Kyzylorda-news.kz. Тамыры терең, тарихы кенен Жалағаш ауданы қашанда қайнаған қызу жұмыстың, тынымсыз тірліктің, қарқынды құрылыстың ордасы саналады. Аудандағы әрбір жаңалық пен жаңаруға халық куә. Жалпы, аудандағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында көптеген жобалар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда жоспарланған ауқымды шаралар жүзеге асырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

Атқарылған жұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған жұмыстар екені даусыз, бұл бағыттағы жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасқан.
Жалағаш ауданы барлық бағыттар бойынша өсу динамикасын жалғастырып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына қол жеткізді. Көрсеткіштердің орындалуына тоқталатын болсақ, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 99,8 пайызға өсіп, 18 млрд. 110 млн. теңгені құрады. Бұл мұнай компанияларының шикі мұнай мен табиғи газды, күн сәулесінен электр энергия, күріш, тыңайтқыш өндіру және әскери киімдер тігу есебінен орындалды. Тарқатып айтсақ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «Көлжан» ЖШС - шикі мұнай мен табиғи газ, «Номад Солар» ЖШС - күн сәулесінен электр энергия, «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС, «Таң ЛТД» ЖШС, «Мақпалкөл» ЖШС, «Аққұм Жер» ЖШС күріш өндіру, «Өркен Әлем» ЖШС әскери каска, әскери киімдер тігу, «Талапкер» ЖШС киім тігу, «АрманКом» ЖШС пескоблок өндіру, «Агрохимсервис-С» ЖШС тыңайтқыш өндірген.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 30,6 пайызға артып, 5 млрд. 225 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 7 млрд. 668 млн. теңгені құрап, 91,2 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3 млрд. 493 млн. теңгені құрап, 101,7 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш мал шаруашылығы, оның ішінде ет өндіру, сүт өндіру және жұмыртқа өндірудің есебінен орындалып отыр. Ауданда құрылыс та қарқын алуда. Алты айда 13 509 шаршы метр болатын 42 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады. Бөлшек сауда айналымының көлемі 1 млрд. 198 млн. теңгені кұрап, 115,7 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш мал шаруашылығы, оның ішінде ет өндіру, сүт өндіру және жұмыртқа өндірудің есебінен орындалып отыр. Тарқатып айтсақ, «Арзан аптека» ЖШС, «Шипа әлемі» ЖШС, «Аңсар» ЖШС, «Аптечка» ЖШС, «НУРЛЫБЕК И КОМПАНИЯ» ЖШС дәріханалары, «ТС» жанар-жағар май құю бекеті, «Қызылорда газ» ЖШС, «Газ энерджи» ЖШС, «Арал газ» ЖШС газ құю бекеттері бар.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 350 млн. теңгеге орындалып, 134,6 пайызды құрады. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының» 2-кезеңінің құрылыс жұмыстары жүргізілу және «Қызылорда жолдары» ЖШС, «Наз» ЖШС, «Универсал» ЖШС, «Гүлнур МК» ЖШС арқылы тапсырған құрылыс жұмыстарының есептілігі есебінен артып отыр. Ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы тұрақты бақылауда.

Аудан экономикасында өсім қалыптасқан

Қаржы-салық саясатына келсек, 2023 жылғы аудан бюджеті 9,2 млрд. теңге болып бекітілген. Бүгінгі күні нақтыланған аудан бюджеті жыл басында бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 10,3 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде жергілікті кірістер 2 млрд. теңге, субвенция көлемі 3,8 млрд. теңге, жоғары тұрған бюджеттен берілген трансферттер 4,1 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер 139,7 млн. теңгені құрайды. Бұл ретте ауданның жалпы түсімдері 5,6 млрд. теңгені құрап, жоспар 104,1 пайызға орындалды (371,2 млн. теңге артық түскен). Оның ішінде, өз кірістеріміз 1 млрд. теңгені құрап, жоспар 155,1 пайызға орындалды (358,8 мың. теңге артық орындалды). Шығыстар жоспары 5,2 млрд. теңгеге орындалып, 100 пайызды құрады (492,2 млн. теңге үнемделген).

Жарқын жобалар ел игілігіне жұмыс жасайды

Өткен жылы ауданның барлық елді мекендерін аралап, тұрғындармен жүздесіп, халықтың талап-тілегін тыңдаған Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов ауданды одан әрі дамыту мақсатында «Жалағаш ауданын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған перспективалық іс-шара жоспары» әзірленіп, бекітуге басымдық берген болған. Іс-шара жоспарында білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мәдениет және спорт салаларын дамыту, жолдармен және ішкі көшелерді жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, жарықтандыру мен абаттандыруға бағытталған жалпы құны 11,4 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба енгізілген (2023 жылға - 32 жоба, 2024 жылға - 50 жоба, 2025 жылға - 55 жоба).Олардың қтарында білім саласы бойынша 12 жоба бар. Жобаның жалпы құны 786,9 млн. теңге (ҚМЖ-7 жоба, ЖСҚ-5 жоба). Мәдениет саласы бойынша 19 жоба бар. Жобаның жалпы құны 733,5  млн. теңге (ҚМЖ-2 жоба, ЖСҚ-5 жоба, күрделі шығыс-12 жоба); Спорт саласы 6 жоба (ҚМЖ-1 жоба, ЖСҚ-5 жоба), денсаулық сақтау саласы бойынша 9 жоба бар. Жоба құны 2 млрд. 511,4 млн. теңгені құрайды (ҚМЖ-3 жоба, ЖСҚ-4 жоба, күрделі шығыс-2 жоба). Мұнан бөлек Жасыл белдеу бойынша 5 жоба бар. Жобаның жалпы құны 555,2 млн теңгені құрайды (ҚМЖ-1 жоба, ЖСҚ-4 жоба). Сондай-ақ тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша 1 жоба бар. Жобаның жалпы құны 3 млн. теңге (ҚМЖ-1 жоба). Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша 10 жоба бар. Жоба құны 88,1 млн. теңгені құрайды (ҚМЖ-2 жоба, ЖСҚ-8 жоба). Газбен қамту бойынша 9 жоба бар. Жоба құны 1 млрд. 901,7 млн. теңгені құрайды (ҚМЖ-4 жоба, ЖСҚ-5  жоба). Электрмен қамту бойынша 9 жоба, Жобаның жалпы құны – 461,2  млн. теңге (ҚМЖ-6 жоба, ЖСҚ-3 жоба), сондай-ақ жолдарды және ішкі көшелерді жөндеу бойынша 34 жоба бар. Жоба құны 3 млрд. 176,4 млн. теңгені құрайды (ҚМЖ-14 жоба, ЖСҚ-20 жоба). Көпірлер құрылысы бойынша 4 жоба (ҚМЖ - 1 жоба, ЖСҚ - 3 жоба), абаттандыру шеңберінде 2 жоба бар. Жобаның жалпы құны 198,3 млн. теңгені құрайды (ҚМЖ - 2 жоба), қорғаныс бекеттері бойынша 8 жоба (ЖСҚ - 2 жоба, күрделі шығыс - 6 жоба) бар. Бұдан бөлек 9 жоба бар. Жоба құны 748,3 млн. теңгені құрайды (ҚМЖ - 4 жоба, күрделі шығыс - 5 жоба).

Перспективалық іс-шара жоспары аясында ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 34 жобаны іске асыруға 5,1 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,8 млрд. теңге, аудандық бюджеттен 137,2 млн. теңге қаралған. Тарқатып айтсақ, жолдарды және ішкі көшелерді жөндеу бойынша 8 жобаға 2,2 млрд. теңге қаралған. Ақсу елді мекеніне кіреберіс жолын орташа жөндеуге 73,3 млн. теңге, Жаңаталап-Аққыр бағытындағы жолын күрделі жөндеуге 655,3 млн. теңге, Есет батыр-Жаңадария бағытындағы жолын орташа жөндеуге 196,1 млн. теңге, Жалағаш кентіндегі М.Шәменов, Т.Қыстаубаев көшелерін күрделі жөндеуге 285,3 млн. теңге, Жалағаш кентіндегі 10 көшені күрделі жөндеу 749,7 млн. теңге, Аққұм ауылындағы Аққұм көшесін күрделі жөндеу 55,5 млн. теңге, М.Шәменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеу 54,2 млн. теңге, Бұқарбай батыр ауылындағы 3 көшені орташа жөндеуге 163,9 млн. теңге қаралған.

Елді мекендерді аяқ сумен қамту бойынша 2 жобаға 82,6 млн. теңге бөлінген. Тарқатып айтсақ, Жаңаталап елді мекеніне 3 техникалық су ұңғымасын бұрғылауға – 49,6 млн теңге, Қаракеткен елді мекеніне 2 техникалық су ұңғымасын бұрғылау – 33 млн теңге бөлінген. Көпір құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша 2 жобаға 406,9 млн. теңге қаралған. Теміржол арқылы өтетін аспалы көпір құрылысына 184,8 млн. теңге, Сырдария өзені арқылы өтетін көпірді орташа жөндеуге 222 млн. теңге бөлінген.Елді мекендерге газ желісін тарту және әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыру бойынша ауданда 4 жобаға 65,5 млн. теңге қаралған. Ақсу елді мекенін газдандыруға 20 млн. теңге, М.Шәменов елді мекенін газдандыруға 20,0 млн. теңге, «Наркескен» спорт клубы ғимаратын газға қосуға 14,4 млн. теңге, аудандық кітапхана ғимаратын газға қосуға 11,1 млн. теңге қаралған.

Елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыру бойынша 7 жобаға 965,1 млн. теңге қаралыпты. Олардың қатарында «Ақтерек» учаскесін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы 52,3 млн. теңге, «Ақтерек» учаскесін газбен жабдықтау жүйесінің құрылысы 603,1 млн. теңге, «Ақтерек» учаскесіне су тарату кешенінің құрылысы 21,4 млн. теңге, Аққұм елді мекенінің су тарату жүйесін кеңейту 10,3 млн. теңге, Мәдениет елді мекенінің су тарату жүйесін кеңейту 7,8 млн. теңге, Ақсу елді мекенінің электр желілерін қайта жаңғырту 184,7 млн. теңге, Қаракеткен елді мекенінің электр желілерін қайта жаңғырту 85,6 млн. теңге, денсаулық сақтау саласы бойынша 2 жобаға 752,8 млн. теңге қаралған.Мырзабай ахун ауылынан дәрігерлік амбулаторя құрылысына 385,9 млн. теңге, Аламесек ауылынан дәрігерлік амбулаторя құрылысына 366,9 млн. теңге бөлінген болатын. Бүгінде мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бұл екі нысан да аудан әкімінің халықпен кездесуінде тұрғындар талап-тіегіне арқау болған. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 8 жобаға 131,8 млн. теңге қаржы қаралғане. Оның ішінде Жалағаш кентіндегі ПМК-09 көшесіне тас төсеу 4,0 млн. теңге, Жалағаш кентінің ішкі көшелеріне 2 бағдаршам орнату 20 млн. теңге, Мақпалкөл ауылдық округіндегі Т.Жүргенов көшесіне тас төсеу - 15,4 млн. теңге, Мақпалкөл ауылдық округіндегі Т.Жүргенов атындағы саябақты абаттандыру 67,0 млн. теңге, Мақпалкөл ауылдық округіндегі спорт алаңын ағымдағы жөндеу 5,4 млн. теңге, Жаңадария елді мекеніне балалар ойын алаңын орнату 10 млн. теңге, Далдабай елді мекеніндегі балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу 5 млн. теңге, Жаңақоныс елді мекеніндегі балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу 5 млн. теңгенің жұмыстары бар. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Жалағаш кентінің кіреберісі, орталық алаң және ішкі көшелеріне абаттандыру, елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигонды қоршау, аяқ су келтіру, насос сатып алу жұмыстары жүргізілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 50 тұрғын үй сатып алуға 480 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендердегі учаскелік полиция инспекторларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы аудандық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде (10 елді мекеннен тұрғын үй табысталады). Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар жыл аяғына дейін толық аяқталатын болады. Сапасы аудан әкімінің тікелей өз бақылауында.

13,1 млрд теңгенің 35 жобасы дайындалған

Бүгінгі таңда Жалағаш аудан бойынша жалпы құны 13,1 млрд. теңгені құрайтын 35 нысанның жоба-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылған. Олардың қатарында ИКИбойынша 4 жоба, жалпы құны 3 435,4 млн. теңге, жолдар құрылысы бойынша 11 жоба, жалпы құны 2 796,2 млн. теңге, білім саласы бойынша 3 жоба, жалпы құны 1 971 млн. теңге, газбен қамту бойынша 5 жоба, жалпы құны 1 263,2 млн. теңге, жарықтандыру бойынша 2 жоба, жалпы құны 264,3 млн. теңге, қорғаныс саласында 2 жоба, жалпы құны 338,2 млн. теңге, абаттандыру бойынша 1 жоба, жалпы құны 548,5 млн. теңге, кәріз жүйесі бойынша 1 жоба, жалпы құны 1 290 млн. теңге, тұрғын үй құрылысы бойынша 1 жоба, жалпы құны 410,1 млн. теңге, көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу 2 жоба, жалпы құны 5,8 млн. теңге, мәдениет саласы бойынша 2 жоба, жалпы құны 680,1 млн. теңге, әкімшілік ғимарат салу бойынша 1 жоба, жалпы құны 174,3 млн. теңге бар. Бұдан бөлек, алдағы жылдары іске асыру жоспарланған 25 нысанның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 113,6 млн. теңге бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде (ОБ - 29,1 млн. тг, АБ - 84,5 млн. тг) олардың қатарында жолдар, ішкі көшелерді жөндеу бойынша 12 жоба, 42,2 млн. теңге, газбен қамту бойынша 3 жоба, 13,6 млн. теңге, көпір құрылысы бойынша 1 жоба, 8,8 млн. теңге, ауыз су жүйесі бойынша 1 жоба, 4,7 млн. теңге, ИКИ (электрмен жабдықтау) 1жоба, 18,1 млн. теңге, мәдениет саласы бойынша 4 жоба, 18,5 млн. теңге, денсаулық сақтау саласы бойынша 1 жоба, 3,8 млн. теңге, спорт саласында 1 жоба, 3 млн. теңге, табиғи ресурстар бойынша 1 жоба, 0,9 млн. теңге бар.

Шағын және орта кәсіпкерлік шираған

2023 жылдың 6 айында Жалағаш ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3302 бірлікті құрап, 7,1 пайызға, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 223 бірлікке немесе 7,7 пайызға артқан. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында іске асырылуда. Бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі – ұлттық жоба шеңберіндегі қаржылық қолдау. Жыл басынан бері аудан бойынша 1 млрд 494,2 млн. теңгені құрайтын 76 жоба қаржыландырылып, 110 адам жұмыспен қамтылған. Мал шаруашылығы бойынша 52 жоба 399,2 млн. теңгеге, егін шаруашылығы саласында 8 жоба 748,0 млн. теңгеге, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша 7 жоба 139,0 млн. теңгеге, қызмет көрсету бағыты 9 жоба 208 млн. теңгеге қаржыландырылған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған «БИС-Групп» ЖШС-ның қызыл мия тамырын өңдеу зауыты қайта іске қосылып, 31 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейту мақсатында зауытқа кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша 30 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Атап өту қажет, ағымдағы жылы Жалағаш кентінен жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын 120 орындық типтік жобадағы «Жеті-қазына» жеке балабақшасы пайдалануға беріліп, 18 жаңа жұмыс орны ашылды (2022 жылы «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 94 млн теңгеге қаржыландырылды). Сонымен қатар, «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағынан «Сыздық» шаруа қожалығының құны 100 млн. теңгені құрайтын күріш ақтау және жем өндіру зауыты іске қосылып, 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт тәулігіне 60 тонна күріш ақтайды. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында биылғы жылы 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылатын болады. Бірінші, «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 3000 литр сүтті өңдеп, өнім шығаратын болады (асыл тұқымды сиырлар Чехия мемлекетінен әкелінеді). Қазіргі уақытта сүт фермасының негізгі ғимараттарының құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық іске қосылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Екінші, «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Қазіргі таңда негізгі өрдіріс ғимаратының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт жұмысын қараша айында бастайтын болады. 
Бұдан бөлек мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, ауданда «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілуде. Жоба аясында қаржыландыру үшін құны 1 млрд. 50 млн. теңгені құрайтын 149 жобаның құжаттары дайын. Бүгінгі күнге дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін біріктіру арқылы 12 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылған (57 мүшесі бар).

19 800 гектар алқапқа Сыр салысы себілген

Жалағаш ауданы бойынша барлығы 331 шаруашылықтың 195-і (58,9%) егінмен және 136-сы мал шаруашылғымен (41,2%) айналысады. Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 37 079 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, күтімге алынған. Негізі дақыл күріш 19800 гектарға, бидай 750 гектарға, қант құмайы 70 гектарға, арпа 70 гектарға, соя 64 гектарға, мақсары 520 гектарға, сүрлемдік жүгері 700 гектарға, сұлы 5 гектарға, жаңа жоңышқа 4850 гектарға, ескі жоңышқа 7 200 гектарға, картоп 646 гектарға, көкөніс 1 108 гектарға, бақша өнімдері 1296 гектарға егілген.
Су тапшылығы жағдайында аудан шаруашылықтары насос қондырғыларын пайдалану арқылы егінді сумен қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда аудан шаруашылықтары 40 дана су тартқыш насос қондырғыларын егінді суаруға пайдалануда (оның ішінде 12 дана «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінен, 28 дана шаруашылықтар өз қаржысына алған). 2023 жылы ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту мақсатында 168 млн. теңгеге 11 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Жалағашта 500 гектар бақшалық жер ашылып, 
тұрғындарға табысталған

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті жерлерде картоп, бақша дақылдарын орналастыруға шаруашылықтардың демеушілігімен жаңадан 500 гектар жер дайындалып, 217 гектарына картоп, 63 гектарына көкөніс, 220 гектарына бақша дақылдары егіліп, күтімге алынды. Бұл жерлер 921 отбасыға үлестіріп берілді. Бұдан бөлек, «Ер-Әлі» шаруа қожалығы егінді әртараптандыру бағытында 7,5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен картоп, 2,5 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырды.Жалпы Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 284 752 гектар, елді мекен жерлері 42 760 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері 15 854 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 4 гектар, орман қоры жерлері 769 482 гектар, су қоры 14 902 гектар, босалқы жерлер 1 745 884 гектарды құрайды. Жер пайдаланушылардың саны 500 (456 - шаруа қожалығы, 25 - ЖШС, 14-і басқа кәсіпорындар, 3 өндірістік кооперативі, 2 мемлекеттік заңды тұлғалар).Ауданда ауыл шаруашылығы жерлері бойынша биылғы жылы көлемі 5148 гектар жер учаскелері конкурс арқылы айналымға енгізілді (жоспар 5 мың га). Сонымен қатар, елді мекендердегі жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне 19,3 млн. теңге қаржы түсірілді. Пайдаланбаған жайылымдық жерлерге талдау жұмыстары жүргізіліп, мақсатты пайдаланылуы қатаң бақылауға алынған. Ағымдағы жылдың басынан жерді мақсатына сай пайдаланылмаған не заңнаманы бұза отырып пайдаланылған барлығы 14 426 гектар жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды (2022 жылы 9075 гектар жер учаскелері мемлекетке қайтарылған болатын). Оның 1 230 гектары елді мекен тұрғындарының малдары жайылу үшін қалдырылды. Шартты мал бастарын есепке алғанда аудан бойынша 11 елді мекенде 228 900 гектар жайылым жерлер жетіспейді (Ақсу - 20 100 га, Бұқарбай батыр - 13 100 га, Таң - 4 800 га, Мақпалкөл - 12 000 га, Жаңаталап – 1 500 га, М.Шәменов – 5 400 га, Аққұм – 26 800 га, Мәдениет - 9 900 га, Мырзабай ахун - 3 900 га, Аламесек - 1 600 га, Жалағаш кенті - 129 800 га). Жыл аяғына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 34 мың гектар жер учаскесін қайтару жоспарда бар екен. Яғни, жерді бақылау жұмыстары одан әрі күшейетін болады.

Төрт түлік санында өсім бар

Егін шаруашылығымен бірге аудана мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. Аудан көлемінде барлығы 40 918 бас мүйізді ірі қара, 45 759 бас  уақ мал, 24 953 бас жылқы, 801 бас түйе, 11 348 бас құс өсірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда мүйізді іріқара  5,9 пайызға,  жылқы 9,2 пайызға, түйе 9,3 пайызға, құс 0,9 пайызға көбейген. Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара, 3 шаруашылық асыл тұқымды қой өсірумен айналысуда. «Бақдаулет-57» ШҚ 2013 жылы Батыс Қазақстан облысынан 68 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас қашарын, 2015 жылы Ақтөбе облысынан 1000 бас асыл тұқымды қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойын сатып алды. «Боранбай» ШҚ 2021 жылы Арал ауданы, «Ықылас» шаруашылығынан 38 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры мен 1 бас бұқаны сатып алды. «Адал» ЖК 2011 жылы РФ Алтай өлкесі, Онкудай өңірінен 50 бас қазақтың ақбас сиырының қашарлары мен 2 бас бұқасын сатып алды. 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-дан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын алды. «Еркебұлан» ЖК 2018 жылы РФ Бурятия республикасынан 100 бас асыл тұқымды қалмақ сиырының қашарларын сатып алды. «Туған жер» ШҚ 2008 жылы Ақтөбе облысынан қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойының 420 бас ұрғашы тұсағын,12 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. «Атамекен» ШҚ 2021 жылы 1200 бас тауарлы, 400 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойын 60 бас қошқарын сатып алды.

Аяқ су мәселесінің алдын алуда

Кент, ауылдық округтерді тұрақты аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша ауданнан арнайы жұмысшы тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, елді мекендер бойынша қайта қазуды және қайта тазартуды, су тартатын насостар қажетті аймақтар нақтыланды. 2020-2022 жылдары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Жалағаш кенті және 5 елді мекенге 11, биылғы жылы Мәдениет ауылына 2 су тартқыш насостар алынды. 2020 жылы 1 насос, 2021 жылы 4 насос, 2022 жылы 6 насос, 2023 жылы 2 насос алынған.Ағымдағы жылы Жаңадария елді мекеніндегі «Іңкәр» каналын, М.Шәменов елді мекеніндегі «Жолдас арық» каналына тазарту жұмыстары жүргізілсе, жыл аяғына дейін Қаракеткен елді мекеніндегі «Бекбай» каналына және Аламесек елді мекеніндегі «Ақарық» каналына тазарту жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, Аққыр елді мекенін аяқ сумен қамту үшін 12,3 шақырым канал қазу және насос орнату жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 12,4 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Су көздерінен алыс жатқан Жаңаталап және Қаракеткен елді мекендерін аяқ сумен қамту үшін техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына облыстық бюджеттен 82,6 млн. теңге бөлініп, 5 техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жалағаш кентін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджет есебінен 4 млн. теңгеге Дәуімбай елді мекенінен 3 жерге және демеушілер есебінен 5 жерге су тарту насосы орнатылды.

Жол сапасы жақсарған

Жалағаш ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 240,9 шақырымды құрайды. Оның 50 шақырымы республикалық, 60,6 шақырымы облыстық, 130,3 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 115 шақырымы немесе 93,1 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 8,5 шақырымы  немесе 6,9 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сонымен қатар, аудан бойынша ұзындығы 239,9 шақырымды құрайтын 228 көше бар. Жалағаш кентінде 75 көше ұзындығы 84 шақырым, ауылдық елді мекендерде 154 көше, ұзындығы 155,9 шақырым.Биылғы жылы облыстық бюджеттен 2 млрд. 258 млн. теңге қаржы бөлініп, жол жөндеу бағытында 10 жоба іске асырылуда. Оның 925 млн. теңгесіне Есет батыр-Жаңадария бағыты мен Жаңаталап-Аққыр бағыттарындағы және Ақсу ауылына кіреберіс аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 1 млрд. 333 млн. теңгеге Жалағаш кенті және  5 елді мекеннің 19 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде (М.Шаменов ауылы 1 көше, Бұқарбай батыр ауылы 3 көше, Аққұм ауылы 1 көше, Мақпалкөл ауылы 1 көше (тас төсеу), Жалағаш кенті 13 көше (о.і 1 көше тас төсеу). Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген жағдайда ішкі көшелердің 148,5 шақырымы (2022 жылы - 133,8 шқ) немесе 62% (2022 жылы - 55,7 %) жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетеді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3%-ға өсетін болады.

Атап өту керек, аудан халқының көкейінде жүрген мәселенің бірі ол кентті екіге бөліп жатқан теміржолдан жаяу жүргіншілердің өтуі болатын. Осы ретте, аймақ басшысының қолдауымен құны 328,7 млн. теңгені құрайтын теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы басталып, бүгінгі күні белгіленген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде (мердігер «Гүлнұр МК» ЖШС). Аспалы көпір ағымдағы жылдың қараша айында толық пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, Сырдария өзені арқылы өтетін «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының 78,2 шақырымындағы көпірін орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бұл жоба 2022 жылдан өтпелі. Жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 222 млн. теңге қаржы бөлінді (РБ-111,0 млн. теңге, ОБ-111,0 млн. теңге). Одан бөлек, жол жөндеу бағытында құны 2 млрд. 649,5 млн. теңге құрайтын 11 жобаны қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылған.

Жалағаштықтар көгілдір отынның игілігін көріп отыр

Жалағаш кентінде орталықтандырылған газ желісі 2021 жылдың  шілде айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі 2 558 тұрғын үй (80,8 пайызы) және 10 әлеуметтік, 145 кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған газ желісіне қосылған (Жалағаш кентіндегі тұрғын үй саны - 3164). Бұл аудан халқының 39,5 пайызын құрайды. Сонымен қатар, биылғы жылы Ақсу және М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 40,0 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда техникалық қадағалаушыны анықтауға мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде (Ақсу ауылын газдандырудың жоба құны - 545,2 млн. теңге, М.Шәменов ауылын газдандырудың жоба құны - 684,1 млн. теңге). Екі нысан 2024 жылға өтпелі. (бас мердігер - «AЭS and Limited» ЖШС). Бұдан бөлек, Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесіндегі жаңа тұрғын ауданын газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджет есебінен 603 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда газ құбырларының желісі тартылуда (мердігер «Ремстрой» ЖШС). Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 55 пайызға орындалып тұр.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыруға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен 25,5 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға «Наркескен» спорт клубы (14,4 млн. теңге) мен аудандық кітапхана (11,1 млн. теңге) ғимараттарының жылу қазандықтары газға ауыстырылатын болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме («Компания ГазСтрой» ЖШС) анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Одан бөлек, 3 әкімшілік ғимараттың жылу жүйелерін газ отынына ауыстыру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеп, 41,2 млн. теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Биылғы жылы облыстық бюджеттен 7,2 млн. теңге және аудандық бюджеттен 6,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 2 мектеп (№123 және №246 мектеп) және 1 әкімшілік ғимараттының жылу жүйелерін табиғи газ отынына ауыстыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде.

Электр желілері жаңаруда

Жалағаш ауданы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы – 457,5 шақырым (ВЛ-0,4 кВ – 259,7 шқ, ВЛ-10 кВ – 197,8 шқ), электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі 45,2 пайызды құрайды. Өткен жылы демеушілердің қолдауымен аудан бойынша 5 елді мекенінің (Ақсу, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мырзабай ахун, Есет бары) электр желілері қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылған болатын. Оның биылғы жылы Ақсу (184,7 млн. теңге), Қаракеткен (85,6 млн. теңге) елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 270,3 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда аудан бойынша электр желілерінің тозу деңгейі 45,2 пайыздан 32,9 пайызға дейін төмендеуі күтілуде. Сондай-ақ, Мырзабай ахун (жоба құны-141,2 млн. теңге), Т.Жүргенов (жоба құны-435,1 млн. теңге), Есет батыр (жоба құны - 338,7 млн. теңге) елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 915,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінімдер ұсынылған. Сонымен қатар, «Ақтерек» учаскесінен подстанция құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 18,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (жобалаушы «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС).

Жалағаштықтар сапалы ауыз су тұтынады

Халықты таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – басты назарда тұрған міндеттердің бірі. Қазіргі таңда аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің ауыз су жүйесін кеңейту және «Ақтерек» учаскесінің су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысы мен сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Есет батыр елді мекенінің ауыз су жүйесінің кеңейту жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 4,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтуде.

Жаңа жұмыс орындары ашылған

Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін өсірмеу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрайды. 2023 жылдың 6 айында 1 231 жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар - 1928). Оның ішінде 209-ы тұрақты, 1022-сі уақытша жұмыс орындары.  
Есепті кезеңге 2 114 адам халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, оның 1574-і немесе 74,5 пайызы «Ұлттық жоба» бағдарламасына қатысушылар құрамына енгізілді. Сонымен қатар, «Ұлттық жоба» аясында 15 жобаға 46 жұмыс орындары жарияланып, 24 адам жұмыспен қамтылды.

Салада серпін бар

Ауданның білім беру саласында барлығы 60 (колледж-1, мектеп-20, кешкі мектеп-1, мектеп дейінгі білім ұйымдары-36, қосымша білім беру ұйымдары-2) білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Балалардың жазғы демалысы талапқа сай ұйымдастырылған. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 7044 оқушыны құраса, 2023-2024 оқу жылын 20 мектеп 7150 оқушымен бастағалы отыр. 2023 жылы аудандағы №123 мектеп-лицейге қосымша 200 орындық ғимарат салуға (730,2 млн. теңге) және №31 (805,1 млн. теңге),  №33 (435,8 млн. теңге) мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық білім басқармасына 1 млрд. 971 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 гектар жер телімі белгіленді. Биылғы жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы мектеп құрылысы басталатын болады.
2023 жылдың І жартыжылдығында ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 363 іс-шара өткізілген. Мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық  байқаулардан 51 жүлделі орынды иеленді. 

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы «Халық» театры Ерсайын Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын Нартай Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық театрында сахналады. Мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында Мырзабай ахун (100 орындық клуб - 346,4 млн. теңге) және Аққыр (100 орындық клуб - 325,5 млн. теңге) елді мекендерінен клуб ғимараттарының құрылысын жүргізу үшін әзірленген жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, қаржыландыруға ұсынылды.  Сонымен қатар, Жаңаталап ауылынан 100 орындық клуб және Қаракеткен ауылынан 150 орындық клуб ғимараттарын салуға, Т.Жүргенов және Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйі ғимараттарын күрделі жөндеу үшін аудандық бюджеттен 18,5 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Спорт саласындағы негізгі басымдық бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған 4 облыстық, 56 аудандық спорттық іс-шаралар өткізілді. Бүгінгі күні дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 13 500 адамды немесе аудан халқының жалпы санының 38 пайызын құрайды.  

Аудан спортшылары ҚР, Азия және әлемдік чемпионаттар мен облыстық жарыстарда әр түрлі деңгейдегі 262 медальді жеңіп алды. Тарқатып айтсақ, Азия чемпионатында 1 алтын,Әлем чемпионатында 1 қола, ҚР чемпионаттарында 14 алтын, 11 күміс, 27 қола, облыстық жарыстарда  70 алтын, 58 күміс, 80 қола медальдарбар. І жартыжылдықта І-разрядты спортшылар саны 9, спорт шеберлері 8, спорт шеберіне үміткерлер 27-ге жетті.2023 жылдың 6 айында аудан бойынша 349 (2022 жылы 6 ай-370) бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 10,6 промильді (2022 жылы 6 ай-11,1) құраса, сәби өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (2022 жылы 6 ай-3), 2,8 промильді (2022 жылы 6 ай-8,1) құрады. Ана өлімі тіркелмеген. Аурулардың негізгі себептерінен болатын өлім-жітімнің өсу қарқынын төмендету бойынша жұмыс алдағы жылы да жалғасатын болады. 

Сонымен қатар, бірінші кезекте халықтың медициналық көмектің нақты түрлеріне сұранысын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру қолға алынған. Биылғы жылы республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун (385,9 млн. теңге) және Есет батыр    (366,9 млн. теңге) елді мекендерінен дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Мырзабай ахун ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының мердігері «Бақ-Береке 2030» ЖШС (келісімшарт құны – 390,2 млн. теңге) болып анықталып, қазіргі таңда іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Есет батыр ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысының мердігері «Асар» ЖШС (келісімшарт құны – 371,1 млн. теңге) болып анықтаған. Қазіргі таңда жерін тегістеу жұмыстары жүргізілуде.Жалағашта демеушілер есебінен 502,2 млн теңгенің 14 жЕл ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға белсене араласып, көмек обасы жүзеге асудақолын созуға дайын тұрған демеушілер аз емес. Биылғы жылы демеушілер есебінен Жалағаш ауданында жалпы құны 502,2 млн. теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылуда. Атап айтар болсақ, «Таң LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен 59 млн. теңгеге Таң елді мекенінің ішкі көшелері жарықтандырылып, 200 млн. теңгеге спорт кешені және 80 млн. теңгеге тағзым алаңының құрылысы жүргізілуде. 

Еңбек ауылдық округіндегі «Еңбек Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен жалпы құны 30 млн. теңгені құрайтын спорттық ойын және шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Бұқарбай батыр ауылдық округінде де биылғы жылы «Мелиоратор» серіктестігінің демеушілігімен жалпы құны 25 млн. теңгені құрайтын балалар ойын алаңы мен спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Осы ауылдағы «Жаңару» фермерлік қожалығының есебінен 2 млн. теңгеге 1 көшесіне (К.Яков) тас төселді.Аққыр елді мекенінде «Аманқұрылыс» серіктестігінің демеушілігімен балалар ойын алаңының құрылысы (4,5 млн. теңге) жүргізілді. Сондай-ақ, Жалағаш кентіндегі Абай, Сәрке батыр тұйығы (2,0 млн. теңге), Өмірбай шешен көшелеріне (2,5 млн. теңге) «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта  Дәуімбай учаскесіндегі Қ.Сәтпаев көшесіне де тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.Сонымен қатар, «КЕЛМОСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен (4,0 млн. теңге) Жалағаш кентіндегі 10 көшенің жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеу және де Желтоқсан көшесіндегі №3 мекен-жайдағы әкімшілік ғимараттың шатырын 9,7 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен іске асырылатын болады. Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі теміржол асты өткелінен бастап №202 орта мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолының құрылысына «Димаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігі есебінен (2,0 млн. теңге) ағымдағы жылдың тамыз айында ЖСҚ әзірлеу басталатын болады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер Досымов Қайраттың демеушілігімен Дәуімбай елді мекенінде 120 орындық жаңа мешіт құрылысы (80,0 млн. теңге) бой түзеуде. 

ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен түркі әлемінде 2023 жыл Жүргенов жылы болып жарияланды. Осы мақсатта республиканың барлық аймақтарында мемлекет қайраткерінің мерейтойы аталып өтуде. Аудан аумағында жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында жыл басынан бастап тұлға есімін насихаттауға бағытталған түрлі шаралар өткізілуде.Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында бабамыздың туған жері Т.Жүргенов ауылында «Этноауыл» көрінісі ұйымдастырылып, республикалық жазба ақындар мүшәйрасы, түйе палуандар сайысы және бабамыздың атындағы бюсті қойылған құны 67 млн. теңгені құрайтын жаңа саябақтың ашылуы рәсімі өткізілетін болады. Сондай-ақ, аудандық «Алтын дән-2023» қорытынды шарасы Т.Жүргеновтің 125 жылдығы аясында өткізіледі. Бұл бағытта да атқаратын нақты жоспарлар жоқ емес.Жалпы, Жалағаш ауданында атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Алда күтіп тұрған іс те, жұмыс та жетерлік. Уақыт ағымынан, заман көшінен кейіндеп қалмас үшін осы міндеттерді тиянақты жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Тағы да оқыңыз: