maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Тапсырыспен жиһаз жасатуға елдің де сұранысы арта түскендей. Осы орайда Қызылорда қаласындағы жалпы жұртқа танымал «ЖАНиШ» ЖШС-н таныстырып жатудың өзі артық болар. Өз өнімі арқылы көп көңілінен шыққан «ЖАНиШ» ЖШС директоры, белгілі кәсіпкер Жалғасхан Кулекенов кәсіпкерлікке қадам 2000 жылдан басталды. Уақыт талабына сай бір кәсіп көзін тауып, кәсіпкерлікке айналысуға отбасымен ақылдаса келе бастады.

Кәсіпкердің айтуынша, ең алдымен халықтың сұранысына сай, қажетті кәсіппен айналысуды ой елегінен өткізе келе, қызығушылықпен осы жиһаз жасау цехын бастап кетті. Тапсырыспен жиһаз жасау қызметі көптің көңілінен шығып, өзінің қалауына сай жиһазға қол жеткізуге мүмкіндік жасауда.

«Ең бір атап айтарлығы, біз сапасыз дүние жасамаймыз. Бұл ретте Австрияның «BLUM» фирмасымен тығыз байланыстамыз. Өнім сапасы жағынан әлемге белгілі фирмадан қажетті шикізатты, жиһаз фурнитураларын аламыз. Сонымен қатар Ресейден де шикізаттар әкелеміз», - деді кәсіпкер.

Жиһаз жасау цехы дүние жүзіне белгілі станоктармен жабдықталған, барлығы жаңа техология, автоматтандырылған. Анығын айтқанда, тапсырыс берушінің талғамымен сызылған жиһаз кескіні станок басындағы компьютерге енгізілсе, әрі қарай түймелерді басу арқылы жұмыс жүре береді.

Станок тілін әбден меңгерген мамандары да жеткілікті. Барлығы жиырма адамды жұмыспен қамтып отыр.

кухня.jpg

Тағы да оқыңыз: