ауғанның отты жылдары» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві басшысы орынбасары Жанат Алтынбаева, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы, полковник Ермек Досаев , «Застава Тарландары» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Асан Худояров, Батыржан Шалғынбаевтың ағасы Мырзабай Шалғынбаев, Ауған соғысының ардагері Алмабек Сәулебеков және  Сәдірбек Омаров қатысып, жастарды білімділікке, отансүйгіштікке, туған жерге қызмет етуге шақырып, тағылымды ойларымен бөлісті. 

Сондай-ақ іс-шара барысында өнерпаз оқушылар әсем ән айтып, Б.Шалғынбаевтың өмірінің соңғы сәттерінен үзінді көрсетті.  Батырдың елге жазған  хатының сөзіне негізделген “Соңғы хат” әнін салтанатты түрде хормен орындап шықты. Сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерге құрмет көрсетілді.

Фото: Қызылорда облыстық архиві

Тағы да оқыңыз: