Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев 29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай аудан кәсіпкерлерін қабылдады.

Қабылдау барысында аудан басшысы кәсіпкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың аудан экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қосып отырған үлестеріне тоқталды.

Құттықтау сөзінде аудан әкімі кәсіпкерлік саласының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің бастамалары мен еңбегінің жергілікті экономиканы нығайтуға ықпал ететінін жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Кездесу соңында ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Жалағаш кәсіпкерлерді марапаттау.jpg

Тағы да оқыңыз: