Kyzylorda-news.kz. БҰҰ Бас ассамблеясының бастамасымен 1985 жылдан бастап 5 желтоқсан - бүкіл әлемде мейірімділік пен адалдықтың символы болып табылатын волонтерлар күні. Бүгінде елімізде волонтерлық қызметі жыл санап дамып келеді. Қоғамда белсенді азаматтар бастамашыл топтарға жиналып немесе үкіметтік емес ұйымдарға қосыла отырып балалар үйлеріне, арнайы медициналық мекемелер мен балаларға немесе мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектеседі.

Волонтерлар қазіргі қоғамда өздерінің белсенділіктері арқылы адам өмірінің қауіпсіздігін сақтаумен қатар елдің өркендеп-өсуіне өздерінің орасан зор үлесін қосып, белсенді адамдардың бастамашыл орталарын қалыптастырып келеді. 

Жалағаш ауданында волонтерлық қызмет қазіргі таңда бір жолға қойылған. Кент орталығымен қатар ауылдық округтерде көшбасшы жастар бас көтеріп, туған жердің әлеуетін көтеруге атсалысуда.

Жалағаш ауданындағы барлық волонтерлардың жүйелі жұмыс істеуіне ықпал етіп отырған «Jalyndy jas» еріктілер мектебін ерекше атап өтуге болады. 

Бүгінгі күнге дейін Жалағаш ауданында волонтерлардың бастамасымен 3 Coworking орталығы, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшіктері, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және 1 отбасыға баспана табысталды. 2022 жылы волонтерлер 6 млн 135 мың теңге қаржыны құрайтын 16 жоба жеңіп алды.

318107680_3438263079774942_6222102050133355724_n.jpg

 

317755020_3438263189774931_1781151268258447280_n.jpg

 

Тағы да оқыңыз: