Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданындағы «Ақпан батыр» атына берілген көшеге батырдың ұрпақтары арнайы қоршау салып, тал отырғызып, игі істің басында жүр. 

Бұл бірлік пен таулықтың үлгісіндей жақсы істің басынан табылған жандардың құптарлық бастамасы. Жақсылыққа жиналған жұртшылық алдымен батырдың рухына Құран бағыштап, адал ниетпен тіршілікке бірлесе кірісті.

«Жас ұрпаққа жол сілтейтін, жөн көрсететін біздер. Өткенді ұмытпау, оған құрмет көрсету барша жұрттың міндеті болуы керек. Бүгін міне, жалағаштықтар жиналып, Ақпан батырдың атына берілген көшеге тал отырғыздық, айналасын қоршадық. Барлық іске бір кісідей атсалысып, білек сыбана кірісе кеттік. Ауызбіршілікпен атқарылған істе тындырымды тірлік бар. Жас ұрпақ үлкендерден өнеге алса, олар да өткенін ұмытпай, рухани жан дүниесін байытса дейміз. Батыр рухына қол жайып, Құран бағыштадық. Ендігі жайқалған жасыл желек көп жанға сая болса дейміз» дейді жиналған көпшілік.

Айта кетейік, Ақпан батыр Жұмырұлы XVIII ғасыр басында өмір сүрген. Әз Тәуке ханның тұсында, Қалмақтар мен Жоңғарлар арасындағы соғыстарда аса ерлік көрсеткен Қазақ батыры. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» дегендей ұрпағының мақтанышына айналған Ақпан батырдың атындағы көше жайқалған саялы ағаштардың мекеніне айналмақ.жалл.jpg
 

Тағы да оқыңыз: