Kyzylorda-news.kz  2024 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жалпыға бірдей декларацияның ерекшеліктері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жалпыға бірдей декларациялау: 2025 жылы мұны кімдер және қалай тапсырады.

2025 жылы жалпыға бірдей декларация тапсыруға міндетті азаматтардың қатарына:

Шетелде мүлкі бар Қазақстан азаматтары мен резиденттері;
Мемлекеттік және сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;
Банктердің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болуға өтініш берген тұлғалар;
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және т.б.);
Қазақстанда және шетелде 20 000 АЕК-тен астам (2024 жылы бұл шамамен 73 840 000 теңге) сомада ірі көлемдегі сатып алу жасаған азаматтар.

Шетелде мына мүліктер декларацияланады:

Жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
Шетелдік компанияларға немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
Шетелдегі банк шоттарындағы қаражат (егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен асса);
Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
Делдалдық шоттардағы ақша;
Зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;
Цифрлық активтер;
Дебиторлық/кредиторлық қарыз;
Инвестиция және бағалы металдар;
Құны 1000 АЕК-тен асатын мүлік (мысалы, антиквариат, сәнді заттар).

Сондай-ақ Қазақстанда және одан тыс жерлерде 20 000 АЕК (2024 жылы 73 840 000 теңге) астам ірі көлемдегі сатып алулар жасаған тұлғалар декларация тапсыруға міндетті.

“Декларацияны өз еркімен тапсырған жағдайда азамат 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және болашақта жеке тұлғаның шығыстарын растайтын басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялай аласыз. Қолма-қол ақшасының сомасы 10 000 АЕК-тен асатын азаматтар (2024 жылы бұл 36 920 000 теңге) бұл қаражатты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына салуы қажет”, – делінген хабарламада.

Декларацияны қалай тапсырады?

Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасымен, "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz), Cabinet.salyk.kz арқылы тапсыруға болады.

Фото: Рixabay.com

Тағы да оқыңыз: