Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев Жалағаш кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, Жалағаш кентінің инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылатын істерді баяндады.

Атап айтқанда, биыл Наурыз ықшам ауданындағы С.Ахметов және И.Әбдікәрімов көшелеріне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ақпан айындағы табиғи құбылыс салдарынан зақымданған көше жарығы бағаналары мен кабельдерді қалпына келтіруге аудандық бюджеттен 3 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Кент көшелерін жарықтандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалағаш кентіндегі 12 көшеге жарықтандыру желілерін жүргізу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Сонымен қатар кенттің ішкі көшелерін жөндеу және күтіп ұстау бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 500 млн теңге есебінен Наурыз ықшам ауданындағы С.Ахметов және И.Әбдікәрімов көшелері, сондай-ақ Өмірбай шешен, Б.Сопбеков, Н.Әлмағанбетов, А.Бисенов, Тоғанас батыр көшелерінің соңғы бөліктері мен О.Сарманов көшесіне асфальт төселді.

Бұдан бөлек, Жалағаш кентіндегі 33 көше мен көше бөліктерін жөндеуге, сондай-ақ жолдардағы шұңқырларды қалпына келтіруге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауап берді. Сондай-ақ елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту, жолдар мен көше жарықтарының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрғындардың сұранысына сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

Кент тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жалағаш ауданы әкімі тұрғындармен кездесу 2.jpg

Тағы да оқыңыз: