Фото: aikyn.kz
Kyzylorda-news.kz. Бүгін - бельгиялықтар асырап қазақтың баласы Эдди Жанның туған күні. Туған кезде Жәнібек деген есім алған жігіт әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл күн өзімен ауысып кеткен баланың да туған күні болуы мүмкін.
"Достар, 17 қаңтар- менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.. 17 қаңтар құжат бойынша менің туған күнім, иә... туған күнім сияқты! 22 жасқа толдым! 22! Бұл менің сүйікті саным, Құдай маған кереметке, жаңалыққа толы жыл сыйлайды деп сенемін. Менің болашақ жоспарларымның бастысы - замандастарымның биологиялық ата-анасын табуға мүмкіндік берсе екен деймін. Бүгінгі туған күнімде өзіме де, сіздерге де арман-мақсатымыз орындалып, өзіміз қалағандай өмір сүруді тіледім. Қазақстан халқы! Осыншама жылдардан кейін туған анасын іздеп, туған жерін аңсап келген маған жылу сыйлап, мейірім көрсеткендеріңіз үшін рақмет!" - деп жазды ол.